ойын сауық отауы
Резюме, Түйіндеме
05.07.2016 207 288 0 Дауыл

Резюме, Түйіндеме

Заңдық кеңес
Аты жөні: Асқарова Алтын Тұрарқызы
Жасы: 30
Мекен жайы: мкр 12, дом 38, кв. 23
Телефоны: (үй, моб.), е - mail:

Туған жылы және жері: 20. 11. 1986 ж. Шымент қаласы
• Ұлты: қазақ
• Жанұя жағдайы: тұрмыс құрмаған

Білімі: Жоғары
2006 - 2010 жж. Алматы қаласы, ҚазҰУ университеті, «Математика және жаратылыстану» факультеті

Іс - тәжірибесі: №45 орта мектебі математика пәні мұғалімі

Мамандығы: математика бакалавры

Тілдерді білуі: қазақ тілі – өз тілім, орыс тілі - еркін, ағылшын, неміс, араб тілдері – сөздікпен

Компьютерлік дағдылар: Офистік программалар: Microsoft Ofiice: Word, Excel, Power Point, Access, Графика: Аdobe Photoshop, CorelDraw

Жеке қасиеттері: еңбекқор, өз ісіне жауапты, жан - жақты, іскер, адамдармен тез тіл табысады. Өз алдына мақсат қоя біледі.

Қосымша мәліметтер: Кітап оқу, сурет салу, өлең жазу, музыкаға деген қызығушылығы ерекше.

РЕЗЮМЕ ЖАЗУҒА ҚАТЫСТЫ 10 КЕҢЕС
1. Түйіндемені ешқашан Word форматта жібермеңіз. Себебі Ворд форматта кез келген ақпаратыңыз өңделеді және пошта арқылы ашқанда әріптер жан - жаққа шашылып, ұсқынсыз көрінеді. Microsoft Office соңғы жылғы версияларында Word форматты сақтағанда PDF етіп сақтауға болады.

2. Түйіндемеге міндетті түрде позитив фотоңызды қойыңыз немесе фотоңызды көретін әлеуметтік желілеріңіздің адресін жазыңыз. Мысалы, менің компанияма клиенттермен сөйлесетін бойы ұзынырақ қыз керек деген соң, түрі де, дене бітімі де маңызды. Сондықтан адамның түрін көруіміз керек.

3. Ешқашан Mail. ru пошта жазбаңыз. Сондай - ақ, поштаңызда жылыңыз, лақап атыңыз немесе қай өңірден екеніңіз жазылмасын. Мысалы: nurgul94@mail.ru, gumi - 001@mail.ru, asel_from_aktau@mail.ru сияқты пошта иелерін өз басым жұмысқа алмаймын. (Айтпақшы, мына пошталарды ойдан шығара салдым, дәл осындай пошта иелері болып жатса, жай сәйкестік болғанын айта кетейін) Оқыған - тоқыған, көзі ашық адамның поштасы gmail. com сияқты әлемдік сервис болуы шарт. Mail. ru - МАЛ.ру атымен танымал.

4. Тілдер туралы біліміңізді көрсеткенде "со словарем" немесе калькаланған "сөздік бойынша" аудармасын жазбай - ақ қойыңыздар. Бұл сөз - дым білмеймін дегенді білдіреді ғой. Сөздік қолданбай - ақ Google Translator беретін болса, әлемнің кез келген тілінде сөйлеуге болады.

5. Тағы бір бөлімге Internet Explorer атты браузерді жазып, масқара болудың қажеті жоқ. Бұл браузердің логосында Е әрібі тұрушы еді. Оны бүкіл xалық ЕСЕК деп айтады, себебі әлемдегі ең құрыған жайбасар браузер. Оны шығаратын Майкрософт компаниясының өзі Explorer - ді жетілдіріп, саппорт жасауды тоқтатты.

6. "Маған резюменің үлгісін жібере аласыз ба?", резюме жіберіңіз деген поштаға "Сізбен қалай xабарласуға болады?" немесе барлық шарттарын жазып қойған жарнама туралы "Ол қандай жұмыс екенін толығырақ білуге бола ма?" деп онсыз да жұмысы көп адамның уақытын алып, жүйке талшықтарын өлтірудің "ауыр күнә" екенін айта кетейін )))

7. Істемейтін телефон нөмірді, компаниядағы поштаңызды немесе университетіңіздің, клубыңыздың, группаңыздың поштасын беруші болмаңыз. Сондай - ақ, резюмені құжат ретінде емес, жеке чатқа, поштаға мәтін түрінде жіберуді қанша ойласам да түсіне алмадым. Аяқ астынан жұмыс шыққан соң, асығып - үсігіп жаза салған сияқты көрінді.

8. Қазіргі заман әлеуметтік желілердің тренд болып тұрған уақыты. Сондықтан сізді шақырып, әуре қылмай қандай маман екеніңізді білу үшін әлеуметтік желідегі аккаунттарыңызды да қосымша ақпарат ретінде қалдыра салу зиян болмайды. Болашақта осы парақшамды менің жұмыс беруші компаниям қарайды - ау деген стратегиялық жоспармен қазірден бастап, әлеуметтік желідегі әр салған фотоңыз бен жазбаңызға аса мән беріңіз. Инстаграм мен Фейсбуктағы анкетаңызды көрген адам резюме көргендей күй кешетін болсын. Сонда сізге жұмыс берушілер көптеп xабарласады.

9. Жалпы қазірден бастап, резюмесіз жұмысқа кіретіндей деңгейде мықты, кәсіби маман болуға тырысыңыз. Сіздің әлеуметтік желідегі жазған жазбаңызды көріп, бірден жұмысқа шақыратын немесе оффлайнда өзіңізді қалай ұстап, қалай сөйлегеніңізге қарай сізге аяқ астынан жұмыс ұсынатын деңгейде алғыр hәм пысық болыңыз. Өз басым бір рет қана "для галочки" құжаттар тізімінде болу үшін ғана резюме жазып көрдім. Бірақ оның өзі аппақ парақта емес, көздің жауын алмаса да, кішкене әдемірек болды.

10. Резюмеңізді барынша сәндеңіз. Аппақ парақтағы резюмені кез келген ксерокс жасайтын жердегі жігіт жасап береді. Ал мына суреттегідей түрлі түсті резюмені жасасаңыз, жұмыс беруші креативіңізге тәнті болып, міндетті түрде xабарласады. Google. com атты Құдай бере салған сайт бар, соған кіресіз де, "cv templates word" немесе Russian - ша "резюме шаблоны word" десеңіз, тегіні бар, ақылысы бар миллион түрлі шаблон шығарып береді, соның біреуін алып, бүкіл мәліметіңді салып шықсаңыз, өз резюмеңізге өзіңіз ғашық болып қаласыз.


Толық нұсқасын жүктеу
Резюме түрлерін жүктеп алу

Испанияның Сетенил-де-лас-Бодегас қаласы жайлы естігенсіз бе? Испанияның Сетенил-де-лас-Бодегас қаласы жайлы
Сетенилдің басты назар аударарлық орны – бұл үйлер мен көшелер жартастармен қиратылған секілді. Испандықтар Сетенил - де - лас - Бодегас қаласын «рок
Оңашадағы ойлар Оңашадағы ойлар
Мектепте болсын, жоғары оқу орнында болсын, оқытушылар балаларға тек бағдар ғана береді. Ал, адамның білімді болуы сол адамның «самообразованиемен»
Әлемдегі ең танымал 10 тіл Әлемдегі ең танымал 10 тіл
2019 жылғы мәліметтер бойынша тасымалдаушылар санын ескере отырып, әлемдегі ең танымал 10 тілдердің тізімін ұсынамыз.
Математика – ғылымдар патшасы Математика – ғылымдар патшасы
Сырын ашып беретін әр ұғымның, Ғажап сырды осыдан сен ұғындың. Қиыны мен қатар тұрар қызығы, Математика – патшасы сан ғылымның.
Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды.
2017 жылы ҰБТ 20 маусымнан бірінші шілдеге дейін өткізіледі. Ұлттық тестілеу орталығының ақпаратына сәйкес, биыл ҰБТ - ны 92827 оқушы тапсырады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×