ойын сауық отауы
Атбегілік арналары: Айғырдың сыны
21.04.2021 966 0 Admin

Атбегілік арналары: Айғырдың сыны

Салт-дәстүр
Атбегілік арналары: Айғырдың сыны
Қазақ халқы жылқының тегі мен тұқымын жақсарту үшін үйірге жақсы айғыр таңдап салған. Жүйріктің бір тегі аталық айғырға байланысты. Халық мәтелінде: «Қасқа айғырдың құлыны қасқа болмаса да, төбел туады» дейді. Сол себепті қазақ атбегілері жүйрік жылқылы тұқымнан құлын алып, оны өз жылқысына айғыр қоятын болған.
Бұл дәстүрдің екінші бір маңызы – үйірдің қаны жақындасып, әлжуаз құлын тууынан сақтанады. Олай болса, айғыр салатын құлындардың да ата тегі сапалы нәсілден болғаны абзал. Үйірдегі айғырларды қартайтпай (12 жасында) ауыстырып отырады.

Жүйрік құлын таптыратын айғырдың сыны:
1. Мінезі кең, үйірден қызғанып мініс аттарды қумайды. Адыраңдап олай - бұлай шаппайды. Үнемі үйірдің артында жүреді, тай - құнандарды қасқырға алдырмайды. Басы етсіз, қамыс, мүкіс құлақ, салпы ерін, түйе тіс, кірпік - қасы, құйрық - жалы, кекілі мол, кеудесі кең, жүндес, бүккіштеу, шоқтығы биік, мықыны тар, жаясы жалпақ, бауыры жазық, қабырғалы (артынан қарағанда, қабырғаның қанатын жая жауып қалмай толық көрініп тұруы керек), бауыры жазық, жоны тартық болады.
2. Ұмасы орайлы болса, үйірге түскенде шаршамайды. Төрт аяғын тең (ма мақ емес), жерге қаққан қазықтай нық басады. Жіліншіктің сіңірлері білеуленіп, бөлектеніп тұрады. Бақайы қысқа, алдыңғы аяқтарының бақайы артқы бақайынан тұрқы сәл ұзындау, тұяғы жұмыр, әрі берік, жерсоғары қалың, шашалы келеді. Кісінегенде арқырап бөліп - бөліп кісінейді.
3. Жоғарыдағы сын - сипатқа ие айғырдың құлындары жүйрік туады. «Айғыр алпауыт болмай жүйрікке жарымайсың» деген тәмсіл тегін емес.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Айғырдың сыны Айғырдың сыны
Қазақ халқы жылқының тегі мен тұқымын жақсарту үшін үйірге жақсы айғыр таңдап салған. Жүйріктің бір тегі аталық айғырға байланысты. Халық мәтелінде:
Жүйрік жылқының сипаттары Жүйрік жылқының сипаттары
Басы үлкен, құлағы көзінің үстіндегі ойыққа қарай құлай орналасқан, ауыздығы қатты, астыңғы ерні жер тіреген, көбі жүні сұйық, тұяғы доғал, ұшасы
Жүйрік жылқының сипаттары Жүйрік жылқының сипаттары
Бұндай жүйріктің басты белгісі денесі тым үлкен болып келеді. Төрт тұрағы (аяғы) ұзын, тұмсық үсті дөңес, жазық маңдайлы, жайын ауыз, шоқтығы ет -
Жылқы төлінің атаулары Жылқы төлінің атаулары
Құлын – жылқының алты айға дейінгі төлі. Жабағы – алты ай мен бір жас аралығындағы жылқы төлі.
Күйісбайға Күйісбайға
Дұғай сәлем жазамын Күйісбайға, Бермек болған айғырдың көзі қайда? Көзді көрсең бересің, тайсаң танып, Алдамшы атанғанның несі пайда?
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ. Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ. Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды, Ой желке, үңірейген болса сағақ.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×