ойын сауық отауы
Ұлы Даланың рухани жауһары: М. Мағауин / Аласапыран
02.10.2022 418 0 Admin

Ұлы Даланың рухани жауһары: М. Мағауин / Аласапыран

Әдебиет
Ұлы Даланың рухани жауһары: М. Мағауин / Аласапыран
«Аласапыран» роман - дилогиясы 1980 - 1982 жылдары жарияланды. Шығарма архитектоникасы бір адам, нақты тарихи тұлға бас қаһарман Ораз - Мұхамед сұлтанның өмір жолы, бастан кешкен сергелдеңді тағдырына негізделген. Алайда Ораз - Мұхамед куә болған, қатысқан, ұғынған дүние шындығынан XVI - XVII ғасырлардағы орыс, қазақ қоғамында орын алған қым - қуыт өзгерістер, күрт бұрылыстар сырын кең де айқын топшылау қиын емес.
Роман - дилогияның орталық тұлғасына Дешті - Қыпшақтың падишаһы Тәуекел ханның қалғны (орнын басушы адам), Ұзын оқты Ондан сұлтанның баласы Ораз - Мұхамедтің алынуы орынды. Ораз - Мұхамед қазақ өлкесі мен Ресей жерін жалғастырушы буын, рухани, дипломатиялық жақындықтың жанды көрінісі. Бар саналы ғұмырын Ресей патшалығында өткізгендіктен ол туралы ғылыми еңбектердегі нақты мәліметтер де сенімді.
Автор екі халық арасындағы тарихи достық, серіктестік күйлерін жалған сүйіспеншілік, көлгір сый - сияпат, алдамшы күлкі арқылы аңғарылатын қалың ресми қатынастар немесе әй - шәйсіз ауыз жаласа кету сияқты кісі иланғысыз жағдайлар ауқымында шешіп, оңай «олжа» табуға тырыспайды. Көршілес жұрттар, бір халық, бір ру, бір ата тұрған, жекелеген адамдар аарсындағы бірлік, ынтымақ жолдарының шынайы күрделілігі бұл тәрізді аса маңызды саяси - әлеуметтік мәселеге байланысты нағыз диалектикалық, барынша шыншыл суреткер көзқарасын талап етеді.
М. Мағауиннің ішкі дүниесіне бар назарын сала тұрып, сыртқы орта, әлем қайшылықтарына ең алдымен көңіл бөледі, ал Ораз - Мұхамед сезіміндегі, ой орманындағы тылсым ашылады. Қаламгер атақты Г. Флобер, О. Бальзак, Ф. Достоевский үлгісіндегі аналитикалық психологизм дәстүрі емес, өзі аса жоғары бағалайтыны анық байқалатын Г. Мопассан, А. Чехов, Э. Хемингуэй тәріздес дара сипатты классиктерге ортақ қасиет – ықшам суреттеме, бір тұсқа көп айналсоқтай бермейтін жүрдек сезгірлік, түйіп айтар өткір түйсік айшықтарына бейім динамикалық, яки синтетикалық психологизм принциптерін ұтымды санаған. Бұл аз сөйлеп, көп ұқтыратын, әр алуан қалтарыс - қатпарларды бірдей ақтарып салмай, жұмбақтың шемімін көрер көз, естір құлаққа қалдыратын суреттеу амалдарын молырақ пайдалануға тиіс стильдік аңсар. Мәселен, «Аласапыранның» бірінші кітабында жан - дүние тартысын түбірлей бедерлеу екіншісімен салыстырғанда аз. Тұтас алғанда ол кейінгі Ораз - Мұхамедтің дүниетанымы, көңіл әуеніндегі қарама - қарсы мезеттерді дайындаушы алғышарттың, кең тынысты эпикалық прологтің рөлін атқарған.
Дешті - Қыпшақтың 1588 жылы Созақ қаласында өткен Құрылтайынан басталатын бұл алғашқы үш бөлімде («Қазақ даласы», «Ібір - Сібір жұрты», «Орыс елі») негізінен сахара жұртындағы ұлттық дәстүр, тіршілік - ғұрып дағдылары, ел билеу рәсімі, аңшылық, саятшылық өнері, жауынгерлік ереже - салт, соғыс көріністері іспетті тұрмыстық - этнографиялық детальдар тарихи - көркем деректілікпен суреттеледі. Қалға сайлау, уәзір, би, бектерді тағайындау салтанатын, қыр өміріндегі ерекше дипломатия, айтыс, буынсыз тіл, ұшқыр сезім, ұтқыр ой сайысына айғақ құбылыстардың тамырын тап баса өрнектеу бар. Тәуекелдің хандық өлшемдегі әділеттігі мен парасаты, Томан, сүтемген билердің жорамалға жүйрік сұңғыла жүрек, дәулескер ділмәрлігі, Қадырғали бектің салқын ақылы, Абалақ сұлтанның өршіл, тентек мінезі, кесек қылығы, тақтан үміткер бауырлардың мансап буына құныға тұрып, халық үні, хан үкімінен аса алмай, кішірейер әдеті сол кезеңде одақтасып, бұхарадағы Абдолла ханың бүлікшіл ордасына қарсы бірге аттанбақ ниеттегі қазақ - қалмақ қауымының мәртебесі биік, мерейі үстем шағынан елес тастайды. (жалғасы бар) 

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Қ. Ысқақ / Ақсу – жер жаннаты Қ. Ысқақ / Ақсу – жер жаннаты
Роман сюжетіндегі барлық образдар бет пердесін сыпырып тастап, шынайы пиғылымен көрініп тұрғандай. Боқтау сөз айтсын, ожар қылық көрсетсін, бір
С. Жүнісов / Ақан сері С. Жүнісов / Ақан сері
Жүнісов та өз кейіпкерін әр оқиға сайын өсіріп, әр қырынан көрсете білуге ұмтылып, оның патша мұрагері атаман Николай Алексеевич алдында бүкіл қазақ
С. Елубай / Ақ боз үй С. Елубай / Ақ боз үй
Қазақ прозасында ХХ ғасырдың 20 - жылдарының аяғы, 30 - жылдардың бас кезіндегі халық басынан кешкен ауыр хал, жаппай аштыққа ұшыраған кезең біршама
Б. Майлин / Азамат Азаматыч Б. Майлин / Азамат Азаматыч
Романның тақырыбы – қазақ кедейлері қатарынан оқыған, интеллигенция өкілдерінің дайындалып шығу жолы.
Рәбия Сұлтан бегім. Қазақ тарихындағы әйелдер Рәбия Сұлтан бегім. Қазақ тарихындағы әйелдер
Рәбия Сұлтан бегім шамамен 1430-1495 жылдар аралығында өмір сүрген. Ол – Ұлықбек хакімнің қызы, Әмір Темірдің немересі. Самарқанд қаласында жан-жақты
Обай...... Ошақбай Обай...... Ошақбай
Обай...... Ошақбай ОБАЙ - монғол тілінен алынған овоо — көрім, тәуір, жақсы. ОЖАРБАЙ – қазақтың есімі ожар — қайсар, бірбет, өжет + бай.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×