ойын сауық отауы
Жүйрік жылқының сипаттары
26.03.2021 861 0 Admin

Жүйрік жылқының сипаттары

Салт-дәстүр
Атбегілік арналары
Жүйрік жылқының сипаттары
Құлан сипатты жүйрік
Басы үлкен, құлағы көзінің үстіндегі ойыққа қарай құлай орналасқан, ауыздығы қатты, астыңғы ерні жер тіреген, көбі жүні сұйық, тұяғы доғал, ұшасы кең, бір ерекшелігі жалғыз шаппайды, топты доданы ұнатады. Желкелігі ойынды, мойнын кері тартып тұрады. Шоқтығы шұғыл биік, жатаған сауырлы. Қабырғасы нәзік, жай тұрғанда төрт аяғын түзу әрі тегіс ұстайды. Омырау еті сылыңқы, өмілдірігі көтеріңкі, жалпылай бұлшық еттері жұқалау болғанымен, артқы сан етінің бұлшығы қалың әрі қатты. Мінезі алып - ұшпа, жүрісі жеңіл, аяңшыл.

Бөрі сипатты жүйрік
Басы түзу, құлағы ұзын, тұрқы артынан қарағанда қусырылған сөлбең, кеудесі талысты, мойны сылаң, айылдығы тартық, алыстан бажайлағанда сүбе қабырғасы мықынға тиіп тұрғандай көрінеді. Көзінің оты қаралтым, мінезі ауыр, құрықтауға ыңғайлы, көбінесе үйірден бөлініп, шеттеп оттайды. Жүрісі жеңіл, шапқанда басын тұқыртып, құлағын қайшылап, бауырын жазып еркін көсіледі.

Ұлу сипатты жүйрік
Басы үлкен, көзі шырайлы, делбе танау, қабағы қалың, иегі көлемді, алқымы және ауыздығы кең, желкесінің бұлшық еті жұқа әрі жалпақ, мойны сұңғақ, шоқтығы биік. Арқасы түзу әрі ұзын, ұшасы обалы, сауыры күрт құлди, жауырыны үлкен әрі қиыс тұрпатты, омырау еті салқы, қолтық бітімі қысаңдау, жіліншігі сом, бақайы жатаған жазық, аяғы сіңірлі, шашасы қылшықты.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жүйрік жылқының сипаттары Жүйрік жылқының сипаттары
Бұндай жүйріктің басты белгісі денесі тым үлкен болып келеді. Төрт тұрағы (аяғы) ұзын, тұмсық үсті дөңес, жазық маңдайлы, жайын ауыз, шоқтығы ет -
Байырғы тұқым - түрлердің әлемге таралуы Байырғы тұқым - түрлердің әлемге таралуы
Жылқы қазақ баласы үшін қорегі мен сусыны, көлігі мен түлігі ғана емес, жылқы – қаруы мен қорғанышы
Жылқы төлінің атаулары Жылқы төлінің атаулары
Құлын – жылқының алты айға дейінгі төлі. Жабағы – алты ай мен бір жас аралығындағы жылқы төлі.
Жұмбақ: Киіз үй Жұмбақ: Киіз үй
Төбедегі көзінен, Күн сәулесі түседі. Бұрышы жоқ төрінен, Самал еркін еседі. Киіз үй
Ең сұлу әйел Ең сұлу әйел
Жәйлап қана салып көр жанар ұшын, Болмысы оның тым бөлек, дара мүсін. Жер бетіне тіршілік таратушы, Жер бетіне жаралған Адам үшін! Жүрісі де өзгеше,
Жүйрік Жүйрік
Жұлдыздай ағып түскен түрме - түнде Жүйрік - ай жүйтки білген сүйретілмей! Заулауын зымырандай Тегістікке Тұяғы бірде тисе, Бірде тимей! Ақ көбік
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×