ойын сауық отауы
48 - қадам: адам жасағанды адам жасайды
24.12.2021 936 0 Admin

48 - қадам: адам жасағанды адам жасайды

Пайдалы кеңестер
Жетістіктің жүз қадамы
48 - қадам: адам жасағанды адам жасайды
Адам жасағанды адам жасайды. Егер сол адамдай еңбектеніп, білім, тәжірибе жинаса. Кез келген жетістіктің артында еңбек, білім, тәжірибе тұр. Сол сияқты да өзіңізді болашақта қандай тұлға ретінде сезінгіңіз келеді. Мысалы, өзіңізді табысы жақсы мықты кәсіпкер ретінде алдағы уақытта сезінгіңіз келсе, онда сол жеткен кезіңіздегідей бір кәсіпкер тұлғаны қоғамнан тауып алыңыз. Сол кісінің жинаған білімін, игерген тәжірибесін, атқарған еңбегін зерттеңіз де сол сияқты алдыға ұмтылыңыз.
Оның жинаған білімі, тәжірибесі, еңбегінен де сіз көп жұмыс атқаруға тырысыңыз. Сонда сол ойлаған адамдай емесе одан да биік жетістікке жетуге мүмкіндігіңіз зор болмақ. Әлемдік деңгейде үлгі тұтатын адамдар Дональд Трамп, Билл Гейтс, Стив Джобс т. б. ал өзіміздің мемлекет бойынша үлгі тұтатын ағалар Ахметбек Нұрсила, Аманжол Рысмендиев т. б. секілді тұлғалар. Болашақта түбегейлі осы кісілер сияқты болмасаңыз да, осы кісілерді барынша зерттеп, осы кісілердің оқыған кітаптарын оқуға тырысыңыз.
Осы кісілердің биографиясын оқып, одан да ой қорытыңыз. Осы кісілердің құрған кәсіптері қалай құрылды, бастапқы кезде қалай іс атқарды, соның бәрін білуге және осы кісілер секілді жұмыс атқаруға тырысыңыз. Сіз түбегейлі осы тұлғалар секілді болсам ғой деп армандаңыз. Бірақ осылар секілді жұмыс атқаруға тырысыңыз.
Осы кісілердің атқарған істерін мен де атқарсам, тура осылар сияқты болмасам да, өзім ойлағандай кәсіпкер немесе саясаткер болуға мүмкіндігіңіз зор болмақ. Адам жасағанды адам жасайды. Оныңда басында 100 миллиард нейрон бар. Тек ол атқарған істерді сіз де атқарсаңыз болғаны.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

47 - қадам: көп тыңлап, аз сөйлеңіз. үлкен табысқа жетесіз 47 - қадам: көп тыңлап, аз сөйлеңіз. үлкен
Осы «көп тыңдап, аз сөйле» деген сөзді көптеген кітаптардан оқимыз. Ойланып қарасақ, өте дұрыс айтылған сөз екен. Адам көп тыңдаған сайын білімі
63 - қадам: тек жақсы ойлаңыз. сіз өз ойыңыздың жемісісіз 63 - қадам: тек жақсы ойлаңыз. сіз өз ойыңыздың
«Ойы жақсының өзі жақсы» демекші, ойды өзгерттім деген өмірімді өзгертуге керекті ең мықты құралды қолға түсірдім деген сөз. Барлық істелетін
64 - қадам: 100% жауапкершілікті өзіңізге алыңыз 64 - қадам: 100% жауапкершілікті өзіңізге алыңыз
Жетістікке жеткіңіз келсе өз өміріңізге өзіңіз 100% жауапкершілік ала біліңіз. Жауапкершілік сізге қалай жұмыс атқару керек екенін анықтап береді.
59 - қадам: проактивті сөйлеу 59 - қадам: проактивті сөйлеу
Жетістікке жететін адамдардың басты қасиетінің бірі проактивті сөйлеуінде. Себебі олар қандай іске жолықса да мүмкіндікті қарастырады.
54 - қадам: Өзіңізден мықты, тәжірибелі адамдармен қарым - қатынасыңызды арттырыңыз немесе бірге жұмыс істеңіз және көмектесе біліңіз 54 - қадам: Өзіңізден мықты, тәжірибелі
Өскіңіз келсе өзіңізден мықты адамдармен қарым - қатынасыңызды арттырыңыз немесе бірге жұмыс істеңіз. Біздің қоғамда тәжірибелі адамдар баршылық.
Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз
Сөз – бұл сіздің аузыңыздан шыққан сөздер. Сөздер сапалы, сапасыз, пайдалы, пайдасыз, мағыналы сөз, бос сөз деп осы сияқты бөлімдерге бөлінеді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×