Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Мәліметтерді енгізу және шығару операторы

23 ақпан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Мәліметтерді енгізу және шығару операторы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға енгізу және шығару операторлар ұғымымен таныстырып, есеп шешу арқылы білімдерін қалыптастыру;
Дамытушылық: Арифметикалық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелік: Жеке жұмыстана білуге, ұқыптылыққа, ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Міндеттер: Бұрынғы білімдерін пайдалана отырып, жаңа білімді дамытады.
Сабақ барысында бір - бірімен достық қарым - қатынасты үйретеді.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: енгізу және шығару операторлары туралы түсініктерін қалыптастырады, практика жүзінде орындайды. Берілген тапсырмаларды ауызша және жазбаша орындайды.
Түсінеді: енгізу және шығару операторларының бір - бірінен айырмашылықтарын, олардың жазылу әдісі туралы түсінеді.
Қолданады: бүгінгі сабақтан алған мәліметті есеп шығарған кездерінде қолданады.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақ типі: сұрақ – жауап, ой – қозғау, жеке және топтық жұмыс.
Әдіс - тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ – жауап, сергіту жаттығулар.
Көрнекілігі: флипчарт, үлестірмелі тапсырмалар, сызбалар.
Пән аралық байланыс: математика
Құрал - жабдықтар: ноутбук - 16, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор - 1.

Сабақтың барысы
І. Кіріспе.
Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
Журнал толтыру;
Оқушылардың назарын сабаққа бұру.
Оқушылар фишкаларды таңдау арқылы 2 топқа бөлінеді.

ІІ. " Көңіл - күй" тренинг.
Фигуралардың бірін таңда:
Тренинг: «Дискотека» (музыка жіберіледі оқушылар қолдарын сабаққа дайындау үшін жаттығу жасайды)

ІІІ. " Білгенге маржан" Үй тапсырмасын тексеру.
А) Мазмұндарын сұрау, үйге берілген есептерін сұрау.
есеп - 1: Дөңгелек ауданын табу программасын құр.
Жауабы:
const p=3. 14;
var s, r: real;
begin
readln(r);
s:= p*sqr(r);
writeln(s);
end.

Ә) Тірек сызба, интерактивті тақтадағы тапсырманы орындау
Стандарт жәй тип

Процедуралық
Нақты
Файл
Жиын
Массив

Стандарт жәй емес тип

Бүтін
Логикалық
Санақты және шектеулі
символдық

Құрылымдық тип

Жазу

• Дұрысы:
Стандарт жәй тип

Бүтін
Нақты
Логикалық
Процедуралық
Символдық

Стандарт жәй емес тип

Жиын
Массив
Жазу
Файл

Құрылымдық тип

Санақты және шектеулі

ІҮ. Жаңа сабақ.
Оператор дегеніміз – белгілі бір шамаға жүргізілетін амалдардың орындалу жолын көрсететін нұсқау. Паскаль тілінде операторларды begin – end деген операторлық жақшалардың арасына жазылатынын біз білеміз. Паскаль операторлары бірінің астына бірі немесе бірінен кейін бірі арасы нүктелі үтірмен (;) бөлініп жазылатынын тағыда білеміз. Енді паскаль тілінде енгізу және шығару операторларына тоқталып өтейік. Ол үшін мына кестеге назар аударайық:
Операторлар ------- Жол пішіні -------- Қолданылуы және пайдалануы (кесте)

Мысалы: ауданды есептеу программасы (схема)

V. Сергіту сәті:
«Жаңбыр» физминутка

ҮІ. «Қатені тап» /Дәптермен жұмыс/ (жеке жұмыс)
Үлестірмедегі тапсырмаларды дәптерге орындау.
program kosu //тақырып соңында нүктелі үтір болу керек
var a, b, c: integer;
begin
read ( a; b ); // айнымалылар тізімі үтірмен ажыратылады
a + b:=с; //айнымалы атауы:= белгісінің сол жағында болуы керек
writeln ( c );
end.

ҮІІ. Практикум. /компьютермен жұмыс/ (топтық жұмыс)
Берілген есептерді компьютерге салмас бұрын оқушылар төмендегі маман бойынша тапсырмаларды орындайды.
1. Математикалық құрылымын құру - «Математика» маманына тапсырылып, ол интерактивті тақтаға есепті шығарады;
2. Математикалық құрылымын алгоритмдік тілде жазу үшін - «Информатика» маманына тапсырылып, ол есептің алгоритмін жазады;
3. Алгоритмдік тілдегі есепті бағдарламалау тілінде жазу - «Программист» маманына тапсырылып, ол есептің бағдарламасын компьютерге жазады;

1 - топқа:
Үш ыдыста су құйылған. Бірінші ыдыстағы V1 л судың температурасы t1, екіншідегі V2 л судың температурасы t2, үшіншідегі V3 л судың температурасы t3. Суларды бір ыдысқа құйды. Бір ыдысқа құйылған барлық судың жалпы көлемін және орташа температурасын анықтайтын программа құрыңдар. (Температураны мына формуламен T = (t1+t2+t3)/3 табуға болады)

Жауабы:
Program esep_1;
Var V1, V2, V3, V, T, t1, t2, t3: real;
begin
readln(V1, V2, V3, t1, t2, t3);
V:=V1+V2+V3;
T:=(t1+t2+t3)/3;
Writeln (‘V=’, V, ’T=’, T);
readln;
end.

2 - топқа:
Екі санның бөліндісін табу программасын құру керек.
Жауабы:
Program bolindi;
Var a, b, x: real;
Begin
Write (‘a, b - сандарын енгіз');
Readln(a, b);
X:=a/b;
Writeln(‘x=’, x);
End.

VІІІ. Қорытынды:
1) «Тазалық ойыны» әр топқа парақшалар таратылып беріледі. Онда мыналар салынған:
1. Чемодан 2. қоқыс жәшігі 3. еттартқыш
Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)

ІХ. Үйге тапсырма:
А) Мәліметтерді енгізу және шығару операторлары;
Ә) Шеңбердің ұзындығын анықтайтын программа құрыңдар.
Х. Бағалау: (смайликтер жинау бойынша бағалау)
wink «ӨТЕ ЖАҚСЫ»
winked «ЖАҚСЫ»
what «ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ»

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы,
Ақтай - сай ауылы «Қаракөл жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
информатика пәнінің мұғалімі Рамазанова Гүлзия Қайырғалиқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 403
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері
MS Excel программасында диаграмма құрастыруды оған қажетті мәліметтерді белгілеп алып Вставка(Енгізу) >Диаграмма… әрекеттерін орындау арқылы немесе саймандар тақтасындағы Диаграммалар шеберін қосу арқылы орындауға болады.
Программалау еліне саяхат
Программалау еліне саяхат
REPEAT операторында қайталану шарты цикл соңында тексеріледі және цикл тұлғасы шарт жалған болғанша қайталанады. Ал WHILE - да керісінше. REPEAT - UNTIL қызметші сөздер арасында бірнеше оператор болса да bеgin - end операторлық жақшаны қолданбаса да
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
үшбұрыштың сыртқы бұрышы онымен сыбайлас емес екi iшкi бұрыштың қосындысына тең.
412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Бекболат ауылы, 1 Май орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джанкенова Анаргуль Куанышевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.