Бәйге бөлімі


Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі

Қазақ әдебиеті 8 - сынып
Төлен Әбдіков. «Қонақтар» әңгімесі (1 сағат)
Сілтеме: Қосымша материалдар: интербелсенді тақта, үлестірме кестемелер, флипчарт, маркерлер, қоржын. Оқулық материалы.
Мақсаты: а) Әңгіменің идеясын таниды, жазушы Төлен Әбдіковтің өмірі, шығармалары жайлы түсінік, «Қонақтар» әңгімесінің мазмұнымен таныса отырып, ата - ана мен бала қарым - қатынасы жайлы мағлұмат алады.
ә) оқушылар көркем шығарманы оқи отырып, сыни тұрғыдан талдауға өз көзқарастарын білдіре алады, өмірмен байланыстыра келе өзіндік ой қорытындысын жасай біледі, түрлі әдіс - тәсілдер арқылы ойлау қабілеті дамиды, тіл байлығы молаяды, шығармашылық қабілеттері шыңдалады.
б) ата - ана алдындағы, туған жер, ел алдындағы парызын терең түсіне білуге дағдыланады, ой түюге баулу қабілеттері артады, адамдық асыл қасиеттерге тәрбиеленеді.
Оқыту нәтижесі: Өздігінен оқу дағдыларын қалыптастырады. Жаңа тақырыптың мазмұнын өз бетімен аша алады, салыстыра біледі, талдай алады, ой қорытуды үйренеді. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Негізгі идея – ата - ана алдындағы перзенттік борышты өтеу.
Сабақ түрі: Жаңа білім беру сабағы.
Ой қозғау: Жеке тұлғаға бағытталған тапсырмалар ұсынылады.
Бірлесіп іздеуге, керегінде олардың пікір алмасуға, диалогтік әңгімеге араласады.
Мұғалімнің іс – әрекеті
Нақты мақсатқа бағыттайды. Оқушыларды дербес таным іс - әрекетіне негіздеп, оған түрткі болады.

Ұйымдастыру. Психологиялық жағымды ахуал, жағдай туғызады. Топқа бөледі
Қызығушылығын ояту.
Ой қозғау. Тақырыпқа шығу. Интербелсенді тақтадан «Ата - анаға қамқорлық» бейнесюжеті көрсетіледі.
Проблемалық сұрақтар:
1. Бейнесюжет сіздерге қандай ой тастады?
2. Қандай тақырып қозғалды?
3. Осы мәселе қозғалатын қандай тақырыпқа келдік? (оқулық бой.)
4. Неліктен шығарма «Қонақтар» деп аталады?
5. Жаңа бір - бірлеріңізге сыйлық ұсындыңыздар, әдетте сыйлықты кімге береміз...
Ендеше, бүгінгі өтетін әңгімеміздің тақырыбы... қандай болмақ? Мақсатымыз не?

Білу
Ынтымақтастық атмосферасын құрады.
Бір - бірімен диалог арқылы пікір алмасады.

Түсіну
Жылдар сөйлейді стратегиясы
Оқулықта берілген жазушы жайлы мәліметті оқып танысады. (жеке, жұппен, топпен)
1. «Жылдар сөйлейді» тапсырмасы. Жазушы өмірінің елеулі кезеңдерін оқы, тоқы, есіңе сақта, Флипчарт)
1. Мониторинг кестесіндегі жылдарды мәліметке сүйеніп сөйлейді (ауызша тапсырма).
Бағыт - бағдар беру /тапсырма бойынша/. Ынталандырады.
Семантикалық кесте.
Әңгіме мазмұнымен танысып келу тапсырылады. Мәтін мазмұнын қаншалықты меңгергендігін тексеру мақсатында семантикалық кестені толтыртады. Берілген әрекеттерді тиісті кейіпкердің қасына орналастыру тапсырылады.

Қолдану
Инсерт» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс (жеке жұмыс), «Көршіңмен ақылдас» әдісі негізінде (жұптық жұмыс)

Кемпір (Иегі шығыңқы, ірі қапсағай жігіт кішкене ескі домбыраның шектерін арбиған саусақтарымен еріне шертіп, құлағын бұрады).
Сапабек (Қала қыздарына тән епсіздікпен кішкентай қиықша көрпенің үстінде қалай отырарын білмей, біресе қолымен жер тіреп, біресе бір жамбастап, жұрттың сөздеріне толық түсіне қоймай, әркімге бір қарап үнсіз отырды).
Тома (- Мама, мама, ребята идут на озеро...)
Жеңіс (- Жалпы геология халық тіршілгінің ең басты қажеттілігіне айналды).
Аспандияр (Азды - көпті ғұмырымның ішінде талай бақтан айырылып, талай баққа қолым жетті).
Ерғабыл (Дүние бірде алдын берсе, бірде артын береді.
- Иә, жетісерсің! Бала бір жақта, біз бір жақта. Мына қу моладан сүйегімізді табар бір күні).

