ойын сауық отауы
Ғұндардың наным - сенімдері
12.02.2022 1 784 0 Admin

Ғұндардың наным - сенімдері

Әңгімелер
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Ғұндардың наным - сенімдері
Ғұндар (хундар) Тәңірге табынған, олар бізге ата - бабаларымыздан ауысқан барлық заңдар мен әдет - ғұрыптарды, неке мен азаматтық салт - дәстүрлерді түгел ұстанған.
Ғұндар көсемін тәңірқұт деп атаған. Ол «көк пен жерден туған, күн мен ай тағайындаған» деген мағынаны білдіреді. Ғұндар жыл сайын көктемде өздерінің «ата - бабаларына, көкке, жерге және аруақтарға» құрбан шалып отырған. Күн сайын тәңірқұт Тәңірге: таңғертең шыққан күнге, кешке айға сыйынған. Ғибадат ету рәсімі жұлдыздар мен айдың орналасуына қарай орындалған. Яғни, ғұндардың өз жұлдызнамасы болған. Тоқетерін айтқанда, сыйыну бағышталатын нысан Көк Аспан мен оның Жоғарғы Құдайы Тәңір болған.
Көне пайымдар бойынша, аруақтар адамдардың табиғатынан өзгеше, тірі жан иелері. Олардан қорыққан, сондықтан қайыр - садақамен көңіілн аулаған. Аруақтар күшті, бірақ шексіз құдіретті емес. Табиғатынан мейірбан да, қаскөй де емес. Бірақ кейде зиянкестік те келтіреді, кейде пайдалы да бола алады.
Ғұндар о дүниедегі өмірге де сенген. Сонымен қатар бағзы адамдардың қарапайым санасы о дүниені өздерінің ақиқат өмірінің жалғасы деп есептеген. Сондықтан да ғұндар өлгендерді берік табытқа салып, сән - салтанатпен жерлеген. Марқұмдарды үлде мен бүлдеге малындыра киіндіріп, тәңірқұтқа о дүниеде қызмет етуі үшін достары мен кәнизактарын құрбандыққа шалған. Құрбандыққа адам шалудың осынау қатыгез ғұрпы тәңірқұтты немесе атақты бекзаданы о дүниеге шығарып салу рәсімімен шектелмейді. Жауынгерлерге де құрбандыққа ержүрек тұтқындар шалынды. Аруақтар болашаққа сәуегейлік айтатын баыздар арқылы құрбандық талап етті.
Алыс елдерге жасаған жорықтары кезінде ғұндар Шығыс пен Батыстың түсініктерін саналрына қатар сіңіріп, оларды ерекше үлгіде ұштастырды. Үндістаннан олар буддизм сипаттарын қабылдады, Еуропада христиандыққа құрметпен қарады. Мысалы, Еуропа ғұндарының көсемі аттиланы Мәңгілік қала – Римнің түбіне келгенде Рим Папасы Пий төртіншінің елшілігі тоқтатқан. Оның сөзін жерге тастамаған ғұндар көсемі өз сарбаздарын айналма жолмен әкетіп, қорғаныс қаланы тонатқызбаған. 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Айдаһар Айдаһар
Әдетте, айдаһарды жылқы басты, жылан құйрықты, үлкен қос қанатты және әрқайсысында төрт - төрттен тырнағы бар төрт аяқты етіп елестетеді.
Үлкен тәңірге жалбарыну Үлкен тәңірге жалбарыну
Уа, Ұлы баба Үлкен Тәңір! Бөркің биік жиектері ызылған, Әсем түсті зерлі баумен сызылған. Үш баспалдақ тартылады тағыңа, Тағың сенің – бар өмірге
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Химера Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Химера
Химера – Құдай тектес, арыстан басты, ешкі денелі, жылан бөкселі, аузынан от бүріккен тажал. Оны құдайлардың сәуегейлікпен айтқанындай, сымбатты
Құдайтану баяны: Әуелгіде Құдайтану баяны: Әуелгіде
Ғаламды тұтас қабылдау тек Таяу Шығысқа ғана емес, барлық ежелгі әлемге тән болды. Б. д. д. VI ғасырда Пиндар сондай сенімнің гректік нұсқасын
«Аң мәнері» туралы мифология «Аң мәнері» туралы мифология
Ежелгі мәдениетті зерттеу, көне түркі мәтіндерін тәржімелеу, ежелгі түркілердің мифологиясын еуропалық үлгілермен салыстыра зерделеу барысында Жер
Бұл жерде Бұл жерде
Құлан да болған бұл жерде, Бұлан да болған бұл жерде. Құлан мен бұлан қалмастай Лаң да болған бұл жерде.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×