ойын сауық отауы
51 - қадам: өзіңіз үлгі тұтатын адамдардың он дағдысын меңгеріңіз
01.01.2022 404 0 Admin

51 - қадам: өзіңіз үлгі тұтатын адамдардың он дағдысын меңгеріңіз

Пайдалы кеңестер
Жетістіктің жүз қадамы
51 - Қадам: өзіңіз үлгі тұтатын адамдардың он дағдысын меңгеріңіз
Жетістікке жеткен адамдардың кез келгеніне қарасаңыз да олардың өзіндік бір дағдылары болады. Айталық, олар таңертең ерту тұру, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, кітапты көп оқу, жаңа шыққан нәрселерге қызығушылығы, көпшілікпен жақсы қарым - қатынасты болуы, шет тілдерін еңгергені, оптимистік қасиеті секілді осындай ерекше дағдылары болады.
Бұл тұлғалар осындай адамға пайдасын беретін дағдылары арқылы табысқа жетуі белгілі. Сіз де осы тұлғалар секілді табысқа жеткіңіз келсе, осы кісілерден өзіңізге ең маңызды деген 10 дағдыны меңгеріңіз. Ондай кісілер біздің қоғамда айтарлықтай көп болмаса да баршылық. Сондай 5 тұлғаның ерекше дағдыларын өзіңіз қайталап меңгеріңіз. 10 дағдыны 10 аптаға бөліп меңгерсеңіз де болады. Немесе бірден 2-3 - еуін бастап кетіңіз. Шындап кіріссеңіз 2 - 3 аптада табысқа жеткен адамдар секілді дағдыланып, өміріңіз жақсы жағына қарай өзгереді. Тек жақсы тұстарын меңгеріңіз. Әйтпесе табысты, еңбекқор кейбір адамдардың адамға пайда бермейтін, қайта зиян тигізетін дағдылары да бар болуы мүмкін.
Бұл дағдыларды сіз байқаусызда меңгеріп алсаңыз өрлеу емес, күйреу дәрежесіне жетесіз. Сондықтан тек өзіңізге пайдалы деген тұстарын меңгере біліңіз, сонда мақсатыңызға жетуге мол күш алған боласыз. Осыған байланысты Стивен Ковидің 7 дағдысы» деген кітабы еске түседі.
Міндетті түрде өзіңнен мықты адамдармен жұмыс істеуге тырыс. Олар сенің өсуіңе көмектеседі.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

48 - қадам: адам жасағанды адам жасайды 48 - қадам: адам жасағанды адам жасайды
Адам жасағанды адам жасайды. Егер сол адамдай еңбектеніп, білім, тәжірибе жинаса. Кез келген жетістіктің артында еңбек, білім, тәжірибе тұр.
64 - қадам: 100% жауапкершілікті өзіңізге алыңыз 64 - қадам: 100% жауапкершілікті өзіңізге алыңыз
Жетістікке жеткіңіз келсе өз өміріңізге өзіңіз 100% жауапкершілік ала біліңіз. Жауапкершілік сізге қалай жұмыс атқару керек екенін анықтап береді.
54 - қадам: Өзіңізден мықты, тәжірибелі адамдармен қарым - қатынасыңызды арттырыңыз немесе бірге жұмыс істеңіз және көмектесе біліңіз 54 - қадам: Өзіңізден мықты, тәжірибелі
Өскіңіз келсе өзіңізден мықты адамдармен қарым - қатынасыңызды арттырыңыз немесе бірге жұмыс істеңіз. Біздің қоғамда тәжірибелі адамдар баршылық.
Жетістіктің жүз қадамы: 34 - қадам: аптасына бір күн демалыңыз. демалысыңызда мотивация мен ендігі аптаға жоспар құрыңыз Жетістіктің жүз қадамы: 34 - қадам: аптасына бір
Күнделікті қайталана беретін жұмыстан шаршайтынымыз анық. Аптасына бір рет өзіңізге, жақсы демалыс арнаңыз. Реті келсе тауға барып қайтыңыз болмаса
Жетістіктің жүз қадамы: жасқаншақтық Жетістіктің жүз қадамы: жасқаншақтық
Жасқаншақтықтан айығудың жақсы бір жолы – көпшілікпен араласу. Жасқаншақтық – бұл адам бойындағы жағымсыз қасиеттің бірі.
Ұялшақтықтан қалай арылуға болады? Ұялшақтықтан қалай арылуға болады?
Ұялшақтық – адам бойындағы шамадан тыс ыңғайсыздану, тартыншақтау, жасқану секілді қылықтарының арқасында, айналасымен қарым-қатынас іс жүзінде
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×