Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Физикалық турнир

03 қазан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Физика
Мақсаттары:
1. Ойын сауық барысында физикалық терминді, шамаларды қайталау, білімдерін кеңейту;
2. Оқушылардың қызығушылықтарын, ой - өрістерін, танымдық қабілеттерін дамыту;
3. Өзара қарым - қатынас жасауға тәрбиелеу, тапқырлыққа баулу;

Көрнекіліктер:;
1. Физикалық шамалар жазылған карточкалар,
2. Ғалымдардың фото - суреттері;
3. Интерактивті тақта;

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс

Өту барысы:
1. Таныстыру;
2. Сергіту сәті (2командаға ортақ қызықты логикалық сұрақтар);
3. «Теориктер сайысы»
(Тақтада Г. Ом, И. Ньютон, Ш. Кулон, Э. Ленц, П. Джоуль аттары жазылып тұрады. Осы ұлы ғалымдардың заңдарын атап, формуласын жазып береді.)
4. «Ізденушілер сайысы»
(3 бөлімшеден тұратын тапсырмаларға жауап береді. )
5. «Сиқыршылар сайысы»
(Сұрақтар беріледі.)
6. «Тарихшылар сайысы»
(Ұлы ғалымдардың өмірбаянынан үзінді оқылады. Кім туралы, яғни қай ғалым екенін анықтау керек.)
7. «Физикалық шамалар айтысы»
(Шашыраған әріптерді жинап, белгілі бір физикалық шаманы құрастыру керек. Бұл жұмыс шапшаңдықпен бағаланады.)

1. Таныстыру

2. Сергіту сәті:
10 ұпай. Ашық ыдыстағы су неге азаяды, қандай физикалық құбылыспен түсіндіріледі? (Кебу)
20 ұпай Елеуішпен су әкелуге болама? (иа, қар ж/е мұз күйінде)
30 ұпай Меганьютонда қанша Ньютон бар? (106 Н)
Суда қандай тастар болмайды? (құрғақ)
40 ұпай Ғарышкерлер күні қашан? (12 сәуір)
Қалай 10м сатыдан секіріп жараланбауға болады? (1 сатысынан секіру керек)
50 ұпай Аспан неге көк? (Ауа қабаты көк түсті жақсы ұстап қалады)
Радионы кім ойлап тапқан, туған күні қашан? (1895ж 7 мамыр А. СПопов)
5 ұпай Қандай жолмен адам еш уақытта жүрмейді? (Құс жолымен)
10 ұпай Алма түсіп басына
Басына емес қасына
Тартылыс заңын таптым деп
Кетті ғалым асыға (И. Ньютон)
20 ұпай Құрметтейік ғалымды
Ғылымды алға жылжытқан
Инерция құбылысын
Айтшы достар кім ашқан? (Г. Галилей)

30 ұпай «Ауыр ядро, жеңіл оқ ж/е құстың қауырсыны» қандай жағдайда жерге бірдей жылдамдықпен құлайды? (Ауасыз бос кеңістікте. Вакуумде. Г. Галилей Пиза мұнарасы.)
40 ұпай Ең алғаш телескопты ойлап тапқан ғалым? Г. Галилей
50 ұпай Телефонды кім ойлап тапқан? (1847 - 1922 жылдары өмір сүрген американ өнертапқышы А. Белл. Осы ғалымның құрметіне дыбыстың қаттылығы Децибелмен өлшенеді (дБ))

3. Теориктер сайысы:
И. Ньютон заңы - І тек инерциалды санақ жүйесінде орындалады.
ІІ үдеу күшке тура пропорционал, дененің массасына кері пропорционал: a=F/m.
ІІІ әрекеттесуші күштер модульі жағынан тең, бағыты жағынан қарама - қарсы болады.
Г. Ом заңы - тізбектің бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал: I=U/R
Ш. Кулон заңы – қозғалмайтын екі нүктелік заряд вакуумде зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың арақашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен әрекеттеседі: F=k*q1*q2 / r2
Джоуль - Ленц заңы - өткізгіш бойымен ток жүрген кезде өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал: Q=I2Rt

4. Ізденушілер сайысы:
Есеп
Есептер (ойлануға 2мин)
1.“Исатай батыр Тайсойғаннан ерте шығып, түсте хан ордасына жетпекші болды. Оның астындағы Ақтабаны бұлттан төмен, қарағайдан жоғары шапты.” Тайсойған мен хан ордасының арақашықтығын шамамен 300 км, ал Исатай батыр жолда 10 сағ болды деп есептеңдер. Ақтабанның қандай жылдамдықпен шапқанын анықтаңдар.
2. Автомобиль радиусы 100 м айналма жолмен 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Оның центрге тартқыш үдеуін анықта.

