ойын сауық отауы
Айғырдың сыны
12.04.2021 887 0 Admin

Айғырдың сыны

Салт-дәстүр
Атбегілік арналары
Айғырдың сыны
Қазақ халқы жылқының тегі мен тұқымын жақсарту үшін үйірге жақсы айғыр таңдап салған. Жүйріктің бір тегі аталық айғырға байланысты. Халық мәтелінде: «Қасқа айғырдың құлыны қасқа болмаса да, төбел туады» дейді. Сол себепті қазақ атбегілері жүйрік жылқылы тұқымнан құлын алып, оны өз жылқысына айғыр қоятын болған.
Бұл дәстүрдің екінші бір маңызы – үйірдің қаны жақындасып, әлжуаз құлын тууынан сақтанады. Олай болса, айғыр салатын құлындардың да ата тегі сапалы нәсілден болғаны абзал. Үйірдегі айғырларды қартайтпай (12 жасында) ауыстырып отырады.

Жақсы айғыр болатын еркек құлынның сыны:
1. Жақсы айғыр болатын құлынды жүрісінен тануға болады. Ондай құлын төрт аяғын сартылдатып нық басады. Осылайша таңдалған құлындарды телілеп өсіреді. Ол үшін айғыр қоятын құлынның енесін қыстың сары аязында терлетіп, суық сумен суарып, таң асырып, әдейі құлын тастатады. Енесі құлын тастаған соң оны бұрынғы төлі тай шыққанға дейін емеді. Бұны «арда емген» дейді. Арда емген тайдың жүні жетіліп, бойы өседі. Айғыр болатын құлын жүнді келеді деп халық бекер айтпаған.
2. Құнан шығарына дейін арда емген тай сүтке тойып, аяғы жуандап, омырау еті қалыңдап, сүйір танау және қаз мойын сипатқа ауысады. Бірақ, оған жүген - құрық тигізбей дөненге жеткізеді.
3. Дөнен шыққан соң мамыр айында жуасытып үйретіп жібереді. Одан кейін үйірден 5 - 6 байталды таңдап алып, бөлек үйір жасап қайыртады. Жылқының бұл үйірін «қысырақтың үйірі» дейді.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Күй аңызы: Майдажал Күй аңызы: Майдажал
Қазанғап деген адамға мыңдап жылқы бітсе де, соншама жылқының ішінен небір жүйрік, небір жорға бітпепті. «Ат шаппайды, бап шабады.
Жылқы төлінің атаулары Жылқы төлінің атаулары
Құлын – жылқының алты айға дейінгі төлі. Жабағы – алты ай мен бір жас аралығындағы жылқы төлі.
Кім екен деп келіп ем түйе қуған Кім екен деп келіп ем түйе қуған
Кім екен деп келіп ем түйе қуған, Қатын ғой күлдәріден белін буған. Төркініңнің бергені жауыр айғыр, Бауырыңды ұрайын бірге туған.
Қысырақтың үйірі Қысырақтың үйірі
- Бағасың! - деді бастығым, - Бақпаймын! - дедім, бала едім. Артым бос, айтар тасбуын, Жоқ - тұғын менің дәлелім.
Сұр құлын Сұр құлын
Жазды күні сұр құлын Сұлу еді сүліктей. Құрық көрсе, құлдырап, Жатушы еді еліктей.
Бөбектің тілегі Бөбектің тілегі
Тоқтышағым, тоғыз тап, Саулық қойым, сегіз тап, Сегізін де семіз тап. Құла бием, құлын тап,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×