Аңдарға келген індет
Алланың рахметі мол, қаһары қатты, Қарғады дерт жіберіп хайуанатты. Қырылып у жегендей түрлі аңдар, Әр жерде төбе - төбе болып жатты....

Жауға түскеннің сөзі
Жанға көңіл қалып тұр, Жан бұл күйге салып тұр. Тәнге көңіл қалып тұр, Тән шыдамай, арып тұр....

Жазушының қанағаты
Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар, Құлағын біреу салмас, біреу салар. Теп - тегіс көпке ұнау оңай емес, Кейіне жарамаса, кейіне жарар....

Жадовскаядан
Мінсіз таза меруерт Су түбінде жатады. Мінсіз таза асыл сөз Ой түбінде жатады....

Арыстан, киік һәм түлкі
Бар еді бір зеңгір тау асқан биік, Әр түрлі мекен еткен аңдар сүйіп. Жол шеккен тамақ іздеп аш Арыстан Сол таудың арасынан қуды Киік....

Есек пен үкі
Үркектеу, үйір емес онша қолға, Бір Есек ұзақ сапар шықты жолға. Есектің бойы тәуір болғанменен, Есепте қосылмайды есі молға....

Достыма хат
Қырағы, қия жазбас сұңқарым - ай! Қажымас қашық жолға тұлпарым - ай! Үйілген өлексені өрге сүйреп, Шығармақ қыр басына іңкәрің - ай!...

Данышпан Аликтің ажалы
Жар салып, жасақ жияр білімді Алик, Білімсіз хұзарлардан алмаққа кек. Қаласын, егіндерін ызасы үшін От пенен қойған арнап қылышқа деп....
