ойын сауық отауы
40 - қадам: өзіңіздің кемшіліктеріңізді зерттеңіз және оны түзетіңіз
02.10.2021 468 0 Admin

40 - қадам: өзіңіздің кемшіліктеріңізді зерттеңіз және оны түзетіңіз

Пайдалы кеңестер
Жетістіктің жүз қадамы
40 - қадам: өзіңіздің кемшіліктеріңізді зерттеңіз және оны түзетіңіз
Адам баласында кемшілік болу – табиғи үрдіс. Бірақ біз бойымыздағы кемшіліктерімізден қолдан келгенше айыға аламыз. Өзіңіздің бойыңызда кемшіліктеріңізді түзетуден шаршамаңыз. Бойдағы кемшіліктеріңізді байқаудың бір жолы – сырт көзге мән беру.
Өзіңіз жақсы қарым - қатынастағы 10 адамнан өзіңіздің кемшіліктеріңізді сұраңыз. Бірақ сұрар алдында оған шындықты айтуды ескертіңіз. Әйтпесе кейбір достарыңыз сізге «ой, сенде кемшілік мүлдем жоқ» немесе «»сізде жоқ нәрселерді бар» деп айтуы ықтимал. Бұл сұрақты өзіңіз сенімді адамдардан сұраңыз. «Сырт – көз сыншы». Көбінесе олардың айтқаны дұрыс келеді. Енді өзіңіздің кемшіліктеріңізді білгеннен кейін оны түзету шараларына кірісіңіз.
Кемінде сізде 5 - 6 кемшіліктеріңіз болуы мүмкін. Өз кемшілігіңді біліп, оны түзеткіңіз келсе, абай атамыздың 45 қара сөзін толық оқып шығуға кеңес береміз.
Бұнда адам бойындағы кемшіліктер түгел дерлік жазылған және одан айығу жолдарын да Абай атамыз айтып кеткен. Тағы айтарымыз: әлемге танымал тұлғалардың кітаптарын оқуды әдетке айналдырыңыз. Мысалы, Джон Кехоның «Түйсігіңмен ойлай біл», Стивен Ковидың «Жоғары дәрежелі адамдардың 7 дағдысы», Брайан Трейсидің «Комфорт аймақтан шыға біл» деген әйгілі кітаптары. Бұл кітаптарда адам қалай ойлау керк, қалай әлсіз тұстарымыздан айырыламыз, мақсатты қалай қоямыз – адам санасын ретке келтіретін ақпараттар түгелімен дерлік берілген.
Сүйегі жоқ балық болмайтын сияқты, кемшілігі жоқ адам да болмайды.
  • ©Лютер
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

39 - қадам: өзіңіз жайлы көп айта бермеңіз 39 - қадам: өзіңіз жайлы көп айта бермеңіз
Сіздің ойларыңыз, сіздің стратегиялық дамуыңыз ол сізге ғана тән. Өзіңіз жайлы мүлде ақпарат бермеңіз демейік.
63 - қадам: тек жақсы ойлаңыз. сіз өз ойыңыздың жемісісіз 63 - қадам: тек жақсы ойлаңыз. сіз өз ойыңыздың
«Ойы жақсының өзі жақсы» демекші, ойды өзгерттім деген өмірімді өзгертуге керекті ең мықты құралды қолға түсірдім деген сөз. Барлық істелетін
64 - қадам: 100% жауапкершілікті өзіңізге алыңыз 64 - қадам: 100% жауапкершілікті өзіңізге алыңыз
Жетістікке жеткіңіз келсе өз өміріңізге өзіңіз 100% жауапкершілік ала біліңіз. Жауапкершілік сізге қалай жұмыс атқару керек екенін анықтап береді.
59 - қадам: проактивті сөйлеу 59 - қадам: проактивті сөйлеу
Жетістікке жететін адамдардың басты қасиетінің бірі проактивті сөйлеуінде. Себебі олар қандай іске жолықса да мүмкіндікті қарастырады.
54 - қадам: Өзіңізден мықты, тәжірибелі адамдармен қарым - қатынасыңызды арттырыңыз немесе бірге жұмыс істеңіз және көмектесе біліңіз 54 - қадам: Өзіңізден мықты, тәжірибелі
Өскіңіз келсе өзіңізден мықты адамдармен қарым - қатынасыңызды арттырыңыз немесе бірге жұмыс істеңіз. Біздің қоғамда тәжірибелі адамдар баршылық.
Жетістіктің жүз қадамы: 26 - қадам: қорқақтық Жетістіктің жүз қадамы: 26 - қадам: қорқақтық
Әділеттілік пен іс істейтін жағдайға тап болғанда, бұғып қалғанды қорқақтық дейміз. Конфуций
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×