ойын сауық отауы
Туыстық атаулар сыры: Күйеу
26.03.2021 1 346 0 Admin

Туыстық атаулар сыры: Күйеу

Салт-дәстүр
Туыстық атаулар сыры: Күйеу
Күйеу (ер) – бір рудың қызын алған жігіт сол елге «күйеу» болып есептеледі де, сол ел оның қайын жұрты деп аталады. Қайнылары алдында күйеудің жолы кіші болғанмен, сыйлы адамдардың бірі. Оны көпшілік күйеу жүзден үлкен деп сыйлайды, сонымен бірге елдің үлкен - кішісі, әйел - еркегі бәрі де қажап, ойнап отырады. «Әзілің жарасса – атаңмен ойна» деп, күйеу де беріспейді. Бірақ бұлар сыпайы әзілдеседі. Күйеу еркелей де алады, ойын арасында «осы елден тағы бір қыз аламын» деп айтуға толық хақысы бар. Оның бұл сөзін ешкім ерсі көрмейді. Күйеу жақсы, сыйлы болса, үлкендердің өзі «е, береміз ғой» деп мәрттік танытады.
Әйелінің ағалары күйеуге қайын аға болады. Әйелінің ағасы күйеуден жасы кіші болса да қайнаға дейді. Күйеу әйелінің апаларын «қайынбикем» деп, сіңілілері мен інілерін «балдызым» деп, онымен әзілдесіп ойнай береді.
Кейде күйеудің әйелі қайтыс болса, онда оның қайын жұртынан тағы бір қыз (әрине, жас болса) алуға, сұрауға хақы бар. Егер басқа бір елдің қызына үйленсе, әлгі күйеудің бұрынғы қайын жұрты оның жаңа әйелін «біздің қыздың орнына келген» деп, оны да өздеріне жақын тартып, бұрынғы қатынасты үзбейді. «Күйеу – жүз жылдық» деген сөз осындайдан қалса керек. Қонақасы бергенде күйеуге төс тартылады. Күйеу төрге отырмайды, бас ұстамайды. Жас күйеу тамаққа бата бермейді.
Күйеу жүзден үлкен, жиен мыңнан үлкен.
Күйеу келсе – қыз тұрмас.
Пайғамбар да күйеуін сыйлаған.
Қайындағы күйеуден қарғылаған тазы артық.
Жаман күйеу қайынсақ.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Туыстық атаулар сыры: Қалыңдық Туыстық атаулар сыры: Қалыңдық
Қалыңдық (әйел) – күйеуге атастырылған, бірақ та оң жақта (өз үйінде) отырған бойжеткенді осыла атаған. Дала заңы бойынша, атастырылған, яғни құда
Туыстық атаулар сыры: Құдаша Туыстық атаулар сыры: Құдаша
Құдаша (әйел) – егделігіне немесе жастығына қарамастан бір рудың қыздары құда жағына «құдаша» болып саналады.
Туыстық атаулар сыры: қайын ене Туыстық атаулар сыры: қайын ене
Қайын ене (әйел) – әйелге күйеуінің шешесі, күйеуге әйелінің шешесі «қайын ене» деп аталады. Бұлар күйеу бала мен келіннің екінші ата - анасы.
Туыстық атаулар сыры: Қарындас, сіңлі Туыстық атаулар сыры: Қарындас, сіңлі
Қарындас (әйел) – ағайындылар ішінде жасы кіші қыз ағалары үшін қарындас болады. Бұлар аға, іні үшін қымбат та, қимас жандар.
Туыстық атаулар сыры: аға, іні Туыстық атаулар сыры: аға, іні
Аға (ер) – Бір әке - шешеден туған (немесе рулас ағайын - туыс) жасы үлкен жігіт – аға деп аталады. Ағаның жөні де, жолы да үлкен деп есептеледі.
Күйеу туралы мақал - мәтелдер Күйеу туралы мақал - мәтелдер
Күйеу туралы мақал - мәтелдер Күйеу жүз жылдық Жаман күйеу қайынсақ. Жаман күйеу таң атқан соң сөз қатады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×