Білімділер поралы

Асық ойындары

Асық ойындары
Мақсаты: Білімділік: Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту.
Дамытушылық: Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу.
Тәрбиелік: балаларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу, қазақ халқының брендттерін сақтап әлемдік денгейдегі спорттық ойындар қатарына қостыруға ой туғызу.
Қажетті көрнекілігі: Асықтар, плакат, ысқырық, қоржын, асық суреттер т. б

Балаларды сапқа тұрғызу
Сапта бір орында жүру, жүгіру
Жүру бағытында орындалатын жаттығулар:
- Жаймен жүргізіп жаттығулар жасату.
- Қолымыз желкеге, өкшемен жүру.
- Қолымыз жоғары, аяқтарымыздың ұшымен жүру.
- Қолымыз алға созып, жартылай отырып жүру.

3. Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар.
- Қолымызды алға созып, тіземізді тигізіп жүгіру.
- Қолымызды артқа ұстап, өкшемізге тигізіп жүгіру.
- Бір қырындап жүгіру, оң жақ және сол жақ.

Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау.

Тыныс ал, Нұсқаушының нұсқауын тыңдап, тапсырманы орындайды,
Арақашықтықты сақтау, қолды бүкпеу, денені тік ұстау, басты көтеру.
Денені тік ұстау, қол бел тұста.
Қаз тәрізді жүру, жоғары секіру.
Қимылын қадағалау.

Алақанға тізені тигізу.
Алақанға тигізу.
Қимылын қадағалау.

Тынысты қалыпқа келтіру.

Ұйымдастырушылық - ізденістік
Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайларына, шаруашылың мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан нерв жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған.
Асық ойыны, баланың күн ұзақ қимылына тигізер әсері мол.
– Ойын барысында: • жүгіру • жүру • иілу • секіру • сақа иіру • көздеп тигізу • лақтыру, ату т. б, жатады
Асық ойынында асықтың берекесі де, басшысы да «сақа».

Асықты иіріп тастағандағы жатысы төрт түрлі аталады:
1. Ең сәтті тұрғандағы атауы «алшы». /барлығын бірден ұтасың /
2. Төңкеріліп тұрғаны тәукі /тәуекел мағанасы/ (тәйкі)
3. Екбетінен жатқаны «бүк» /бүк түсіп жату/
4. Шалқасынан түскені «ішік» /іші көрініп жатуы/

Ендеше асық ойындарынық түрлері: Ханталапай, Омпы, Алшы, Хан, Асық ату, «Үш табан», «Шеңбер», «Бес табан» т. б.
- Ендеше балалар, «Асық ату» ойынын ойнайық шарты:
Асық ату (хан ату). Ойынға бірнеше адам қатысады. Әрбір ойыншылар кезекпен қолдағы асықтарды сырмақ үстіне шашады. Арнайы белгілеген асықпан (сақамен) қалған асықтарды шертеп атады. Басты шарты ұқсас асықтарды ғана атады. Басқа асықтарға тигізбей атып алынған асық, ұпай ретінде олжаланады. Ойын осылай жалғаса береді…
Бес табан. Ойыншылар тегіс жерді таңдайды. Ортасына түзу сызық сызады. Оған жағалай асық тізеді. Ойынды бастаушы асық тізілген жерден бес табанға тең аралықты белгілеп алып, шеңбер тартады. Ойыншылар шеңберге кірмей (баспай) ортадағы асықты атады. Сақа тиген асық міндетті түрде шеңберден шығуы керек. Кім көп асықты атып шеңберден шығарса сол ұтады.

сұрақ: «Асық» туралы не білдік?
Қайталап айту
Ойындар туралы мағұлмат алу
Ойынға қатысу,
Ойын ережесін сақтау
- Асық - қазақ халқының ұлттық ойыны
- Асық қазақ халқының, ырымдарында қадірлі сүйектің бірі.
- Баласының ермегі, ойыншығы, сүйікті ойыны болған
Рефлексиялық - түзетушілік
сапқа тұрғызу.
Бағалау. Ұпайлар саны бойынша және ерекше көзге түскен оқушыларды бағалау.

Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Асық ойынына қатысу, сапта түзу жүру, жүгіру
Түсінеді: ойын шартын, асық ойынының барлық ережелерін, қыр – сырларын, асықтың түрлерімен ерекшелерін
Қолданылады: асықты ату, ереже сақтау
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 121
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 120
Роботтар: 2
Гүлжазира
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика