ойын сауық отауы
Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа
20.02.2021 618 0 Admin

Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа

Әңгімелер
Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа
Аралық дәнекер, келістіруші, мәмілеші, бітім жасаттырушы.
Мысалдар:
1. Жемісті сайдың бойында,
Бітуажа мен болып,
Қауыстырдым қызыңды
(Батырлар жыры)
2. Ел мен ел арасы түгілі, ру мен ру арасындағы дауды тыю үшін де талай перзент бітуажа боп кетпеуші ме еді...
(Ә. Кекілбайұлы, Елең - алаң)
3. Жігіт әкесін кекетіп, мысқылдап сөйлеуді шығарды. Жоқ жерден ілік тауып, ұрсысуды үдетті. Кемпір байғұс екі араға бітуажа болып, шыр - пыр.
(Ү. Жалеке, Екі әйел)
4. Бұл кеңестің міндеті өкпелі жұрттың көңілін бітіріп, ағайын арасындағы араздық отын сөндіру екен. Барша халықты ырза қылу кімнің қолынан келсін. Бітуажа ойлайтын азамат басы да санаулы.
(З. Шүкіров, Сыр бойы: 1 кітап)
5. Ол қатені Григорянның өзіне ғана айтып көрсетпек. Соған Ибаштан бітуажа, ара ағайын болып, Григорянмен кездестіруді өтінеді.
(Ә. Спан, Ибаш Жанболатова)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Көркем сөздің құдіреті: Ындын Көркем сөздің құдіреті: Ындын
Көркем сөздің құдіреті: Ындын Түпкі мақсат, ниет, пиғыл, пейіл, діт, месел, көңіл.
Көркем сөздің құдіреті: Құзар Көркем сөздің құдіреті: Құзар
Құзар 1. Асу бермес биік, асқар, заңғар; 2. Құз, шың.
Көркем сөздің құдіреті: Безбендеу Көркем сөздің құдіреті: Безбендеу
Жоспар, директивтер тәжірибеге, ғылымға негізделсе, оның орындалуы творчествоға негізделген. Ешбір Иванның яки Байжанның творчестволық қуаты
Көркем сөздің құдіреті: Мимырт Көркем сөздің құдіреті: Мимырт
Мимырт Жай, шабан, баяу, жайбасар, марғау. Мысалдар: 1. Қазақ халқы бұдан былай керуен аяңымен мимырт көшпеді. Бәйгіге ат қосқандай жосылта дамып,
Көркем сөздің құдіреті: Мансұқ Көркем сөздің құдіреті: Мансұқ
Мансұқ 1) Жоққа шығару, жаратпау, бас тарту, тәрк ету (көбіне етістік тудырушы сөздермен тіркесіп қолданылады); 2) Жарамсыз, қолдануға жарамайтын.
Көркем сөздің құдіреті: қунау Көркем сөздің құдіреті: қунау
Қунау 1) Демалу, тынығу; 2) Ширау, қуаттану, бой сергіту; 3) Жайнау, жадырау.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×