ойын сауық отауы
Көркем сөздің құдіреті: Кенде
23.10.2022 388 0 Admin

Көркем сөздің құдіреті: Кенде

Әдебиет
Көркем сөздің құдіреті: Кенде
1. Тапшы, мұқтаж, зәру;
2. Кем, аз.
Мысалдар:
1. — Әй, шырағым - ай, ата кәсіп аздырып - тоздырып болды ғой. Осы дүниеде кім қор, кім кенде? Дәл сол қалың қазақ баласы ғой...
(М. Әуезов, Абай жолы: 3 том)
2. Күн көрсетпей не қылдық? Ішкеннен, жегеннен кенде болдың ба? Ішінде арамдығың бар ғой, бәлең бар ғой.
(Ж. Аймауытов, Қанапия - Шәрбану)
3. Мен деген - ырза, мәз бала 
Сәби қалпымнан қозғама. 
Молынан маған бермеген 
Бермесе қойсын кенде емен.
(М. Мақатаев, Мен деген - ырза, мәз бала)
4. Ішім пысты, жалықтым,
Жүре алман енді аяңдап.
Кенде қаппын, жаңа ұқтым,
Не болса соған аяңдап.
(Қ. Аманжолов, Ішім пысты. Жалықтым)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Көркем сөздің құдіреті: Өбектеу Көркем сөздің құдіреті: Өбектеу
1. Жаны қалмау, асты - үстіне түсу, әлпештеу; 2. Жағымпаздану.
Көркем сөздің құдіреті: Қырбай Көркем сөздің құдіреті: Қырбай
1. Қырғи қабақ, дүрдараз, араз; 2. Икемсіз, ебедейсіз. Мысалдар: 1. Абай әңгiменi алғаш өзi ойлаған жаққа бұрды. – Сол менiң әкеммен қырбай боп
Көркем сөздің құдіреті: Тақыс Көркем сөздің құдіреті: Тақыс
Қу, айлакер, әккі. Мысалдар: 1. Тайтұяқ алма күміс төбеңдегі, Қой жайғыш бая қуып тақыс шалдың Ұстады қойын, тоның шөгелдегі.
Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа
Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа Аралық дәнекер, келістіруші, мәмілеші, бітім жасаттырушы. Мысалдар: 1. Жемісті сайдың бойында, Бітуажа мен болып,
Көркем сөздің құдіреті: Құзар Көркем сөздің құдіреті: Құзар
Құзар 1. Асу бермес биік, асқар, заңғар; 2. Құз, шың.
Мен деген - ырза, мәз бала Мен деген - ырза, мәз бала
Мен деген - ырза, мәз бала Достар - ау, қайда тайдыңдар He берді маған ай - жылдар? Аздаған менде бақыт бар, Аз ғана менің қайғым бар.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×