ойын сауық отауы
Туыстық атаулар сыры: қолқанат, дос, тамыр
07.09.2022 524 0 Admin

Туыстық атаулар сыры: қолқанат, дос, тамыр

Салт-дәстүр
Туыстық атаулар сыры: қолқанат, дос, тамыр
Жеке атаулар мен іліктік сөздер
Қолқанат (бала) – алып кел, барып келге жараған 4 - 5 жасар сәбиді қолқанат дейді. Оның сол жұмысқа жарағанына үлкендер риза болып оларды қолқанатым деп сүйсініп, қуанып отырады.
Дос (ер, әйел) – екі адамның бір - бірімен сыр жасырмай, сыйласып, қиын сәтте қол ұшын беріп пікір мен мақсаты, арман - мүддесі бір жерден шықса, оларды «дос» дейді. Достықтың белгісі – екі адамның уәделесіп, қол беріп, төс түйістіруі. Қазақта «төс түйістірген доспыз» деген аталы сөз бар. Олар қайда жүрсе де бірін - бірі ұмытпай, демеп жүреді. Адамды кейде досына қарап та бағалауға болады. Айрылар дос ердің алдыңғы қасын сұрайды.
  • Досты періште қосады,
Құданы Құдай қосады.
  • Жаман дос – көлеңке:
Басыңа күн түссе қашып құтыла алмайсың,
Бұлт қонса іздеп таба алмайсың.
Тамыр (ер) – екі ұлттың өкілі немесе ер адамдар бір - бірімен дос, сыйлас болып, алыс - беріс жасаса, құрмет тұтса, мұны «тамыр» деп атайды. Олардың бір - біріне сенімі мен достығы өте берік болады.
  • Қырық атан ұстама,
Қырық тамыр ұста.
  • Тамыр түбі – дау,
Құрбы түбі – жау.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Туыстық атаулар сыры: жар, жұбай Туыстық атаулар сыры: жар, жұбай
Жар. Жұбай (ер, әйел) – ер адамның әйелі, әйелдің күйеуі – оның жары немесе жұбайы деп аталады.
Туыстық атаулар сыры: келіншек Туыстық атаулар сыры: келіншек
Келіншек (әйел) – тұрмысқа шығып бір - екі бала туған жас әйел. Кей жерлерде жігіттер әйелін келіншегім деп таныстырады. Келіншек – деген сөз өте
Туыстық атаулар сыры: Құда Туыстық атаулар сыры: Құда
Құда (ер) – қыз алып, қыз беріскен ер адамды «құда» деп айтады. Құдалық жолмен келген адамдардың үлкенін немесе жолы үлкенін (басшысын) бас құда деп
Туыстық атаулар сыры: Өгей әке (ер), өгей шеше Туыстық атаулар сыры: Өгей әке (ер), өгей шеше
Өгей әке (ер), өгей шеше (әйел) – тағдырдың жазуымен кейде ер адам екінші рет үйленіп, әйелге екінші біреуге тұрмысқа шыққанда оның балаларына екінші
Туыстық атаулар сыры: бойдақ Туыстық атаулар сыры: бойдақ
Бойдақ (ер) – кәмелетке толған, бірақ үйленбеген адамды бойдақ дейді. Мұндайларды салт атты, сабау қамшылы дей салады.
Туыстық атаулар сыры: Балдыз Туыстық атаулар сыры: Балдыз
Қайынбике (әйел) – әйелінің апалары күйеуге қайынбике болады. Ол да күйеу баламен ойнап, әзілдеседі. Алайда ол балдыздардай емес, көбінесе әдеп
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×