Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Махамбет «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн»

26 сәуір 2016, Сейсенбі
Махамбет «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн» (8 - сынып)

Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн» өлеңдері
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік. Махамбет шығармаларымен таныстыру, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын анықтау. Білімдерін саралау, жүйелеу.
б) дамытушылық. Өлең талдау дағдысын қалыптастыру. Жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту. Таным көкжиегін кеңейту.
в) тәрбиелік. Ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу. Бір - бірінің пікірін дамыта отырып, бірлесіп жұмыс істеуге, өзара сыйластыққа тәрбиелеу. Отанды, елді сүйе білуге, батырын ардақтауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, слайдтар, электронды оқулықтар, т. б.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ типі: ізденіс сабағы.
Сабақтың әдісі: іздендіру, салыстыру, мәнерлеп оқу, ой қорыту.
сұрақ - жауап, топтастыру,, пікірталас, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлемдесу. Сабаққа дайындау.
2. «Қайталау - оқу анасы» бөлімі. (Үй тапсырмасын сұрау)
- Х - ХІІ ғ. әдебиетіне кімдерді жатқызамыз? (тақтаға жазғызу)
- Өз шығармаларында қандай мәселелерді сөз етеді?
- Араларындағы ұқсастық қандай? (топтастыру)

- оқу - білімге шақырады - адамгершілікке үндейді
- қанағатшылдыққа бағыттайды

А. Иасауи.
Ж. Баласағұни.
М. Қашқари.
Ә. Фараби
С. Сарай.

3. «Білім – сарқылмас байлық» бөлімі. (Жаңа тақырыпты меңгерту)
а) Қызығушылығын ояту.
(Махамбеттің бір өлеңін электронды оқулықтан тыңдату)
- Балалар, бұл қай ақынның өлеңі?
- Махамбет кім?

ақын
батыр
күйші

Сыныптағы үш қатарға 3 тапсырма беру, қолдарына берілген қосымша әдебиеттер мен ғаламторды пайдалана отырып, мәліметтер жинап, айту.
1 - қатар Махамбеттің батырлығы;
2 - қатар Махамбеттің күйшілігі;
3 - қатар Махамбеттің ақындығы;
ә) Жаңа сабақты түсіндіру.
- сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
Махамбет жаратылысында әрі батыр, әрі жырау - ақын, әрі күйші - домбырашы болыпты. Мінезі өте қызулы, бет алған жағынан қайтпайтын, қайсар ер адам болған. (М. Әуезов).
(Оқушылар айтқан мәліметтерді жинақтап, толықтырып айтып кету)

3) «Білім - терең теңіз, Білім, еңбек - егіз». ( Оқушылармен, кітаппен жұмыс. Оқушылар жұптаса орындайды)
- өлеңдерін дауыстап, мәнерлеп оқыту.
- өлеңнің тақырыбын анықтап, тіл көркемдігіне, өлең құрылысына талдау.
«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі
- 1 шумақ, 19 тармақ, 2 бунақ, 8 буыннан тұрады, шұбыртпалы ұйқасқа жазылған;
- гипербола, ассонанс, аллитерация, риторикалық сұрақ бар.
- туған жер үшін күреске шақырады;
- ер адам осындай қиындыққа шыдау керектігін айтады;
- азаматтың алдындағы қиындықтар мен ауыр сынақтарды тізіп шығады;
- осындай қиындыққа шыдаған кісі ер атануға лайық деген байлам жасайды;

«Мұнар күн» өлеңі
І. 1 шумақ, 36 тармақ, 2 бунақ, 8 буыннан тұрады, шұбыртпалы ұйқасқа жазылған
ІІ. «күн» сөзі қайталанып келу арқылы өлеңнің әсерін күшейтіп тұр, теңеу (Хас бәйтерек...) мұнар, шұбар
эпитетті пайдаланған.
ІІІ. - ішкі жан сыры жырланады;
- достан айырылғанын сезесің.

Қосымша сұрақтар.
- Досы кім?
- Досына шығарған қандай өлеңімен таныстық?
(7 - сыныптағы «Тарланым» өлеңін еске түсіру)

«Танымыңды кеңейт» бөлімі (Екі өлеңін салыстыру)
▪ «Ереуіл атқа ер салмай»
- күреске шақырады;
- жігерлендіреді;
- ерлік жалын
- намысын қайрайды

▪ «Мұнар күн»
- жан сыры байқалады;
- достан айырылғанын сезесің;
- мұңаю бар.