Детальды (саналы) оқыту әдісі бойынша кейіпкерлер әрекетіне Ерғабыл мен Сапабек бейнесіне кластер жасайды.
Ерғабыл ------------------ Сапабек

Сергіту сәті. «Қара - жап - айт - жаз - тексер»әдісі

Тапсырма:
1. Сөзге қараңыз
2. Оны жауып тастаймыз
3. Оны ауызша айтып шығамыз
4. Оны есте сақтау бойынша жазыңыз
5. Жазғандарыңызды тексеріңіз
Берілген сөздер: Ерғабыл, ұлттық дәстүр, ауыл, ата - ана, борыш, Сапабек, парыз, міндет, ата - ана ақысы, қонақ, бала, немере, келін, білім - ғылым, мейірім, жақсылық, қала, дала, ұлттық сана.

Талдау
Дәптермен жұмыс (шығармаға сатылай кешенді талдау)
1 - топ «Қонақтар» әңгімесіне сатылай кешенді талдау. «Әңгіме кестесі» әдісі бойынша. /Сәйкестендіру/
Тақырыбы: Ата - ана алдындағы борыш пен парыз.
Жанр түрі: Эпикалық жанр түрі - шағын көлемді эпикалық түр, әңгіме.
Идеясы: Ата – ананы қорғай білу, құрметтеу, сыйлай білу.
Шығарманың композициялық құрылысы: 1. Ерғабыл ақсақалдың баласы мен немересін тағатсыздана, сағына күтуі.
2. Байланысуы - Қаладағы баласының келуі. Ауыл қонақтары
3. Шиеленісуі - Сапабек пен әкесінің әңгімелерінің жараспауы. Ауыл әні.
4. Шарықтау шегі - Ауыл қариясыныңСапабектің түсініксіз әңгімесін тыйып тастауы, ән айтуды Аспандиярға ұсынуы.
5. Шешімі - Соңғы үміті орындалмаған қария
Шығармадағы кейіпкерлер: Ерғабыл шал, кемпірі, Сапабек, Тома, Жеңіс, Аспандияр, ауыл адамдары.
Баяндау тәсілдерін сәйкестендіріңіз.(Диалог, монолог, пейзаж, портрет)

2 - топ Әдеби - теориялық ұғымдар: «Ішіне, сыртына» стратегиясы
1) теңеу: Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтерілді. Аяқ - қолы шидей. Жаулықтай үлкен ақ орамалының шетімен көзін сүртті. Сапабек балаларды өзіне қаратқан мұғалімдей жастар жағын көзімен шолып өтті.
2) эпитет: ақ шарбы бұлттар.
3) синекдоха: тұяқсыз пенде емеспіз.
4) дисфемизм: алжыған, оттаған, қаңғыбас, омалып
5) Мақал - мәтел: қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар
6) Тұрақты тіркес: Міз бақпады – беті шімірікпеді, бедірейіп тырп етпеді.
Ләм - мим демей – үндемеу (жұмған аузын ашпау)
Басым сынып – ауырып
Шаш етектен - пайдасы мол
Қолыңның қаруы бар ғой – күшті, әлді
Мызғып - аз ғана ұйықтап алу (көз шырымын алу)

7) Ұлттық нақыштағы сөздер: киіз үй, шапан, шаңырақ, бесін намаз, домбыра, терме, шымылдық. Осы жерде әлемдік деңгейдегі ұлттық құндылық - киіз үй.
8) Түсіндірме сөздік.
 Алагеуім - таң енді атып келе жатқан уақыт, апақ – сапақ
 Жолай - жолдан соғу, бару
 Шақша - насыбай салатын ыдыс.
 Ноқта – Жүген тәрізді мал басына кигізілетін әбзел
 Сағағы - мойын, алқым
 Көлегейлеп – қолын маңдайына апару, күннен қорғану
 Қынжылу - кейбір ренішті жағдайдың жанға батуы, қиналу
 Қитар - жөнге бірбеткей қыңыр, қисық

Оқу сауаттылығы. /Қазақ әдебиеті/
3 - топ Мәтінмен жұмыс. Функционалдық сауаттылық бойынша тапсырмалар (Мини мәтін)
Әлдеқалай шалдың көз алдына өлгеннен кейін мұны жұрттың қалай шығарып салатыны елестеді. Елестегенде, «құданың құдіретімен» өткендегі Айтбай шалдың сүйегін шығарғандағыдан бір айнымайды. Бірақ мұның жұртқа үлестіретін киімі одан көп екен. Аққұдық пен Сарыөзек тегіс келген секілді. Бата оқырын бергеннен кейін атпен жарысып, мүше алып қашқандар да бар. Жұрттың бәрі: - Е - е, қайран дүние кімге опа берген, бұл кісілер де кетті - ау дүниеден. Мұндай кісілер енді тумайды, тумайды,- деп аза тұтып, енді біреулері: - Шіркін, бала деген осы ғой. – Сапабек әкесін қандай қып жөнелтті, ә! Ойпыр - ай, мұндай ұлы дүбірмен біздің елде әлі ешбір шал аттанбаған шығар,- десіп, таңғалысып бара жатқанға ұқсайды.

Тест
«А» қиындығы
1. Шалдың көз алдына не елестеді:
А) өлгеннен кейінгі мұны шығарып салатыны*В) өлгенге дейінгі мұны шығарып салатыныС) ұлы Д) немересі Е) кемпірі
2. Жұртқа үлестіретін киімі қанша екен?
А) біршама екен
В) аз екен
С) көп екен
*Д) азын - аулақ екен
Е) бірен - саран екен

«В» қиындығы
3. Тегіс келген кімдер?
А) жұрттың бәрі
В) Аққұдық пен Сарыөзек
*С) бәрі
Д) ауыл адамдары
Е) біреулер
4. Нені бергеннен кейін атпен жарысып, мүше алып қашқандар да бар?
А) жетісінВ) қырқын
С) жылын
Д) асты
Е) бата оқырын*

«С» қиындығы
5. Үзіндіге қандай атау берер едің?

6. Әке арманы орындалды ма?
Тәрбиелік мәні, түйінді идесы (шар арқылы) Оқушылардан сұрау, бағыт беру, шар ішіндегі түйінді сөздермен салыстыру.
Әлпештеп өсірген ата - ананы сыйлау, құрметтеу, жүрек жылуын беру, т. б.

Жинақтау
Дарынды балалармен жұмыс «Сыни ойлау»
PISA тапсырмасы. «Ойлан, жұптас, бірік» әдісі
Сапабектің іс - әрекеті дұрыс па, бұрыс па? Дәлелдеңіз. Екіжақты пікір келтір. Ықтимал жауап: Сапабектің де бағыты дұрыс, қазір ауылда жұмыс жоқ, ол - оқыған, білімді, ал білімділер Қазақстанның болашағы деген пікірді, немерені қалдырмаудың да дұрыстығын, тау баласының тауға қарап өсетіндігін, ауылда балабақшаның жоқтығын
т. б. дәлелдеп пікір қосуы керек. Әрине, көзқарастар әртүрлі, дұрыс - бұрыс деп бөле айтуға болмайды. Ұлттық салт - дәстүр мен ғылымды тең дәрежеде ұстау керек.
Шығармашылық жұмыс. «Еркін жазу» стратегиясы. Әңгімедегі түйінді ойларды жинақтап, ой толғау жазады. (эссе, монолог, кейіпкерге хат, өлең)

Рефлексия. Әр топ сабақтан алған әсерлерін «Күн көзі» әдісі арқылы жазып қалдырады. Маркерлік тақтада күннің көзі салынған плакат.
Бүгінгі сабақтың қандай шуақты сәттері есіңде қалды? Қандай сезімде болдың? Қандай ой салды? Қандай шешім қабылдадың? Өзіңді қалай сезіндің?
Автордың “Қонақтар” әңгімесін жазуға себеп болған жағдайлар қандай?
Әңгіменің “Қонақтар” деп аталуы нені меңзейді? Шығарманы оқып шыққаннан кейін қандай ойға келдік? Әңгімедегі қай адаммен кездескіңіз келеді? Осы әңгімені оқи отырып сен өзіңе қандай тәрбие алдың?

Бағалау
Қорытынды.
Дана халқымыз ұрпақтарына мұра етіп қалдырған асыл сөздерін санаға сіңіріп, «Ата - ананы сыйлау - адамзаттың парызы» деп бекер айтпаса керек. Өмір болған соң қуанышы мен қайғысы қатар жүреді емес пе? Тек бір өкініштісі - адамдардың осындай олқы оқиғаларды қолдан жасауы. Қоғамда орын алып жатқан кей әрекеттерді адам жасады дегенге сенгің де келмейді. Себебі, қазақтың, қазақилықтың сипаты - бауырмалдығында, қонақжайлылығында, «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» кісілігінде. Кісілік қасиетіміз қашанда биік болғай!

Үй тапсырмасы:
Парыз, борыш жайлы қосымша мәліметтер жинақтап келу.
«Тұжырым кестесі» стратегиясы бойынша кестені толтыру. Күнделікке үй жұмысын жазады.

Павлодар облысы, Павлодар қаласы
Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған
облыстық қазақ гимназия - интернатының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қайрат Айсана Қайратқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
  • winkwinkedsmileam
    belayfeelfellowlaughing
    lollovenorecourse
    requestsadtonguewassat
    cryingwhatbullyangry
Қауіпсіздік коды :

код көрінбесе қайта басыңыз

Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары

Өз пікіріңді білдір
Қандай конкурстар ұйымдастырған дұрыс
Сайтта кім бар
Барлығы: 5
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 5
Роботтар: 1
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика