ойын сауық отауы
Салт - дәстүр сөйлейді: Айды құрметтеу
11.10.2023 209 0 Admin

Салт - дәстүр сөйлейді: Айды құрметтеу

Салт-дәстүр
Салт - дәстүр сөйлейді: Айды құрметтеу
Ертеде Күн мен Айдың нұры бірдей болған екен. Екеуінде жетпіс бөліктен тұратын шуақ болыпты. Жарығы тең болғандықтан, ол кезде күндіз де, түн де болмапты.
Бір күні Ұлық Алла Жебірейілге:
– Мен түнді жаратамын. Айдың нұрынан шуақ ал, – дейді.
Жебірейіл қанатымен айдың жүзін үш рет сырып, шұғыласын жинап алды. Алпыс тоғыз шуағын алып, күнге қосады. Күннің нұры артып, бұрынғысынан қатты жарқырапты. Ай тек түнде шығып, шамшырақ болыпты. Нұрының азайғанына қайғырып, өңі түнеріп кетеді. Сол кезде Ұлық Алла:
– Әй, Ай! Сенің адамға көрсетер қызметің күннен бір мысқал да кем болмайды. Түнде шығып, жолаушылардың адаспай жол табуына жәрдем бересің. Күнге нұрыңнан сыбаға бергенің үшін адамдар да сені құрметтейтін болады. Әр туғаныңда саған сәлем беріп, қарсы алады, – дейді.
Ай сабасына түседі. Өзінің бір шуағымен түнде адамдарға жол көрсетеді екен. Жебірейіл періште нұр алуға келген кезде қанатымен айдың бетін жырып алыпты. Ай бетіндегі жырық сызықтар содан қалған деседі.
Халық та Айды құрмет тұтып, жақсылыққа ырымдайды екен. Жаңа Ай туғанда: 
– Ай көрдім, аман көрдім,
Бұрынғыдай заман көрдім, 
Ескі айда есірке,
Жаңа айда жарылқа,– деп сәлемдеседі.
Ел аузында да «Айға қаратып дәрет сындырма», «Айға қол шошайтпа», «Айға қарап күлме, жылама» деген тыйымдар пайда болады. Ай сәулесі адамға түспесін деп терезені түнде жауып жатады екен. Ай сәулесі түскен адам айкезбе ауруына ұшырайды.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Салт - дәстүр сөйлейді: Ақты аяқасты етпе Салт - дәстүр сөйлейді: Ақты аяқасты етпе
Бірде Шайқы Бұрқы Аллаға: – Уа, Тәңірім, осы сенің де өлетін кезің бола ма? – деп сұрапты.
Салт - дәстүр сөйлейді: Үлкенді құрметте Салт - дәстүр сөйлейді: Үлкенді құрметте
Қазақта үлкенді құрметте, жол бер, көліктен түсіп сәлем бер деген әдеп - талаптары бар. Заманында Жүсіп пайғамбардың әкесі он ұлын ертіп, Мысырға
Бата беру Бата беру
Ыбырайым пайғамбар өте қонақжай адам болыпты. Үйіне келген адамға ас бермей шығармайды екен. Асығыс жолаушының өзіне нан ауыз тигізбей жібермепті.
Салт - дәстүр сөйлейді: Ораза ұстау Салт - дәстүр сөйлейді: Ораза ұстау
Адам ата мен Хауа ана пейіште тыйым салынған бидай дәнегін жейді. Бұған дейін қалдық шықпайтын жұмақтың ең асыл тағамдарын таңдап жейтін еді.
Аяқты айқастырма Аяқты айқастырма
Алла тағала озалда Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлыққа жер бетінен үй салып беріп: «Осы жерде тіршілік етіңдер», – дейді.
Сүлеймен пайғамбардан қалған дәстүр Сүлеймен пайғамбардан қалған дәстүр
Қазақ халқында үйге қонақ келгенде жас баланың қолына құман беріп, мойнына сүлгі асып, ас ішердің алдында қонақтардың қолына су құйғызатын дәстүр бар.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×