Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман
Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман, Шошимын кейінгі жас балалардан. Терін сатпай, телміріп көзін сатып, Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман....

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек Ашуың – ашыған у, ойың – кермек. Мұңдасарға кісі жоқ, сөзді ұғарлық, Кім көңілді көретін, болады ермек?...

Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ер жеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім....

Қансонарда бүркітші шығады аңға
Қансонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанға. Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибат Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға....

Сап-сап, көңілім, сап көңілім!
Сап-сап, көңілім, сап көңілім! Саяламай, сай таппай, Не күн туды басыңа Күні-түні жай таппай? Сен жайыңа жүргенмен, Қыз өле ме бай таппай?...

Жақсылыққа
Аяғыңды аңдып бас, ей, Жақсылық! Өз басыңда жаның бар бір бақсылық; Борышқорлық адамға қиыр нәрсе Әрқайда, өткізеді мал тапшылық....

Абралыға
Мен жасымнан көп көрдім Мұсылманды, кәпірді. Абралыдай көрмедім Намаз білмес пақырды....

Шәріпке
Түлкібайдың қатыны атың Шәріп, Байға жарып көрмеген сен бір кәріп. Сен шыққан жол үстінде жалғыз түп ши, Көрінген ит кетеді бір-бір сарып....

Фзули, Шәси, Сәйхали
Фзули, Шәси, Сәйхали. Навой, Сағди, Фирдоуси, Хожа Хафиз – бу һәммәси Мәдәт бер я шағири фәрияд....

Шығыс ақындарынша
Иузи – раушан, көзі гәуһар Лағилдек бет үші әхмар, Тамағы қардан әм биһтар Қашың құдрәт қол шиғә,...
