ойын сауық отауы
Салт - дәстүр сөйлейді: Адамды мазақтама
27.10.2023 613 0 Admin

Салт - дәстүр сөйлейді: Адамды мазақтама

Салт-дәстүр
Салт - дәстүр сөйлейді: Адамды мазақтама
Нұх пайғамбар кеме жасап жатқанда, бір қылжақбас күнде оны мазақ етеді екен. Оның құйтырқы сөздеріне Нұх шыдай алмай, кейде жылап жібереді екен. Ол:
– Мына жындының ісін қараңдар, су жоқ жерге кеме жасап жатыр. Кемеге барлық жануарды жинамақшы. Кемеде қасқыр мен қой, түлкі мен тауық қайтіп бірге тұрады? – деп әжуалайды екен.
Бір күні апат басталып, барлық жануар Алланың әмірімен кемеге мінеді. Кеменің есігі жабылар соңғы сәтте Жебірейіл періште бір мақұлықты сүйреп әкеліп:
– Әй, Нұх, мынау – сені әжуалап, талай рет жылатқан қылжақпас. Момынды мазақтаған – Құдаймен ойнағанмен бірдей. Сені нала қылғаны үшін Алла оны маймылға айналдырды. Оны ала кет. Топан судан қалай аман қалатыныңа куәгер болсын, – дейді.
Қылжақбас адам маймылға айналып, хайуандардың қарасын көбейтеді. Содан бері өзі де елдің мазағына ұшырап келеді екен. «Кісіні мазақ етпе» деген тыйым осыдан қалыпты.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Салт - дәстүр сөйлейді: Айды құрметтеу Салт - дәстүр сөйлейді: Айды құрметтеу
Ертеде Күн мен Айдың нұры бірдей болған екен. Екеуінде жетпіс бөліктен тұратын шуақ болыпты. Жарығы тең болғандықтан, ол кезде күндіз де, түн де
Салт - дәстүр сөйлейді: Әйелдің сән - салтанаты Салт - дәстүр сөйлейді: Әйелдің сән - салтанаты
Адам ата мен Хауа ана тыйым салынған жемісті жеп, жұмақтан қуылады. Алланың әмірімен періштелер Адам атаның басындағы тәжінен бастап інжу - маржан
Салт - дәстүр сөйлейді: Әжетханада сөйлеме Салт - дәстүр сөйлейді: Әжетханада сөйлеме
Пайғамбар заманында бір жігіттің әжетханада отырғанда сырттағы кісімен сөйлесе беретін жаман әдеті бар екен. Мұны байқаған әкесі: – Ұлым, дәретте
Салт - дәстүр сөйлейді: Өсек айтпа Салт - дәстүр сөйлейді: Өсек айтпа
Бірде Мұхамбет пайғамбар (с. а. с.) сахабаларына: – Өсек айту – ғайбат, зинадан да ауыр күнә, – дейді. Сахабалар таңғалып: – Уа, Алланың елшісі! Өсек
Бата беру Бата беру
Ыбырайым пайғамбар өте қонақжай адам болыпты. Үйіне келген адамға ас бермей шығармайды екен. Асығыс жолаушының өзіне нан ауыз тигізбей жібермепті.
Өмірді болжау мүмкін емес Өмірді болжау мүмкін емес
Баяғыда бір кеме апатқа ұшырап, жалғыз қалған адамды толқын елсіз бір аралға әкеп тастапты. Кемедегі барлық адам суға кетіп бір ғана адам тірі
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×