ойын сауық отауы
Десятка. Баклажаннан жасалған салат
10.09.2016 13 364 0 Жайна

Десятка. Баклажаннан жасалған салат

Ас дайындау
Баклажаннан жасалған салат (Десятка)

Баклажан – 10 дана
Қызанақ (помидор) – 10 дана
Қызыл, көк бұрыш – 10 дана
Пияз – 10 дана
Ашты бұрыш – 1 дана
Сарымсақ – 1 бас
Шекер – 150 - 200 гр
Тұз – 2 ас қасық
Сірке қышқылы 70 % – 1 ас қасық
Су – 100 - 150 гр


Барлық көкөністерден 10 данасын алып, жуып-тазалау қажет. Түбін, бас жағын кесіп алып тастаңыз да барлығын ірі етіп тураңыз. Егер пияз ірі болса 4 бөлікке бөліңіз, майда болса, турамай сол күйінде салыңыз. Баклажанды 4 - 5 бөлікке бөліңіз. Бұрышты да помидорды да солай ірі етіп барлығының өлшемі бірдей болатындай тураңыз. Содан соң үлкен шараға салыңыз, дәміне қарай тұз, шекер, майды құйып араластырыңыз. Араластырғанда жайлап, мыжымай араластырыңыз. Үстінен өлшеп қойған суға сірке қышқылын араластырып құйыңыз және майдалап туралған сарымсақ пен ашты бұрышты салыңыз. Содан кейін отқа қойыңыз, бір рет қатты қайнап шыққан соң, бетін жауып, жай отта 40 - 45 минуттай қайнатыңыз. Дайын болуға 5 - 10 минут қалғанда дәмдеуіштерді салсаңыз болады. Райхан (базилик), лавр жапырағы, аскөк (укроп). Банкініні булағаннан соң, жаба беруге болады.
Бір ескеретін жай, отқа қойғаннан кейін қозғауға, араластыруға болмайды!

Егер сіздің де түрлі рецептеріңіз болса бөлісе отырыңыз, пікір қалдыру жолына жазып қалдырыңыз, сайтта жарияланатын болады.

Көк помидор тұздау. Соление зеленых помидоров в банках на зиму Көк помидор тұздау. Соление зеленых помидоров в
Банканы стерилдеу керек. Банкаға 3 - 4 түйір қара бұрыш салыңыз помидор салыңыз, сарымсақты салыңыз үстіне ақжелкен мен аскөкті салыңыз
Қыстық салат. Қарақұмықты көкөністермен пісіру. Қыстық салат. Қарақұмықты көкөністермен пісіру.
Қыстық азық дайындау. Бұл салатты ет, балық өнімдеріне гарнир ретінде ұсынуға болады сонымен бірге жолға азық ретінде салып алуға ыңғайлы. Кейде
Баклажанды қызанақ сөлінде пісіру. (қыз мезгіліне дайындық) Баклажанды қызанақ сөлінде пісіру. (қыз мезгіліне
Баялдыны турап, тұзды суға салып қойыңыз, аштысын кетіру үшін 30 минуттай тұрсын. Сонан соң салқын сумен жақсылап жуып жіберіңіз. Баклажанды
Фаршталған бұрыш (фаршированный перец) Фаршталған бұрыш (фаршированный перец)
Алдымен бұрышты жуып тазалап түп жағын кесіп, ішін тазалап алыңыз.
Баклажан икрасы Баклажан икрасы
Баклажанды майда төртбұрышты етіп тураймыз да 4 - 5 қасық тұз салып, мұздай суға салып қоямыз, 40 минуттай тұруы қажет.
Лечо салаты Лечо салаты
Ең алдымен көкөністерді жуып тазалап алыңыз. Қызанақтан сок дайындап алыңыз. Сәбізді ұзынша етіп теркадан өткізіңіз, пиязды, бұрышты ірі төртбұрыш
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×