Туыстық атаулар сыры: Әмеңгер
Салт-дәстүр
Туыстық атаулар сыры: Әмеңгер
Әмеңгер (ер) – күйеуі қайтыс болған әйелдің иесі және оны әйелдікке алуға хақы бар адам. Қазақ дәстүрі мен заңы бойынша әмеңгерлікке қайтыс болған адамның туған немесе жақын қайнағалары мен қайнылары жатады. Бұл жерде олардың жасы мен дәулеті, отбасылық жайы және ескеріледі. Кейде жесір әйелге таңдау да беріледі. Мұндай жағдай халық ішінде жиі кездеседі. Мұның әлеуметтік, қоғамдық, ұлттық салт - сана жағынан да зор тәрбиелік рөлі бар. Мысалы, біріншіден, әйел панасыз болмайды (және қазақ әйелі өзінің алғаш келін болып түскен жерін қимайтын жақсы әдеті бар). Екіншіден, бала басқа жердегідей шетақпай көрмей, өз ағайын - туыстарының ортасында өседі. Үшіншіден, дала заңы бойынша әйел ерден кетсе де, елден кетпейді. Төртіншіден, алдымен дәстүрді, салтты, бүкіл рулы елді сыйлайтын әдепті қазақ әйелі бұл ғұрыпты аттап өтпейді.
Шариғат жолында қайтыс болған жігіттің әкесі келініне әмеңгер бола алмайды.
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

- Ерден кетсе де, елден кетпейді.
- Балалы үйрек көлден кетпес,
- Әмеңгердің де әмірі бар.
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Туыстық атаулар сыры: Өгей әке (ер), өгей шеше
Өгей әке (ер), өгей шеше (әйел) – тағдырдың жазуымен кейде ер адам екінші рет үйленіп, әйелге екінші біреуге тұрмысқа шыққанда оның балаларына екінші
Туыстық атаулар сыры: Жесір
Жесір (әйел) – күйеуі қайтыс болған әйелді айтады. «Жетім бала, жесір қатын» деген сөз тіркесі осыдан шыққан.
Туыстық атаулар сыры: бойдақ
Бойдақ (ер) – кәмелетке толған, бірақ үйленбеген адамды бойдақ дейді. Мұндайларды салт атты, сабау қамшылы дей салады.
Туыстық атаулар сыры: Қалыңдық
Қалыңдық (әйел) – күйеуге атастырылған, бірақ та оң жақта (өз үйінде) отырған бойжеткенді осыла атаған. Дала заңы бойынша, атастырылған, яғни құда
Туыстық атаулар сыры: қайын ене
Қайын ене (әйел) – әйелге күйеуінің шешесі, күйеуге әйелінің шешесі «қайын ене» деп аталады. Бұлар күйеу бала мен келіннің екінші ата - анасы.
Туыстық атаулар сыры
Әже (әйел) – әкенің шешесі. Ел іші, отбасының бүтіндігін ойлайтын көптің сыйлы анасы