ойын сауық отауы
Бата беру
02.10.2021 1 184 0 Admin

Бата беру

Салт-дәстүр
Салт - дәстүр сөйлейді
Бата беру
Ыбырайым пайғамбар өте қонақжай адам болыпты. Үйіне келген адамға ас бермей шығармайды екен. Асығыс жолаушының өзіне нан ауыз тигізбей жібермепті.
Бір күні уахи ала келген Жебірейіл періштенің өзін дастарханға сүйрейді. Жебірейіл:
– Асыңа рақмет, әй, Алланың халилі. Мен Алланың уахиын жеткізу үшін ғана келдім, – дейді асығып. Ыбырайым:
– Уахиды артынан айта жатарсың. Әуелі адал дастарқаннан дәм тат! Маған серік бол! – дейді. Періште амалсыз көнеді. Дастарханға ас келсе де, періште табаққа қол созбай отыра береді. Пайғамбар:
– Неге дәм алмайсың? – дейді. Жебірейіл:
– Мен – періштемін. Бұл дүниенің тамағын ішпеймін. Себебі, бұл дүниенің өз тәртібі бар. Бес күн жалғанда ішкен - жегеннің, көрген қызықтың есеп - қисабы бар. Ертең мақшар алаңында бұл пәнидегі ішкен - жегеннің сұрауы болады. Мен соны ойлап, уайымдап отырмын, – дейді.
Ыбырайым езу тартып:
– Сен онда дастарханға бата беріп, менің отбасыма дұға ет. Астың өтеуі сол болсын, – дейді. Жебірейіл келіседі. Дастарқан басында екеуі сырға толы рухани сұхбат құрады. Періште Ыбырайымның ықылас - пейіліне риза болып, астан соң, дастарқанға бата жасап, дұға етеді. Жебірейіл кетіп бара жатқанда Ыбырайым оны тоқтатып:
– Маған қандай уахи алып келіп едің? Айтпадың ғой, – дейді. Жебірейіл:
– Біздің сұхбатымыз Алланың уахиы еді, – депті.
Осыдан бастап астан соң, дастарханға бата жасап, дұға тілеу деген дәстүр пайда болыпты.
Қазақ арасында осы дәстүрдің берік орныққаны соншама, тіпті ел арасында мынадай аңыздар көп тараған. Кейбір әулие қарттар айналасында отырған адамдардың түгел ас ішіп болуын күтетін болған. Тіпті керек десеңіз киіз үйдің есігінің алдында жем шұқып отырған торғайлардың да жем жеп болуын тосқан екен. Рухани сұхбатты уахиға теңегендіктен де әулие адамдар дастарқан басында дүние сөзін сөйлеп, мағынасыз сұхбат құрудан сақтанған.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Үлкеннің жолын кеспе Үлкеннің жолын кеспе
Бірде Әзірет Әлі жолда келе жатқан бір шалдың алдынан менсінбей кесіп өтеді. Мұны байқап қалған Мұхамбет пайғамбар: – Әлижан, қарттың жолын неге
Нан қиқымын қастерле Нан қиқымын қастерле
Бірде Ыбырайым пайғамбар Құдайға: – Уа, Тәңірім! Өзімді бай еттің, төрт түлігімді сай еттің. «Алмақтың да салмағы бар» деген. Мыңғырған малдың сұрауы
Аяқты айқастырма Аяқты айқастырма
Алла тағала озалда Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлыққа жер бетінен үй салып беріп: «Осы жерде тіршілік етіңдер», – дейді.
Жайнамазды қадірлеу Жайнамазды қадірлеу
Бірде Иса (ғ. с.) пайғамбар намаз оқып тұрған Ібілісті көріпті. Астына жайнамаз төсеп алыпты. Иса (ғ. с): Әй, малғұн, сен намаз оқитын болғансың ба?
Сүлеймен пайғамбардан қалған дәстүр Сүлеймен пайғамбардан қалған дәстүр
Қазақ халқында үйге қонақ келгенде жас баланың қолына құман беріп, мойнына сүлгі асып, ас ішердің алдында қонақтардың қолына су құйғызатын дәстүр бар.
Сүлеймен Пайғамбар мен кедей қарт туралы аңыз Сүлеймен Пайғамбар мен кедей қарт туралы аңыз
Қарт Сүлейменге: «Менің халімды көріп тұрсаң, маған жәрдем бер!» - деп өтінеді. Сүлеймен пайғамбар оған құнды бір тас беріп: «Осы ұрпағыңа жетеді», -
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×