ойын сауық отауы
Дәмді пицца рецепті. Тез дайындалатын пицца
22.07.2018 24 085 0 Дауыл

Дәмді пицца рецепті. Тез дайындалатын пицца

Ас дайындау
Дәмді пицца рецепті
Қамырына:
Ұн - 2 стакан (200 грамдық стакан)
Су - 1 стакан (200 грамдық стакан)
Тұз - 1 шай қасық
Шекер – 1,5 шай қасық
Ашытқы дрожжи - 9 грамм (1 шай қасық)
Сұйық май - 2 ас қасық

Пиццаға:
Шұжықша (сосиски) – 2 шт
Саңырауқұлақ (грибы) - 2 шт
Қызанақ - 1 бас
Ірімшік (сыр) - 200 грамм
Томат пастасы - 1 ас қасық


Бұл пицца ашытылған қамырдан дайындалады сондықтан көбірек уақыт жұмсалады. Жоғарыда көрсетілген құрам бойынша қамыр дайындау қажет. Қамырды көтерілуі үшін 30-40 минтуқа қоямыз. Қамыр дайын болған соң, жұқалап жаямыз да табаға саламыз, бетіне жұқалап томат пастасын жағамыз, үстіне ірімшіктің жартысын үккіштен өткізіп себіңіз, шұжық немесе шұжықшаны турап салыңыз, үстіне саңырауқұлақты сонан соң қызанақты турап салыңыз, соңынан қалған ірімшікті үккіштен үгіп себіңіз. Алдын ала 200 градус қызып тұрған пешке 10-15 минутқа қойып пісіріңіз.

Тез дайындалатын пицца
Нан (батон) - 200 гр
Пісірілген шұжық (колбаса вареная) - 200 гр
Қызанақ - 1 бас
Ірімшік (сыр) - 120 гр
Жұмыртқа - 6 бас
Сұйық май - 5 ас қасық
Тұз, бұрыш, көкшөп - дәміне қарай

Шұжық, нан, қызанақты ірі төртбұрышты етіп тураңыз. Табаға май құйып қызған соң шұжықты салып 2 - 3 минуттай қуырыңыз, нанды салыңыз аздап қуырған соң қызанақты салыңыз да 2 минут қуырыңыз үстінен жұмыртқаны салыңыз да 5 - 6 минутқа қақпағын жауып жай отқа қойыңыз. 5 минуттан соң, ірімшікті үккіштен өткізіп үстінен салыңыз да 2 минутқа қойыңыз. Дайын болған пицца үстіне аскөк сеуіп ұсынуға болады. Пицца дайын, асыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Жайна

Пияз қосылған қаттама нан (қатпарлы нан) Пияз қосылған қаттама нан (қатпарлы нан)
Пияз қосылған дәмді қаттама нан (қатпарлы нан) дайындау тәсілі
Оңай әрі тез дайындалатын пицца рецепті Оңай әрі тез дайындалатын пицца рецепті
Жұмыртқа, қаймақ, майонез, ұнды салып араластырамыз. Сұйықтау құйма дайындаймыз. Оны табаға құямыз да үстіне шұжық, қызанақ аздап майонез құямыз,
Бутерброд және Сэндвич Бутерброд және Сэндвич
Оңай бутерброд және Сэндвич
Пицца Маргарита Пицца Маргарита
Ұн, су, тұз, шекер, ашытқы майды қосып жұмсақ қамыр илеу қажет.
Пицца рецепті Пицца рецепті
Жылы суды үлкендеу ыдысқа құйыңыз тұз, шекерді салыңыз және ашытқыны салыңыз жұмсақ қамыр илеңіз. Қамырды жылы орап 30 - 40 минуттай қалдырыңыз.
Қатпарлы қамырдан дайындалған тәтті тоқаш (рогалики) Қатпарлы қамырдан дайындалған тәтті тоқаш
Алдымен табаққа ұнды салыңыз, ашытқы, тұз, шекер, жұмыртқа май, сүтті құйып жұмсақ қамыр илеңіз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×