▪ Ұқсастығы
- өмірге құлшыныс сезіледі;
- күрес жолынан таймайтыны көрінеді;
- шұбыртпалы ұйқаспен жазылған;
- 8 буынды.

- Ер сөзіне байланысты қандай мақал білеміз?
- Ер сөзінің синонимі, омонимі.

4) «Ізденіс - шығармашылық бастауы» Махамбет шығармаларын талдау жұмыстары бойынша жинақтап, кесте толтыру (Топпен жұмыс)
Махамбет поэзиясы
Тақырыбы ----------- Түр жаңалығы ------------- Тіл көркемдігі

5) «Жыр жазамын жүрегімнен...» (Шығармашылық жұмыс. Әр оқушы өз таңдауы бойынша орындайды)
1 - тапсырма. Махамбеттен (өлеңдерін жатқа оқу)
2 - тапсырма. Махамбеттей (өлеңдеріндегі афоризмдерді мақалмен салыстыру)
3 - тапсырма. Махамбетше (өз шығармашылығынан өлең оқу)

Мысал - үлгі
Махамбет өлеңінен үзінді
1 Асыл ердің баласы
жауды көрсе шыдамай көзін салар қияға.
Ермін деген жігітті кеңшілікте сынама.
(«Қарағай шаптым шандоздап»)

Мақал - мәтел
«Өзіммін деген жігітті түзде сынама, үйде сына»

2 Айырдан, туған жампоз бар
Нарға жүгін салғысыз.
Аруанадан туған мая бар -
Асылын айуан десе нанғысыз.
(«Атадан туған қазанат»)
Мақал - мәтел
«Жақсыдан туған жаман бар,
Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан туған жақсы бар -
Атасын айтса нанғысыз»

6) «Өмірді танығың келсе, адамдардың жүрегіне үңіл» ( Пікірталас)
- Бүгінгі өмірімізде Махамбеттер бар ма?

7) Мұғалімнің жинақтап қорытындылауы.
“Махамбет - өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы”. Өзін емес, өзге жайын, ел қамын ғана ойлаған. Отбасынан баз кешіп, өз рахатынан өзі безіп, ылғи ғана “ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып” жүргендегі мақсат - мүддесі – елінің ертеңі, дәлірек айтқанда, - біздің бүгінгі күніміз азат Қазақ мемлекетінің егемендігі
Сөз зергері, академик Зейнолла Қабдолов

8. Үйге тапсырма беру.
1. Махамбет Өтемісұлы туралы деректерді оқу.
2.«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жаттау.
3. Махамбет өлеңдерінен афоризмдерді жазу.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,
№19 орта жалпы білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Рысқалиева Ақжонас Сағынғалиқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 818
0
9 дауыс
Оқи отырыңыз
Балықтар. Қосмекенділер мен жорғалаушылар
Балықтар. Қосмекенділер мен жорғалаушылар
Балықтар, қосмекенділер мен жорғалаушылар туралы жалпы түсінік беру. Тіршілік ету ортасы туралы мағлұмат беру. Жануарлардың атауларын ажырата білуге үйрету.
Абайдың табиғат лирикасы
Абайдың табиғат лирикасы
«Семей қаласының №37 гимназиясы»КММ қазақ тіл мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрғамысова Шолпан Махмұтқызы
Қасым Аманжолов өмірі мен қызметі. «Өзім туралы» өлеңі
Қасым Аманжолов өмірі мен қызметі. «Өзім туралы» өлеңі
Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру, ақын тілінің ерекшелігін танытып, өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтау.
Тасымал, Сен бақытты ұлансың. М. Қуанышбеков
Тасымал, Сен бақытты ұлансың. М. Қуанышбеков
Оқушыларды сөздерді буынға бөлу арқылы тасымалдауға үйрету. Тасымал жолдарымен таныстыру.
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
үшбұрыштың сыртқы бұрышы онымен сыбайлас емес екi iшкi бұрыштың қосындысына тең.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.