ойын сауық отауы
Қару - жараққа байланысты нанымдар мен ырымдар
06.11.2020 1 620 0 Admin

Қару - жараққа байланысты нанымдар мен ырымдар

Салт-дәстүр
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары
Қару - жараққа байланысты нанымдар мен ырымдар
Батырлар өз қаруларын қасиетті санап, сыйынған, оларды қастерлеп, әрқайсысына жеке ат қойған (мысалы: ақберен, наркескен т. б.).
Садақ пен қылыш – белге, найза қолдың қарына ілінген, айбалта ердің қасына байланып, шоқпар тақымға қыстырылған.
Соғысқа кірер алдында батырлар қаруларына мадақ айтып, серттескен. Ерте кезде қаруда батырдың жаны болады деген сенім болған.
Батырдың қаруын мұрагері өскенше сақтап, әкеден балаға мирас еткен. Батырдың қаруын ешқашан қадірсіз іске қолданбаған.
Батырларға арналған қарулар сәнді де қымбат тұрған. Сондықтан қылыш, айбалта, шоқпар тәрізді қаруларды елшіліктерге барғанда, лауазым дәрежесін бергенде, т. б. жайларда бағалы зат ретінде сыйға тартқан.
Жарық кезінде демалуға тоқтағанда, түнегенде, күзетте тұрғанда батырлар найзаларын жерге шаншып, басқа қаруларын соған іліп қоятын болған.
Жорыққа шықпаған кезде садақ, қылыш, айбалта, шоқпарүйдің керегесінде ілулі тұрған, ал найза, сүңгі үйдің сыртындағы белдеуге қыстырылған. Соған қарап батырдың үйде екенін білген.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Батырлар туралы мақал - мәтелдер Батырлар туралы мақал - мәтелдер
Батырлығың не керек, байсалдылық болмаса. Ақындығың не керек айтарлығың болмаса.
Айдан ару нәрсе жоқ. Базар жырау Айдан ару нәрсе жоқ. Базар жырау
Айдан ару нәрсе жоқ, Түнде бар да, күндіз жоқ. Күннен ару нәрсе жоқ, Күндіз бар да, түнде жоқ.
Есенбике. Қазақ тарихындағы әйелдер Есенбике. Қазақ тарихындағы әйелдер
Есенбике - XVIII ғасырда өмір сүрген Қаратай батырдың қызы, Олжабай батырдың шешесі. Есенбике кішкентайынан Айдабол бидің бәйбішесінен туған кенже
Қойсана ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Қойсана ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Қойсана – Тарақты Байғозы батырдың қызы. Қазақ-жоңғар соғысындағы белгілі қолбасшы Шұбыртпалы Ағыбай батырдың анасы болады.
Шүкір, шүкір! Шүкір, шүкір!
Нақ сол түні ақынға үкім кесілді, дар арқаны - бір қыл арқан есілді. Бір ат арба туарылды сол түні, бір айбалта суарылды сол түні.
Неге осы мен елпілдеп қуанбаймын Неге осы мен елпілдеп қуанбаймын
Неге осы мен елпілдеп қуанбаймын? Ілінген бе мойныма тұмардай мұң? Қайда барсам, сумаңдап шығады алдан шұбарлана ысылдап жылан - қайғым.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×