ойын сауық отауы
М. Мағауин / Аласапыран
23.10.2022 887 0 Admin

М. Мағауин / Аласапыран

Әдебиет
Ұлы Даланың рухани жауһары
М. Мағауин / Аласапыран
Жау іздеп, өлкемен қабынғандықтан емес, өз ұлысының дербестігін сақтау жолындағы аттаныс, баяғы ата - баба жерін қайтару, есе алу, кек қайыру арқылы еркіндікке, жомарттыққа, дәулет - баққа жету мұраты жас Ораз - Мұхамедтің де көңілін тербеген. Ол Ораз - Мұхамед ойлап тапқан заң емес, қадым замандар қағидасы, тіршілік дәстүрі, қоғамдық қажеттілік. Ол қанаудағы қараңғы халық өкілі, сол төменшік жұрттың жоқтаушысы немесе ұлт - азаттық шаруалар көтерілісінің басшысы болған жоқ. XVI - XVII ғасырлардағы қазақ хандығында жеке бір мемлекет құру, жаңа этникалық, әскери - азаматтық бірлікті күшейтуден артық мүдде болмағаны хақ. Қалың еңбекқор, жауынгер халық тағдырдан ерекше жомарт талай күткен жоқ, кейінгі лықсыған бай - шоралар емес, қалыптасқан наным бойынша өзгеше туысы, генеалогиялық рәсімі соған сай ержүрек, ақылгөй жаратылсы арқылы өктем орынға иеленген қолбасшы, әкім, бек атаулыға ашық наразылық білдіре қоймаған. Осындай заманда Ораз - Мұхамед сияқты табиғи тәкаппарлығына батырлығы, зерек ұғымына әділдігі, турашыл, сенгіш, адал мінезі жарасқан сұлтанның қарапайым бұқара үшін де белгілі дәрежеде мұрат тұтып, жұмаққа жеткізер деп сенетін, жақсылыққа жеткізер деп сенетін, жақсылыққа үміт артар жолбасшы кейпінде тарих сахнасына шығуы заңды еді. Тосын қайырым, дархан, батыл көңілімен жарқ етіп көрінген жас тұлғаның кенет ғайып болуы қандай өкініш, арман болса, жат елде билікке қолы жетіп, жеңісті ұрыстарда өркениеттеніп, жарым патшалық құруы – соншалықты таңқаларлық ғажайып оқиға, аңызға бергісіз шындық. Ораз - Мұхамед Ресей жеріне өзі ғана кеткен жоқ, бүкіл ел аманатын, дос пейілін, бейбіт ықыласын ала кеткендей. Қазақ санасында Ораз - Мұхамед жайлы әр қилы жағымды естелік қиялдай әдемі, қиссадай мұңды сырдың ұзақ сақталуы да жоғарыдағыдай құбылыстың ұлттық шеңберден асып, жалпыхалықтық деңгейге ұласуына айғақ мән - мазмұнынан танылса керек. Сондықтан жазушы Ораз - Мұхамед бейнесін ұлттық қаһарман, орыс - қазақ халықтарының достық символы, екі ел көлеміндегі дипломатиялық алыс - берістің тұңғыш қарлығашы ретінде сомдауды көздеген. Алайда қаншалықты ізгі мақсат, ақыл, парасатына жеткен мансап, жеке тіршілікте көрген қуаныш, шаттығына қарамастан, ол – қасіреттік тұлға. Оның қасіреті туған жерден алыстағы әйтпесе тіпті алмағайып кезеңдегі түңілу шақтарында ойға жиі келетін отансыздық туралы біршама рас, біршама жалған сенімі, күдіктену, күйреу сәттері. Бұған да кейіпкер кінәлі емес, аласапыран уақыт, қатігез замананың аумалы - төкпелі ахуалы.
Әрине, Ораз - Мұхамедтің өзі хандық құрған Хан - Кермен жұртын, тұтас Ресейді Отаны, туған ошағы санайтын мезеттері қаламгер тарапынан тапқыр психологиялық тарихтар нәтижесінде көрсетілген. Батырдың өлімі тұтқиылдан, жүзіқара жендеттен келуі де аянышты. Бір еме, екі рет ел - жұртынан, жар - жолдас, туыс - бауыр, бала - базардан айырылумен де ол адам ретінде өксікті, өкінішті шындыққа кепіл. Бірақ М. Мағауин тұғырнамасында Ораз - Мұхамед қасіреті бүтін бір қазақ халқының қасіреті емес, орыс патшалығындағы аласапыран дүрбелеңнің салдары, Ресей зарымен сабақтас жағдай орайында суреттеледі. Шығарма ағзасынан айқын байқалатын ішкі драмалық кернеу, психологизм басатуы – Ораз - Мұхамедтің өткен күндеріне, қызықты, алаңсыз, сәнді, мағыналы тіршілігіне деген сағынышы. Барлық пен байлық, атақ, лауазымнан кенде емес Қасимов ханы, іргелі қолбасы, ақсүйек дворян атанған, әйтсе де қамаудағы орыс, күдікті саналатын кейінгі өміріне, бұлғақты жылдар талқысына наразылығы шынайы рухани атмосфера драматизмін кестелемек.
Өзі Тобыл воеводасы Данило Чулковтың айла - шарғысына оңай түсіп, орыс еліне еріксіз бодан болған, соңынан Ресей патшасы Федор мен атақты боярин Борис Годуновтың мол қамқорлығын көрген шағынан бастап Ораз - Мұхамед туған қазақ халқын достық пен одақтастық жағдайға қарай бейімдеуге күш салады. Оған кепіл – Тәуекел ханның атынан ресми түрде елшілікке келетін Құл - Мұхаммед бидің әрекеттері.
Келіссөз біршама нақты нәтижеге жетеді. Дешті - Қыпшақ өлкесі Ресей мемлекетімен антта болуға уәделеседі.
Хан - Кермен (Қасимов хандығы) мен Ораз - Мұхамед тағдыры бірінші, екінші жалған Дмитрийлердің, алаяқ князь Василий Шуйскийдің таққа таласқан күндерінде сансыз сергелдеңге түседі. Ораз - Мұхамед белгілі бір уақытта халық көтерілісіне ұйытқы болған Болатниковпен тізе қосып, Шуйский әскеріне қарсы соғысқа да барады. Әрине, Болатников пен Ораз - Мұхамедтің көзқарасы толық үйлесімге келуі қиын.
Ораз - Мұхамедтің өз басы сансыз дағдарысқа ұшырап, адалдығы опасыздыққа, қулығы зиянға, жігері құмға айналатындай дәркүмән күйде жүріп, Айданақ атты кішкене қызынан өзге жақын - туыстан, екінші отаны – Хан - Керменнен айрылған, тағы да рухани жетімдік жағдайға түскен кезінде балалық дәурені өткен ата - баба даласын аңсауы сенімді. Рахатынан азабы көп, соқтықпалы - соқпақсыз 39 жыл ғұмыр кешкен Ораз - Мұхамед Екінші жалған Дмитрий - Кәззаптың жендеттерінен қапыда қаза табады. Айнымас досы, мәрт мінезді князь Петр Урусов кегін қайырса да, соңындағы елі үшін қамырық жеген азамат арманы көкейде кеткендей.
Кездейсоқтық дауылына ұшыраған Ресейдің басы дауға ақлған. Ораз - Мұхамед те аласапыран дауыл ұшырған тағдыр жаңқаларыынң бірі.
Романда ерлігі ересен жанкешті Қабан, Манақ батырлар, парасаты кең Қадырғали бек, өркеуде, өзімшіл, кекшіл, намысқой Есеней, адал сарбаз, қадірлі би Нұрұзақ, артын бағар айлакер Төбей мен Шәм сияқты қаһармандардың дара сипаттары бас кейіпкермен қақтығыс не келісім үстінде соның айқын бағасын ашық топшыламай, қиялай пайымдау сарынын бейнелейді.
Орыс қалаларының архитектуралық пішіні, жасақтар, ақсүйектердің киімі, сәні, салт - жоралғысы, жауынгерлік эпизодтар соншалық нақты тарихи - этнографиялық штрихтармен айшықталған.
Ораз - Мұхамед бейнесіндегі осы заманалық мән - маңыз, тартымдылық қасиет кейіпкердің тұтас халық өкілі, Отан ұлы, рухани бостандық іздеуші қайраткер санатына өсуіне жатса керек. 

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Ұлы Даланың рухани жауһары: М. Мағауин / Аласапыран Ұлы Даланың рухани жауһары: М. Мағауин /
«Аласапыран» роман - дилогиясы 1980 - 1982 жылдары жарияланды. Шығарма архитектоникасы бір адам, нақты тарихи тұлға бас қаһарман Ораз - Мұхамед
Ғұндардың наным - сенімдері Ғұндардың наным - сенімдері
Ғұндар (хундар) Тәңірге табынған, олар бізге ата - бабаларымыздан ауысқан барлық заңдар мен әдет - ғұрыптарды, неке мен азаматтық салт - дәстүрлерді
Президент Жолдауынан халық не күтеді Президент Жолдауынан халық не күтеді
1 қыркүйекте Президент Қасым - Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.
Мемлекет және Құқық теориясы пәні бойынша тест тапсырмасы №9 Мемлекет және Құқық теориясы пәні бойынша тест
Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам. Қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу
Ата-ана перзентінің тағын жасап берсе де, бағын жасап бере алмайды. Ата-ана перзентінің тағын жасап берсе де, бағын
Ата-ана перзентінің тағын жасап берсе де, бағын жасап бере алмайды. (Халық даналығы)
Обай...... Ошақбай Обай...... Ошақбай
Обай...... Ошақбай ОБАЙ - монғол тілінен алынған овоо — көрім, тәуір, жақсы. ОЖАРБАЙ – қазақтың есімі ожар — қайсар, бірбет, өжет + бай.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×