
Көркем сөздің құдіреті: Өбектеу
Әдебиет
Көркем сөздің құдіреті: Өбектеу
1. Жаны қалмау, асты - үстіне түсу, әлпештеу;
2. Жағымпаздану.
Мысалдар:
1. Жақсыменен дос болсаң,
Айрылмас күні қос болсаң,
Басыңа қиын іс түссе,
Алдыңнан шығар өбектеп,
Жаныңа не керек деп.
(Махамбет, Арғымақтан туған қазанат)
2. Құнанбайдың күтіп тұрғанын көріп, өбектеп, қамшыланып асыға жүріседі.
(М. Әуезов, Абай жолы: 1 том)
3. Өзегім от боп күйгенмен,
Өбектеп мені кім сүйсін?
(М. Мақатаев, Өзіме)
4. Дегенмен олар да намысқа тыртысып, өбектеп ердің қасынан ұстап болса да, ел қарасына ілесуге жарады.
(Қ. Жұмаділов, Тағдыр)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
1. Жаны қалмау, асты - үстіне түсу, әлпештеу;
2. Жағымпаздану.
Мысалдар:
1. Жақсыменен дос болсаң,
Айрылмас күні қос болсаң,
Басыңа қиын іс түссе,
Алдыңнан шығар өбектеп,
Жаныңа не керек деп.
(Махамбет, Арғымақтан туған қазанат)
2. Құнанбайдың күтіп тұрғанын көріп, өбектеп, қамшыланып асыға жүріседі.
(М. Әуезов, Абай жолы: 1 том)
3. Өзегім от боп күйгенмен,
Өбектеп мені кім сүйсін?
(М. Мақатаев, Өзіме)
4. Дегенмен олар да намысқа тыртысып, өбектеп ердің қасынан ұстап болса да, ел қарасына ілесуге жарады.
(Қ. Жұмаділов, Тағдыр)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

1. Алға бастаушы көсем, шешен; 2. Сайрағыш құстарға қатысты айтылатын сөз.

Күш - қуат, әл, дәрмен, жігер. Мысалдар: 1. Онда көп: ноғай, қазақ, сарт пен сауан, Қайтқан жоқ бұ жалғаннан біздің тауан!

1. Мезгіл, мерзім, кез, уақыт, уақ; 2. Жарық, сәуле, нұр; Айдың, күннің, жұлдыздың айналасын қоршаған сәуле.

Қу, айлакер, әккі. Мысалдар: 1. Тайтұяқ алма күміс төбеңдегі, Қой жайғыш бая қуып тақыс шалдың Ұстады қойын, тоның шөгелдегі.

Көркем сөздің құдіреті: Ындын Түпкі мақсат, ниет, пиғыл, пейіл, діт, месел, көңіл.

Мансұқ 1) Жоққа шығару, жаратпау, бас тарту, тәрк ету (көбіне етістік тудырушы сөздермен тіркесіп қолданылады); 2) Жарамсыз, қолдануға жарамайтын.