Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Жас зияткерлер сайысы

02 сәуір 2016, Сенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: «Жас зияткерлер» сайысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сайыста оқушылардың білімін шыңдау; математикалық білімін кеңейту; оны ұштау.
Дамытушылық: Оқушыны алғырлыққа, табандылыққа, ойшылдыққа, жетістікке жетуге, өзін - өзі тәрбиелеуге үйрете отырып тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Оқушының адамгершілік қасиеттерін, логикалық ойлауын, өмірге деген көзқарасының дұрыстығын көрсете отырып, түсіндіре дамыту.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Ойын түрінде
Пәнаралық байланыс: орыс тілі; әдебиет; тарих.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, даярланған үстел.

Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Жас зияткерлер»сайысына келдіңіздер. Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
Жоспары:
1. Ойынға қатысушыларың өзін - өзі таныстыруы.
2. “Жасырын сөз” логикалық тапсырмалар
3. “Пердені ашу”
4. “Гүл теру” деңгейлік тапсырмалар
5.”Сандар сыры” ауызша сұрақтар
6.”Кім жылдам?” тізбекті шешу
7. “Сергіту сәті” «Көңілді санау»
8. Релелі сынақ» ауызша есептеу
9. “Менің ойым” есеп құру және шығару
10. «Кім тапқыр?» нақыл сөзді табу

Бүгінгі сайысымыздың әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді.
Жеңістің мынау шыңына, - дей келе сайыскерлерімізге сәт – сапар тілейік.( Енді сайыскерлерімізді таныстырып өтейік. Әр сайыскер өзін таныстырады)

№1 «Жасырын сөз» логикалық тапсырмалар. Берілген тест тапсырмасын шешу арқылы пайда болған әріптерден, дұрыс сөз құрау. (әр жауап - 1 ұпай)
1. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? Т) 5
2. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? C) 4
3. Бала 600г тосапты 6 минут, ал Карлсон 2 есе артық жейді. Олар бірге неше минутта жейді? А) 2
4. Бағбанның 24 ақ, 42 қызыл, 36 сары раушан гүлдері қалды. Ол барлық қалған гүлдерді пайдаланып, ең көп дегенде қанша гүл шоқтарын жасай алады? А) 6
5. 6 кенгуру 6 дорба шөпті 6 минутта жеп тауысады. 100 дорба
шөпті 100 минутта қанша кенгуру тауысады. Н) 100
6. 13 - тің квадраты? А) 169

Жауабы: жасырылған сөз «Астана». (Астана қаласы жайлы оқушылардың ойларын білу.)

№2 «Пердені аш» білгірлер сайысы (әр ойыншы өз номеріне сәйкес есепті шығарады, дұрыс жауап, пердені ашу арқылы тексеріледі. Дұрыс жауап 2 - ұпай).

№3 «Гүл теру ойыны» деңгейлік тапсырма (Тез, дұрыс жауап берген оқушы 1 - 2 - 3 ұпай ала алады)
А. тобы: Сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар ұлдардан үшке артық. Сыныпта ұлдар қанша, қыздар қанша?
В. тобы: Есептеңіз. 7500*8001+8001*3500
С. тобы: Отбасында анасы, әкесі және 4 баласы бар. Балалардың орташа бойы 120 см, ал ата - аналарының орташа бойы 174 см. Барлық отбасы мүшелерінің орташа бойы неше см?

№4 «Сандар сыры» ( дұрыс жауап - 1ұпай. Әр ойыншы цифрларды таңдау арқылы ауызша сұрақтарға жауап береді және өзінің тағдыр санын анықтап, нәтижесінде психологиялық тест қорытындысы тыңдалады)
1. «Құлаш» cөзі нені білдіреді.
2. «Сүйем» ұғымы нені білдіреді.
3. «Білем» ұғымы нені білдіреді.
4. «Шымшым» ұғымы нені білдіреді.
5. «Сынық сүйем» ұғымы нені білдіреді.
6. «Адым» ұғымы нені білдіреді.
7. «Шөкім» ұғымы нені білдіреді.
8. «Аттам» ұғымы нені білдіреді.

Психологиялық тест қорытындысы: “Тағдыр сан”
Ойлаған арман - мақсатқа тек тер төгумен ғана жетесіз. Табандылық арқасында көшбасшы да бола аласыз.
2. Бойыңыздағы болашаққа деген сенімділік пен табиғи әдептілік айналаңа жақсы адамдарды жинайды.
3. Ешкімге жамандық тілеп залал ойламайсыз. Оқу мен жұмысқа алаңсыз беріліп кірісіп, тиянақты істейсіз.
4. Еңбек пен оқуда қол жеткізген табыстарың өзіңнің маңдай тер мен табан ақыңызбен келеді.
5. Қандай шаруа болса да белсене құлшына кірісесіз. Өмірді тек қозғалыс, алға жылжу деп білесіз.
6. Өмірдің мәні тек - тек сұлулық, әсемдік деп ұғасыз. Айналаңыздағы адамдарға айрықша сеніммен қарайсыз.
7. Алға қойған мақсатыңызға жету үшін бар күш жігеріңізді аямайсыз.
8. Достарыңыз, жақын адамдарыңыз қашанда сізге сеніммен қарайды.

№5 «Кім жылдам? тізбекті шешу. (дұрыс жауап - 1 ұпай. Есептеулер жүргізу арқылы соңғы нәтижені табу.
27*45+3785 - 4364: 6

Полиглот (қатысушылар тізбекті шешкенше көрермендермен полиглот ойыны өткізіледі)
Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізі
Дәл жауапты қостадым. (шеңбер – окружность - circle)
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш - линейка - ruler)
Алды - артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге.
Сәулеменен кесілді
Шықан тегін білсе де. (түзу - прямая - line)
Көк құтанша ақ айдында,
Бір аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады. (циркуль – циркуль - сircle)
Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан - жағыңа қарамай? (натурал сан – натуральное число – natural number)

№6 «Көңілді санау» сергіту сәті, берілген суреттен шатаспай санау. (1 - ші ұшақ, 1 - ші аққала, 2 - ші ұшақ т. с. с)

№7 «Релелі сынақ» ауызша есептеулер. (әр қатысушы берілген есептерді тез және дұрыс ауызша есептейді, көрермендер оны интерактивті тақтадан салыстырып дұрыс қатесін анықтайды. Дұрыс жауап - 1ұпай)
№1
- 9 - 36=- 45
- 5*(- 21)=105
- 14*(- 2)=28
№2
- 4 - 12=- 16
40 -(- 5)=45
- 27: 9=- 3
№3
- 32*3=- 96
- 16 -(- 8)=- 8
- 42:(- 7)=6
№4
- 13 -(- 52)=39
- 16*(- 8)=128
- 426: 7=61
№5
- 7 -(- 17)=24
- 88: 4=- 22
- 6*(- 3)=18
№6
- 5*11=- 55
- 42+62=20
- 24 -(- 3)=- 21
№7
- 70+(- 32)=- 102
- 32 -(- 23)=- 9
16 -(- 42)=58
№8
- 70 -(- 32)=- 38
- 11*(- 11)=121
- 116 - 42=- 158

№8“Менің ойым" (Берілген мәліметтерді пайдаланып, мәселе есеп құру және оны шешу.)

№9 «Кім тапқыр?» (Берілген таблицаларды пайдалана отырып, математикаға байланысты нақыл сөзді табу) жауабы: «Математика - ғылымдар патшасы»

Көрермендерге сұрақтар:
1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5 )

2. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы
бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар?
(2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы - 6адам)

3. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)
6. 4 қызда неше саусақ бар? ( 80 )
Әділ - қазы алқасы сайыскерлердің жалпы ұпайларын есептейді, мадақтаулар
жүргізеді. Жеңіске жеткен сайыскер «Жас зияткер» атанып, марапатталады, келесі сайыскерлерге белсенділік танытып қатысқаны үшін «Алғыс хат» жарияланады.

ШҚО облысы, Зырян ауданы,
«Зырян қаласының №9 орта мектебі» КММ математика пәні мұғалімі
Турсиянова Назым Алмабеккызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 797
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Жас математик
Жас математик
қызықты математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Толық квадрат теңдеуді шешу үшін дискриминант ұғымы енгізілген және оны табу үшін теңдеу коэффиценттерін дұрыс ажырата білу өте маңызды себебі, теңдеудің түбірлерінің бар жоғы және саны осы мәнге тура тәуелді.
Тапқырлар тартысы
Тапқырлар тартысы
Оңтүстік Қазақстан обылысы, Мақтарал ауданы, Атакент кенті, "Мақтарал" мектеп - гимназиясының математика пәні мұғалімі Хожаева Жазира Орынбековна
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
үшбұрыштың сыртқы бұрышы онымен сыбайлас емес екi iшкi бұрыштың қосындысына тең.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.