ойын сауық отауы
Денсаулық туралы мақал-мәтелдер
03.04.2020 241 570 2 Дауыл

Денсаулық туралы мақал-мәтелдер

Мақал-мәтелдер
1. Еңбектен асқан ем жоқ.

2. Әуелгі байлық — ден саулық,
Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық.

3. Таңертеңгі асты тастама,
Кешкі асқа қарама.

4. Денсаулық — зор байлық.

5. Жарлының байлығы —
Дәнінің саулығы.

6. Жалқаулық — жаман ауру.

7. Жан ауырса тән азады,
Қайғы басса, жан азады.

8. Тазалық — саулық негізі,
Саулық — байлық негізі.

9. Жеңіл барып, ауыр қайт,
Аман барып, сау қайт.

10. Жұғын бар жерде — шыбын бар,
Шыбын бар жерде — шығын бар.

11. Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса, жан тәтті.

12. Дос - жаран ауырып қалғанда,
Елемей селсоқ жүрерсің.
Әлекке ауру салғанда,
Қадірін жанның білерсің.

13. Жасырғанның жарасы асқынады.

14. Өлгенге өкпе жүрмейді.

15. Екі ауру бір келсе,
Ажалыңның жеткені.

16. Сақинаны сәнге салмайды,
Тазалыққа таразы.

17. Боранын бұрқыратқан қыстан,
Сай - сүйегіңді сырқыратқан
Сары уайым жаман.

18. Дәрігер дәрімен емдемейді,
Тілмен емдейді.

19. Ауру жайын баққан біледі,
20. Аңның жайын атқан біледі.

21. Қимыл шынықтырады,
Ұйқы тынықтырады.

22. Үш нәрсенің алдын ал:
Аурудың алдын ал,
Жаудың алдын ал,
Қайта қозған даудың алдын ал.

23. Қомағай болдым дегенше,
Қорадан шықпай өлдім де.

24. Біреуге өлім тілегенше
Өзіңе жүрім тіле.

25. Тісі ауырғанның көңілін сұрамайды.

26. Ауырып, ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.

27. Өлім деген ойран,
Өмір деген майдан.

28. Кесел батпандап кіріп,
Мысқылдап шығады.

29. Жан ауырса, тән азады,
Қайғы басса, жан азады.

30. Жас жігіттің жарасы,
Жол - жөнекей жазылар.

31. Бірге тумақ бар,
Бірге өлмек жоқ.

32. Сырқат тән жарасы,
Қайғы жан жарасы.

33. Өлінің тілін тірі алмас.

34. Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.

35. Тер шықпаған кісіден,
Дерт шықпайды.

36. Басы жұмыр пенденің
Барар жері белгілі...

37. Орта жолда атың өлмесін
Орта жолда қатының өлмесін.

38. Адам өмірге
39. Иықтап келеді,
Кетерінде «ұйықтап» кетеді.

40. Жылан шаққан адам,
Ала арқаннан аттамайды.

Жаңа жылға арналған тілек Жаңа жылға арналған тілек
«Денсаулық, сен біреу емессің бе? Мыналар кім?»- деп таң қалыпты жақсы адам. Сонда: «Денсаулық болған соң, біз де боламыз ғой міндетті түрде» деп,
Мақал - мәтел: Ас, тағам, тамақ, нан туралы Мақал - мәтел: Ас, тағам, тамақ, нан туралы
Нан — тамақтың атасы Ынтымақ — көптің батасы.
Денсаулық жайлы ырым - тыйымдар Денсаулық жайлы ырым - тыйымдар
Дені сау адамның тіршілікте алдына қойған мақсатына жетуіне, жемісті еңбек етуіне, қоғамға пайдасын тигізуіне мол мүмкіншілігі бар. Әсіресе, қазіргі
Ақыл, сабырлық туралы мақал Ақыл, сабырлық туралы мақал
Ақыл туралы мақал мәтелдер
Мақал - мәтелдер (денсаулық - зор байлық) Мақал - мәтелдер (денсаулық - зор байлық)
Керең – адамның аузына қарар, Соқыр – кісінің дауысын бағар.
Ауру Ауру
«Дәрігер, дәрі, бақсы!»- деп, Алмаңдаршы мазаны. «Тірліктен өлім жақсы!»- деп, Сұраймын өзім қазаны.
Пікірлер (2)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Алина
#1 Алина Қонақ 15 сәуір 2018 23:53
өте керемет love
Аружан
#2 Аружан Қонақ 24 қаңтар 2021 21:33
Өте керемет мақалдар ???????
×