ойын сауық отауы
Салт - дәстүр сөйлейді: Ырысты аяқасты етпе
02.12.2021 2 130 0 Admin

Салт - дәстүр сөйлейді: Ырысты аяқасты етпе

Салт-дәстүр
Салт - дәстүр сөйлейді: Ырысты аяқасты етпе
Нұх пайғамбар бірде ұлдарына:
– Уа, ұлдарым, жолдарың оңғарылып, сапарларың сәтті болсын! Құдай сендерді ырыстан, ынтымақтан айырмасын! – деп бата беріпті. Ұлдары:
– Әке, ынтымақты түсіндік. Ырыс деген не? – деп сұрайды балалары.
– Ырыс – Құдайдың адамға беретін несібесі, ырзық - нәпақасы. Ұлық Алла адамзатқа төрт ырыс нәсіп етті. Біріншісі – ақ ырыс. Ол төрт түлік малдың желінінен шыққан сүт, айран, май, құрт. Екіншісі – көк ырыс. Жерден өсіп - өнген көкөністі айтады. Үшінші ырыс – қызыл ырыс. Ол – төрт түлік мал мен аңның адал еті. Төртіншісі – дәнді ырыс. Оған дәнді - дақылдарды жатқызады. Ынтымақтарың кетпесе, ырыстарың түгел болады, – деп сөзін аяқтаған екен жарықтық.
Содан бастап аталған төрт затты ырысқа жатқызып, оларды қастерлепті. Аяқасты етуге, қорлауға тыйым салыпты.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Қолды жуған соң сілкіме Қолды жуған соң сілкіме
Бірде Ғайса пайғамбар жолаушылап келе жатып Ібілісті көреді. Ібіліс ізіне жүздеген ұрпағын ертіп алып, сап болып кетіп бара жатыр екен. Ғайса: – Әй,
Салт - дәстүр сөйлейді: Өсек айтпа Салт - дәстүр сөйлейді: Өсек айтпа
Бірде Мұхамбет пайғамбар (с. а. с.) сахабаларына: – Өсек айту – ғайбат, зинадан да ауыр күнә, – дейді. Сахабалар таңғалып: – Уа, Алланың елшісі! Өсек
Салт - дәстүр сөйлейді: Әжетханаға жалаңбас кірме Салт - дәстүр сөйлейді: Әжетханаға жалаңбас кірме
Бірде төрт шадиярдың бірі – Әубәкір дәретханаға кірсе, бұрышта қолында құрығы бар Ібіліс отыр екен. Әубәкір: – Ей, малғұн, мұнда неғып отырсың? – деп
Салт - дәстүр сөйлейді: Ораза ұстау Салт - дәстүр сөйлейді: Ораза ұстау
Адам ата мен Хауа ана пейіште тыйым салынған бидай дәнегін жейді. Бұған дейін қалдық шықпайтын жұмақтың ең асыл тағамдарын таңдап жейтін еді.
Жайнамазды қадірлеу Жайнамазды қадірлеу
Бірде Иса (ғ. с.) пайғамбар намаз оқып тұрған Ібілісті көріпті. Астына жайнамаз төсеп алыпты. Иса (ғ. с): Әй, малғұн, сен намаз оқитын болғансың ба?
Ырыс, ынтымақ, бірлік туралы мақал - мәтелдер Ырыс, ынтымақ, бірлік туралы мақал - мәтелдер
Ырыс, ынтымақ, бірлік туралы мақал - мәтелдер Ырыс алды – ынтымақ Адам ұйымшыл, мал үйіршіл. Ажыраған бірін - бірі іздейді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×