Физикалық шамалар мен өлшем бірліктер
1 - команда шамалардың атын жазып шығады, 2 - команда өлшем бірлігін жазып көрсетеді.
І – команда ------------------------------ ІІ - команда
U – кернеу, ішкі энергия; ----------- кернеу – «В», ішкі энергия «Дж»;
T – температура; ---------------------- температура – «К, 0С»;
R – кедергі; ----------------------------- кедергі - «Ом»;
F – күш; ---------------------------------- күш – «Ньютон»;
Q – жылу мөлшері; ------------------ жылу мөлшері – «Дж»;
A – Жұмыс; ----------------------------- жұмыс – «Дж»;
V – көлем; ------------------------------ көлем – м3;
N – қуат; -------------------------------- қуат – «Вт»;
P – қысым; ----------------------------- қысым – «Па»;
S – орын ауыстыру, жол; ---------- жол – «м»;

Үшінші бөлімі «Лабиринт» - деп аталады. Ойыншылардың міндеті, осы тапсырмаларды шешіп, әділқазыларға көрсету. (Сендерге 3 минут уақыт берілсін)
№1. Жерден айға ұшып жету үшін, латын әріптері арқылы қандай физикалық шамалар белгіленгенін айтыңыз.
Жауабы: масса, уақыт, жылдамдық, ұзындық, ұзындық, микро.
№2. Мектептен үйге жету үшін, физикалық шамалардың өлшем бірліктерін білу керек.
Жауабы: метр, м/с, кг, с, м, м/с, м.

5. Сиқыршылар сайысы:
1 - команда:
Сұрақ: біз найзағай жарқылдаған 1 - ші дыбысын естиміз бе әлде 1 - ші жарқылды көреміз бе?
Жауап: біз бірінші жарқылды көреміз себебі жарықтың таралу жылдамдығы c=3*108 м/с, ал дыбыстың таралу жылдамдығы одан аз v = 340м/с тең. (Дыбыстың таралу құбылысы)

2 - команда:
Сұрақ: неге шаңғысыз адам қарда жүре алмайды, ал шаңғысы бар бала қарда емін еркін жүреді? Шаңғымен де, шаңғысыз да адам қарды өзінің салмағына тең бірдей күшпен басады.
Жауап: Өйткені шаңғы бетінің ауданы адам табанының ауданынан 20
Еседей үлкен. Сондықтан ол шаңғымен тұрғанда қар бетінің әрбір шаршы сантиметр ауданын шаңғысыз тұрғандағыдан гөрі 20 еседей аз күшпен басады. (Қысым құбылысы)

6. Тарихшылар сайысы:
5 ұпай (М. В. Ломоносов)
Архангельск қаласның маңайындағы орыс деревнясында 1711ж 19 қарашада дүниеге келген. Алғашқы орыс жоғары оқу орнында оқыған. Оны танығын кісі “Энцоклопедия” деп атаған. Физика терминін ең алғаш орыс тіліне енгізген ғалым кім?
10 ұпай (И. Ньютон)
Өзінің ғылыми жұмыстары үшін ағылшын физигі “Рыцарь титулын”алған. Философ Гегель деген ғалым былай қалжындайтын: “Әлемдіқұртқан үш алма: Адам алмасы, Париж алмасы және оның алмасы” Әңгіме қай ғалым туралы айтылған?
5 ұпай (Г. Галилей)
Негізгі тәрбиені шіркеуден алған, білімін Пиза университетінің медициналық факультетінде жалғастырды. Содан кейін математика мұғалімі болып жұмыс істеген. Ол 1692ж қайтыс болды. 100ж өткен соң 1737ж оның мәйітін өсиеті бойынша Флоренцияға Микеланджелоның жанына көшірді. Тек 300ж өткеннен кейін Рим папасы оның айтқаны дұрыс деп жариялады. Ол алғашқы телескопты ойлап тапқан.
Бұл қай ғалым?
10 ұпай (Б. д. д 272 - 212 өмір сүрген Сиракус ғалымы Архимед)
Ежелгі грек ғалымы “Маған тіреу нүктесін көрсетсеңіз болғаны мен Жерді көтеріп беремін” деген сөзімен тарихта қалған.
Ол кім? Қай елдің ғалымы?

7. Физикалық шамалар сайысы:
1 - команда 2 - команда
Льтов - Вольт;
Радаф – Фарад;
Трияпоид – диоптрия;
Ельвинк - Кельвин;
Темром – Омметр;

Қорытынды:
Барлықтарыңызға қатысқандарыңыз үшін рахмет. Ұстаздар сіздерге жұмыстарыңызға жеміс, оқушыларға тілерім оқуда озат болыңыздар. Кездескенше, сау болыңыздар!
7 675
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сақталу заңдары
Сақталу заңдары
Сақталу заңдары және онда қолданылатын физикалық шамалар формуласын есеп шығаруда үйренеді.
Физикалық шамалар. Шамаларды өлшеу. Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі
Физикалық шамалар. Шамаларды өлшеу. Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі
Физикалық шаманы өлшеу туралы, физикалық шаманың мәні туралы түсініктің қалыптасуы, бөліктің құнын анықтауды үйрену.
Қызықты физика физикалық ойынының бағдарламасы
Қызықты физика физикалық ойынының бағдарламасы
Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, Танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Шығыс Қазақстан облысы, Тассай ауылы, М. О. Әуезов атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Смагулова Б. А.
"Көңілді тапқырлар" сайысы
"Көңілді тапқырлар" сайысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бірлік ауылындағы №102 орта мектебінің физика пәні мұғалімі Жанназарова Салтанат Нұрадинқызы
Ғажайып бестік алаңы
Ғажайып бестік алаңы
Қызылорда қаласы, Талдыарал елді мекені №215 орта мектебінің физика пәні мұғалімі Бекетова Ғалия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×