85 - қадам: тәннің емес, жанның құмары болыңыз
Пайдалы кеңестер
Жетістіктің жүз қадамы
85 - қадам: тәннің емес, жанның құмары болыңыз
Құмарлық деген адам бойындағы ерекше нәрселердің бірі.
Құмарлықты дұрыс нәрсеге дұрыс пайдалана білсең, өте күшті адам бойындағы күш, құмарлықтың мына екі түрін айтқымыз келіп отыр. Олар: жан құмары мен тән құмары. Осы екі құмарлық кез - келген адамның бойында бар құмарлық түрлері.
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр - жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай - керней ьолса, дауысына ұмтылып, онан шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.
(Абай Құнанбайұлының жетінші қара сөзінен)
Қазақтың ұлы ақыны Абай айтқандай, тән құмарының жетегінде кеткен адамдар әдетте тәніне керектіден басқаға назар аударуды қояды. Оларға ең керекті ең маңыздысы, қарны тоқ болса, ұйқысы қанық болса болғаны. Басқа нәрселерге назар аударуға басын ауыртқысы келмейді. Бұл тән құмарының жетегінде кеткен адамдар. Бұндай адамдар қазіргі қоғамда аз шығар. Бірақ осы тән құмарына, жан құмарынан қарағанда жақын адамдар баршылық. Зерделесек, тән құмарлығына адамды шалдықтыратын – еріншектік.
«Еріншектік күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады».
Абай
Бойында еріншектік дерті басым адамдар – осы тән құмарына жақын болады. Тән құмарынан айығу үшін, еңбекқорлыққа жақын болу қажет екені анық. Кез - келген адамға тән құмарлығындағы тамақ, ұйқы керек. Онсыз өмір сүру мүмкін емес. Бірақ бұл нәрселер сіздің өміріңіздің мәніне айналмауы тиіс.
Әрқайсысымыз дана Абай айтқандай жанның құмары болайық. Көрсем екен, білсем екен, оқысам екен деп, жаңа заманауи білімдерді игеруге, жаңа дүниелерді көруге бейім болсақ, біздің өзіміз де, мемлекетіміз де үлкен жетістікке жетуі айдан анық.
Құмарлық – адамды мақсатына апаратын төте жол.
Ғалым Үсен
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

75 - қадам: Өзіңіздің бойыңыздағы пайдалы
Кез келген адамның бойында, адамға қоғамға пайда тигізетін тұстары болады. Тек оны анықтап қолдану қажет. Кез келген адамның бойында еңбекқорлық,
73 - қадам: заманауи білімдер (копирайтинг,
Сату қабілеті адамға ерекше керекті қабілет болып табылады. Біз күнделікті өмірде сату қабілетін қолданамыз. Оны өзіміз байқамауымыз да мүмкін.
67 - қадам: бойыңда бар қабілетті дамыту
Кез - келген адамның бойында өзіне тән қабілеті бар. Қабілет ол ұрпақтан ұрпаққа берілетін адам бойындағы бір іске қызығушылығы емесе бір іске
Ұры мен баласы - Сәбит Дөнентаев
Көз салмас ұры неге қарны ашқан соң, Аяғын арамдыққа бір басқан соң Жанында бір кішкене баласы бар, Жөнелді бақша жаққа кеш батқан соң.
Бақыт деген немене?
Атамыз қазақ «ер бақыты – жүйрік ат, жақсы жар, тіл алғыш бала, таудай әке, аққан бұлақтай ана» деп білген. Әйтеуір, бақытқа апаратын жол жарқырап
Құмарлық
Құмарлық деген бір ит бар, Жаныңа жау шын ит бар. Алды - артыңа қаратпас, Рахымы жоқ тым ит бар.