ойын сауық отауы
Жетістіктің жүз қадамы: жасқаншақтық
15.10.2020 3 244 0 Admin

Жетістіктің жүз қадамы: жасқаншақтық

Бұл қызықты
Жетістіктің жүз қадамы
29 - қадам: жасқаншақтық
Жасқаншақтықтан айығудың жақсы бір жолы – көпшілікпен араласу.
Жасқаншақтық – бұл адам бойындағы жағымсыз қасиеттің бірі. Жасқаншақ мінезді адамдардың мақсатына жетуі сирек. Өйткені олар әр істе жасқанып алдыға ұмтылуға батылы бара бермейді. Адамдармен сөйлескенде де ұялмайтын жерден ұялып, өз ойын толық жеткізуден арланады. Жасқаншақ мінезді адамдардың тағы бір кемшілігі – алдыға ұмтылуға арланады, ел - жұрт не дейді, қасымдағылар не дейді деп осындай зиянды ойдың етегінде жүреді.
Жасқаншақ мінезді адамдардың әр істе де өсуі қиын, себебі бұндай мінезді адамдар өзін көрсете алмайды, сондықтан оқу орнында болсын, қызметте болсын, бизнесте болсын табысқа жетуіне осы мінезі кедергі жасайды. Егер де сіздің бойыңызда осы жасқаншақтық мінез болса, онда бұдан дереу айығу жолдарын қарастырыңыз.
Айығудың жақсы бір жолы қасыңыздағы достарыңыздың қандай болуында. Сіздің достарыңыздың бойында жасқаншақтық мінезі жоқ, қоғамдық ортада өз ойын емін - еркін айта алатын таныстарыңыз болса, онда осы адамдармен қарым - қатынасыңызды арттырыңыз.
Олардың мінез - құлқы сізге сөзсіз жұғады. Жасқаншақтық мінезден өзіңіз - ақ айығуға болады. Ол үшін алдымен өзіңізге сеніміңізді арттырыңыз. Қоғамдық ортада өз ойыңызды қысылмай, емін - еркін жеткізуге тырысыңыз. Ұялмаңыз. Ұялмаңыз деп мүлдем ұялмай кетуге де болмайды. Кейбір адамдар ұялмайтын нәрседен ұялып, өзіне қиындық туғызады. Бастысы – дұрыс нәрсені дұрыс істей алсаңыз болғаны.
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жетістіктің жүз қадамы: 33 - қадам: өзіңізбен бір кіші блокнот алып жүріңіз Жетістіктің жүз қадамы: 33 - қадам: өзіңізбен бір
Ойыңызға келген идеяларды блокнотыңызға жазып қоюды әдетке айналдырыңыз. Күнделікті өмірде біздің ойымызға небір түрлі ойлар келеді. Оның ішінде
Жетістіктің жүз қадамы: 32 - қадам: мүмкіндік Жетістіктің жүз қадамы: 32 - қадам: мүмкіндік
Мүмкіндік туса – оны әжетке жарат! Егер сол мүмкіндік өміріңді бастан - аяқ өзгертетін болса, өзгеріске бейімдел.
Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз
Сөз – бұл сіздің аузыңыздан шыққан сөздер. Сөздер сапалы, сапасыз, пайдалы, пайдасыз, мағыналы сөз, бос сөз деп осы сияқты бөлімдерге бөлінеді.
Жетістіктің жүз қадамы: 26 - қадам: қорқақтық Жетістіктің жүз қадамы: 26 - қадам: қорқақтық
Әділеттілік пен іс істейтін жағдайға тап болғанда, бұғып қалғанды қорқақтық дейміз. Конфуций
Бағалай білсең бәрі бақ Бағалай білсең бәрі бақ
Баяғыда біреудің 2 қызы болыпты. Бір қызы көркем мінезді, шебер екен, ал екіншісі мінезі сондай дөрекі, әдепсіздеу екен. Бір күні көрші ауылдан
Адамның бет пішініне қарап психологиялық бейнесін ашуға болады! Адамның бет пішініне қарап психологиялық бейнесін
Үшбұрышты бет. Кең маңдайлы, мәрт мінезді, тұңғиық көзді, иегі шығыңқы адамдар. Бұндай келбет интуициясы жоғары, өзін сүйетін, қызғаншақ,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×