ойын сауық отауы
75 - қадам: Өзіңіздің бойыңыздағы пайдалы тұстарыңызды анықтап, оны одан әрі дамытып іске пайдаланыңыз
13.11.2022 326 0 Admin

75 - қадам: Өзіңіздің бойыңыздағы пайдалы тұстарыңызды анықтап, оны одан әрі

Пайдалы кеңестер
Жетістіктің жүз қадамы
75 - қадам: Өзіңіздің бойыңыздағы пайдалы тұстарыңызды анықтап, оны одан әрі дамытып іске пайдаланыңыз
Кез келген адамның бойында, адамға қоғамға пайда тигізетін тұстары болады. Тек оны анықтап қолдану қажет. Кез келген адамның бойында еңбекқорлық, мейірімділік, бір өзгеше істерді істеу алуы, сөйлеу қабілеті т. б. бойда бар ерекше нәрселер адамның бойында бар. Оны арықарай дамыту қажет.
Ал енді кез келген адамның бойында, адамға зиян тигізетін зиянды тұстары да бар. Олар жалқаулық, өзімшілдік, қорқақтық, маубастық, өзгені көре алмаушылық сияқты адамға зиянын тигізетін зиянды тұстар да баршылық. Қарап тұрсаңыз, адамның бойында пайдалы да, пайдасыз да, зиянды да тұстар баршылық.
Сіз мақсатыңызға жеткіңіз келсе, бойыңыздағы пайдалы тұстарыңызға басымдық беріңіз. Тек өзіңізге, айналаңызға пайдасын беретін тұстарыңызды анықтап, оны жоғары деңгейде дамытыңыз. Пайдалы тұстарыңыздың дамуына көп уақыт бөліңіз. Осы пайдалы тұстарыңыз сізді алдыға жетелейтін болады.
Бойдағы пайдалы тұстарды дамытып іске қосу үшін, ең алдымен, оларды анықтап алу қажет. Мысалы, бойдағы пайдалы тұстар – еңбекқорлық, мейірімділік, шешендік сөйлеу, кешірімшілдік, адамдарға көп өкпелей бермеушілік, кішіпейілділік және үлкенге құрмет, азанда ерте тұру деген сияқты бойдағы бар пайдалы тұстарға күнде басымдық беру.
Ал бойдағы бар жалқаулық, адамдарға қатты сөйлеп қою, шамадан тыс асығу, мақтанға кейбір кездері жақын болу секілді тұстарды үнемі ойда ұстап, тежеп жүру. Осы пайдасыз тұстарды байқаусызда іске асырған жағдайда дереу өзіне, бұндай жағымсыз тұстардан арылу, бұлар сенің мақсатыңа жетуге кедергі жасайтын кеселдер деп айтып отыру. Осылай өзіңіздің бойыңыздан жағымсыз істеріңізді байқағаныңызда дереу өзіңізге осындай кеселдерден аулақ болу керектігін оыңызға айтып отырыңыз. Бірте - бірте ойыңыз дұрысталып, бойыңыздағы жағымсыз кеселдерден айығасыз.
Адам бойындағы жақсы қасиеттерін бірінші орынға қойса, ол ұлы адам болғаны.
Ғалым Үсен

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жетістіктің жүз қадамы: 68 - қадам: күн сайын даму Жетістіктің жүз қадамы: 68 - қадам: күн сайын даму
Адам баласына күн сайын оның бойына небір түрлі ақпараттар және іс - әрекеттер енеді. Оның ішінде пайдалысы бар, пайдасызы да бар. Пайдалы нәрселер
67 - қадам: бойыңда бар қабілетті дамыту 67 - қадам: бойыңда бар қабілетті дамыту
Кез - келген адамның бойында өзіне тән қабілеті бар. Қабілет ол ұрпақтан ұрпаққа берілетін адам бойындағы бір іске қызығушылығы емесе бір іске
53 - қадам: ақыл бақша секілді: не ексеңіз соны орасыз 53 - қадам: ақыл бақша секілді: не ексеңіз соны
Санаға тек жақсы пайдалы ақпараттарды қабылдау оп - оңай нәрсе емес. Оған да белгілі бір тәртіптілік керек. Ақылға не игерсеңіз, ол сізге сол
51 - қадам: өзіңіз үлгі тұтатын адамдардың он дағдысын меңгеріңіз 51 - қадам: өзіңіз үлгі тұтатын адамдардың он
Жетістікке жеткен адамдардың кез келгеніне қарасаңыз да олардың өзіндік бір дағдылары болады. Айталық, олар таңертең ерту тұру, спортпен шұғылдану,
57 - қадам: қазіргі қоғамдағы дерттер 57 - қадам: қазіргі қоғамдағы дерттер
Қазір қоғамда адамға зиянын беретін нәрселер көбейіп кетті. Заман дамыған сайын адамның өміріне зиян тигізетін нәрселер көбейді.
Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз
Сөз – бұл сіздің аузыңыздан шыққан сөздер. Сөздер сапалы, сапасыз, пайдалы, пайдасыз, мағыналы сөз, бос сөз деп осы сияқты бөлімдерге бөлінеді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×