ойын сауық отауы
Қанаты бар, жаны жоқ. Жұмбақтар
04.08.2019 418 0 Дауыл

Қанаты бар, жаны жоқ. Жұмбақтар

Мақал-мәтелдер
Қанаты бар, жаны жоқ,
Табаны бар, аяғы жоқ.
Өзі ұшады, аспанда жүреді,
Теңізден де, таудан да өтеді. (Самолет)

Құс сияқты, құс емес,
Самғап ұшқан биікке.
Қанаты бар қақпайды,
Жүрсе де сондай биікте. (Ұшақ Самолет)

Әне кетті өзі, Көрінбейді ізі,
Кімнің күші, Кімнің ісі? (Аэроплан)
Пырылдар көкте инелік,
Инелік емес үй делік. Тікшақ (Вертолет)

Бір қалта бар қабат - қабат,
Айналасына жұрт таң қалад.
Көктен жерге лақтырсаң да,
Алып түсер сау - саламат. (Парашют)

Жоқ оның моторыда, қанаты да,
Сонда да ұшқыштардың санатында. (Парашют)

Топтанып келе жатыр қара қабан,
Ойлаған жерлеріне тынбай барған.
Аузынан қара көбік бұрқ - бұрқ шығып,
Болдырып шаршамайтын сондай айуан. (Паровоз)

Бар екен бір нақты зат түсі қара,
Сүйрейді неше мың пұт іліп ала.
Болғанмен жүгі ауыр, жүрісі тың,
Таңданады көрген жандар тамашаға. (Паровоз)

Бір керуен қатарында өңшең түйе,
Аузынан жалын шығар қара күйе,
Жүрмейді ұрса - дағы басқалары,
Бәріне жалғыз бура болған ие. (Пойыз)

Қара нар қатарынан бір озбаған,
Боз інген ботасы жоқ құр боздаған.
Қызыл ат желмей, жортпай алысқа ұзап,
Аяғын анда - санда бір қозғаған. (Пойыз)

Өздігінен жүрмейді, жарыспайды,
Кісі мінсе жарыстан қалыспайды.
Аяғы екеу болғанмен ізі жалғыз,
Сағатта талай жерді қарыштайды. (Велосипед)

Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты. (Велосипед)

Бардым базарға,
Алдым бір жорға,
Жорғалаттым жолдан жолға. (Мотоцикл)

Дүниеде бір нәрсе бар бек қуатты,
Бойына жиып алған салтанатты.
Төбеде екі түрлі айдары бар,
Жүреді су сабалап құс қанаты. (Пароход)

Үйрек емес, қаз емес,
Балық емес судағы,
Өзі жүзе біледі.
Жемі көмір және май,
Шешуін кім біледі? (Пароход)

Судан шықты тасбақа жылмаңдаған,
Қайқайтып ап тұмсығын сумаңдаған.
Денесі болат темір сондай мықты,
Артқы жағы бұрқылдап, сырдаңдаған. (Моторлы қайық)
Бурабай - Сәкен Сейфуллин Бурабай - Сәкен Сейфуллин
Мөп - мөлдір Бурабайдың суы күміс, Көргенде шаршаған жан алар тыныс. Мінбелеп қоршалаған шымылдықтай, Қарағай, қайың менен қалың жыныс.
Құстар Құстар
Алманы қарға шоқиды, Көкқұтан кітап оқиды. Ұшып кеп ағаш басына, Ала сауысқан қоқиды.
Тұңғиық түпсіз астында Тұңғиық түпсіз астында
Тұңғиық түпсіз астында Су сабалап, суды тіліп, Көк теңізде келе жатты бір кеме. Бір мезгілде түсі суық Бір қара бұлт көкке ойнақтап, Шыға келіп,
Қыс Қыс
Жалп - жалп, жалп-жалп жауды қар. Тон киіндік, тоңды мал. Бұрқ - бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар, Боран жоқта тұман бар.
Нұр Нұр
Шалғайын шалқар малшыған Бұлт келді, Көктен кір кетті. Топырлап ұрған тамшыдан Топырақ иісі бұрқ етті.
Ұшқыш Ұшқыш
Төбеден шаншылып, Бәріңе Ән салып береді бозторғай. Одан да Жоғары Әріде Ұшады тырналар жезтаңдай.
Жер Жер
Бұл қара жер болған бізге кең мекен, Кең мекенге қанша қауіп төнді екен! Білсең оны, Төбе шашың тік тұрар, Бишараның көрмегені кем де кем!
Қойлыбайдың қобызы Қойлыбайдың қобызы
Ертеде ел бар екен калын Найман, Қытайға қалың Найман қанат жайған. Қалың Найман ішінде Бағаналы, Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан.
Тұтқын (М. Д.- ға хат) Тұтқын (М. Д.- ға хат)
Кеудеде – от, iште – жалын, көзде – жас, Күнi-түнi қайғы жұтқан сорлы бас. Сабан төсек, дым, қараңғы жатағы, Наны қара, шайы қара, қарны аш.

Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз