Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Ромб, квадрат белгілері мен қасиеттерін пайдаланып есептер шығару

12 сәуір 2016, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Геометрия 8 класс
Тақырып: Ромб, квадрат белгілері мен қасиеттерін пайдаланып есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб және квадрат тақырыптарынан өткен материалдарды қорытындылауға және шығармашылық түрде бір жүйеге келтіруге жағдай жасау
Сабақтың міндеттері:
Параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб және квадрат тақырыптары бойынша білім мен біліктерін бекіту және бақылау;
Есептер шығара білу қабілетерін жетілдіру;
Проблемаларды анықтау және оның шешілу жолдарын таба білу, мақсатқа жете білу.
Тақырыпты тереңірек меңгеруге бағыт беру.
Ынтымақтастықта жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізуге, ой - пікірімен бөлісе білуге, шығармашылыққа ұмтылдыру.
Көрнекіліктер және оқу әдістемелік жабдық:
өзіндік жұмыс тапсырмалары;
жеке жұмыс тапсырмалары;
Қолданылған модульдер:
Білім берудегі жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау, сыни тұрғыдан ойлау.

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі (3 минут)
2. Оқушылардың төртбұрыштар туралы постерлері (10 минут)
3. Есептер шығару және қорғау (15 минут)
4. Оқушылардың тесттік жұмысы (5 минут).
5. Семантикалық карта (5 минут)
6. Рефлексия. сабақтың қорытындысы (4 минут)
7. Үйге тапсырма. Бағалау. (3 минут)

Сабақтың өту барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылар үш топқа бөлінеді төртбұрыштар түрлері бойынша – ромб, квадрат және параллелограмм. Топтардың жұмыс істеу ережесі құрылады, топ мүшелері өздерінің атқаратын міндеттерін бөліп алады. Әр топ жеке жеке отырады, столда әр топқа тапсырмалар берілген. Топ басшылары жұмысты ұйымдастырып, тапсырмаларды бөліп және жинап отырады.

«Математика пәнінің маңыздылығы соншалық, сондықтан да оны қызықты өткізуге мүмкіндік жібермеу керек» Паскаль.

Бүгін сабақта біз «Төртбұрыштар» бойынша алған білімдерінді тек пысықтап және тексеріп қана қоймаймыз, сонымен қатар шығармашылықпен жұмыс жасаймыз. Алдымен мына қызықты фигура өздерін білетін фигуралардан құрастырылған қыз суреті бейнеленген. Осыдан өздерін білетін фигураларды анықтап, таныған фигураларды атап шығындар. Сендер біз өткен төртбұрыштардың барлық түрлерін таныдыңдар.
Миға шабуыл. (мотивация)
II. Өз постерлерін қорғау (Венн диаграммасы)
І топ: тіктөртбұрыш пен параллелограмм
ІІ топ: тіктөртбұрыш пен ромб
ІІІ топ: тіктөртбұрыш пен квадрат
Қазір біз алған білімдеріңді пысықтау үшін және есептер шығаруға, өзіндік жұмысын орындауға дайындалу үшін өткен тақырыптарды қайталап, не білетінімізді еске түсірейік. Төртбұрыштар туралы дайындап келген презентацияларын қорғауға дайындалған оқушыларды шақырамын. Жеке – жеке презентацияларын қорғайды.
Қорытындылау: жұптық жұмыс сосын топтық талқылауға салып, төртбұрыштардың ортақ және өзіне тән қасиеттерін анықтап, кесте толтыру. (формативті бағалау)

III. Есептер шығару. Сендер өз білімдеріңді теория арқылы және шығармашылық түрде көрсете алдыңдар енді практикалық түрде, есептер шығара білуде өз білім деңгейлеріңді көрсетіп, дәлелдеңдер. Әр топқа берілген есептерді ақылдасып шығарып әр топтан бір оқушы шығып түсіндіреді.
10 мин уақыт беріледі. Іске сәттілік тілеймін.
А деңгейі:
1) АВСД параллелограмының ВАС бұрышы 40 о, САД бұрышы 20 о - қа тең. Параллелограмм бұрыштарын табыңдар.
2) Ромбының ВАД бұрышы 10 о - қа тең. АОД үшбұрышының бұрыштарын табыңдар.

В деңгейі:
Параллелограммның қабырғаларының қатынасы 1: 2 қатынасындай, периметрі 24 см. Параллелограмм қабырғаларын табыңдар.

С деңгейі:
Параллелограммның АВ=АД. Периметрі 24 см. Параллелограмм қабырғаларын табыңдар.
IV. Оқушылардың тесттік жұмысы.
Біз толық қайталадық, енді жеке тапсырмаға көшеміз, әр оқушыға жеке тапсырмаларды топ басшысы таратып береді, 5 минутта орындап, жауаптарыңды жауап парағына толтырамыз, сосын бір-біріңдікін ауыстырып, тексеріп, бағалаймыз. (формативті бағалау). Қорытындысын кішкене талдау.
Оқушылар топ басшысының басшылығымен тапсырмаларды орындайды да шешуін постерге жазады. Әр топ талқылап, сосын біреу шығып қорғайды. Топтарға тапсырмалардың нұсқалары қосымшада

Тест жұмысы. 1 - нұсқа
1) Қарама - қарсы қабырғалары қос - қостан параллель болатын төртбұрыш ……………. деп аталады
А) трапеция В) квадрат С) параллелограмм Д) тік төртбұрыш
2) Қандай төртбұрыштың диагоналдары бұрыштың биссектрисасы болады
А) ромбының В) трапецияның С) параллелограмның
3) (Белгісі) Егер параллелограмның диагоналдары тең болса, онда ол параллелограмм …………. болады
А) ромб В) трапеция С) тіктөртбұрыш
4) Ромбтың бір бұрышы 135о.. Іргелес бұрыштың градустық шамасын табыңдар.
А) 135о В) 45о С) 55о
5) Қабырғасы 18 дм болатын ромбының периметрін табыңдар.

2 - нұсқа
1) Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш ……………. деп аталады.
А) тіктөртбұрыш В) ромб С) квадрат Д) параллелограмм
2) Қандай төртбұрыштың диагоналдары тең?
А) Тіктөртбұрыштың В) ромбының С) параллелограмның
3) (Белгісі) Егер төртбұрыштың диагоналдары қиылысып, қиылысу нүктесінде тең екіге бөлінсе, онда ол төртбұрыш ………….. деп аталады.
А) квадрат В) ромб С) параллелограмм
4) Ромбтың бір бұрышы 120о.. Іргелес бұрыштың градустық шамасын табыңдар.
А) 135о В) 60о С) 35о
5) Қабырғалары 20 және 16 см болатын тіктөртбұрыштың периметрін табыңдар.
Тест кілті
-----І нұсқа ---- ІІ нұсқа ---- ІІІ нұсқа ---- ІV нұсқа ----- V нұсқа
1 ---- С ------------ С ------------ С -------------- С -------------- С
2 ---- А ------------ А ------------ А -------------- А ------------- А
3 ---- С ------------ С ------------ С -------------- С -------------- С
4 ---- В ------------ В ------------ В -------------- В -------------- В

V. Семантикалық карта (үшке оқитын оқушылар)
-------------------------------------- Параллелограмм ------- Тік төртбұрыш ------ Ромб ------ Квадрат
Қарама - қарсы қабырғалары тең
Барлық қабырғалары тең
Қарама - қарсы бұрыштары тең
Барлық бұрыштары тең
Диаганольдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді
Диагональдары тең
Диагональдары перпендикуляр және
бұрыштарының биссектрисалары болады

Шығармашылық тапсырма (4 пен 5 - ке оқитын оқушылар)
І. Ромбының әрбір қабырғасын тең үш бөлікке бөліп сол нүктелер арқылы ромб қабырғасына параллель түзулер жүргізіңдер. Қанша ромб пайда болды?
ІІ. Параллелограмм берілген. Қарама қарсы қабырғаларының ортасын кесінділермен қос. Қанша параллелограмм пайда болды?
ІІІ. Квадраттың қарама қарсы төбелерін қосқанда неше үшбұрыш пайда болады?

VI. Рефлексия және сабақтың қорытындысы
Міне сабағымыз аяқталуға жақындады. Сендер бұл сабаққа жақсы дайындалыпсыңдар, өз білімдеріңді көрсеттіңдер және шығармашылықпен жұмыс жасадыңдар. Ал енді мен сендердің бүгінгі сабақ туралы пікірлеріңді білгім келеді. Мына сұрақтарға жауап беріңдер.
Сендерге сабақ ұнады ма?
Қандай қиыншылықтар болды?

VII. Үйге тапсырма: б. ж. дайындық Бағалау. Енді бүгінгі сабақта, жалпы осы өткен тақырып бойынша өздеріңді бағалайсыңдар, смайлик бойынша. Егер кейбір сұрақтарға көмек қажет болса көңілі жоқ смайликке жапсырасың, ал егер тақырыпты жақсы түсінсеңдер көңілді смайликке жапсырамыз. Ал, кәне бағалаймыз
Топ басшылары бағалау парақтарын таратады және жинап тапсырады.
Ынтымақтастықта жұмыс жасағандарына рахмет! Маған бүгін шығармашыл, белсенді еңбекқор оқушылармен жұмыс жасау өте ұнады. Алдағы өмірлерінде әруақыт жолдарын болып, алдарында жасыл шам ғана жанып тұратын болсын!

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Қандыағаш қалалық №5 орта мектебінің
математика пәні мұғалімі
Жанесова Жанна Улукпановна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 735
0
9 дауыс
Оқи отырыңыз
Квадрат теңдеулерді шешу
Квадрат теңдеулерді шешу
квадрат теңдеулердің түбірлерін табу туралы түсініктерін толықтыру. Түбірлер мен коэффициенттер арасындағы тәуелділікті көрсету.
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Толық квадрат теңдеуді шешу үшін дискриминант ұғымы енгізілген және оны табу үшін теңдеу коэффиценттерін дұрыс ажырата білу өте маңызды себебі, теңдеудің түбірлерінің бар жоғы және саны осы мәнге тура тәуелді.
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метр
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метр
тік төртбұрыш пен шаршының ауданын табу және олардың мәндерін салыстыру барысын - да машықтандыра түсу.
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер
Адамдар бір шаруаның шешімін таппағанда, түсініксіз тығырыққа тірелгенде, бұл бір жұмбақ нәрсе екен деп айтып жатады. Ал математиканың жұмбағы – теңдеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.