ойын сауық отауы
Көркем сөздің құдіреті: Құзар
27.01.2021 1 231 0 Admin

Көркем сөздің құдіреті: Құзар

Әңгімелер
Көркем сөздің құдіреті
Құзар

1. Асу бермес биік, асқар, заңғар;
2. Құз, шың.
Мысалдар:
1. Сол әскер суды өрлеп талай жүрді,
Судың басы бір құзар шатқа кірді.
 (Абай, Ескендір)
2. Оның құзар қиясынан бір құстың шарылдаған дауысы естілді, Сәтжан көп тыңдады.
 (С. Бегалин, Бала Шоқан)
3. Бір ғажайып құзар - шыңды нұсқап ең,
Өзіміздің Алатаудай биік ол...
 (Ж. Нәжімеденов, Ұстаз)
4. Құзар тауда біз адасып келеміз,
Бір жылынып, бір суынып денеміз.
 (М. Мақатаев, Адасқанда)
5. Қырымның құзар биігі – Ай - Петридің қос шыңына ұқсайтын бұл екі алыптың арт жағында жас терек жапырақ жайып тұр.
 (Ә. Нұршайықов, Алтын соқпақ)
6. Мекен етіп көкшіл теңіз, көкшіл аспан ортасын,
Тұрмын басып құзар таудың қына басқан жартасын.
 (Ә. Кекілбайұлы, Теңіз жағасындағы ой)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Көркем сөздің құдіреті: Безбендеу Көркем сөздің құдіреті: Безбендеу
Жоспар, директивтер тәжірибеге, ғылымға негізделсе, оның орындалуы творчествоға негізделген. Ешбір Иванның яки Байжанның творчестволық қуаты
Көркем сөздің құдіреті: Мимырт Көркем сөздің құдіреті: Мимырт
Мимырт Жай, шабан, баяу, жайбасар, марғау. Мысалдар: 1. Қазақ халқы бұдан былай керуен аяңымен мимырт көшпеді. Бәйгіге ат қосқандай жосылта дамып,
Көркем сөздің құдіреті: Қотару, сақи сөздерінің мағынасы Көркем сөздің құдіреті: Қотару, сақи сөздерінің
ҚОТАРУ 1) Сұйық затты бірден аудара құю; 2) Тез ішу, жұта салу; 3) Аудару, тәржімелеу (линг.).
Көркем сөздің құдіреті: Мансұқ Көркем сөздің құдіреті: Мансұқ
Мансұқ 1) Жоққа шығару, жаратпау, бас тарту, тәрк ету (көбіне етістік тудырушы сөздермен тіркесіп қолданылады); 2) Жарамсыз, қолдануға жарамайтын.
Көркем сөздің құдіреті: қунау Көркем сөздің құдіреті: қунау
Қунау 1) Демалу, тынығу; 2) Ширау, қуаттану, бой сергіту; 3) Жайнау, жадырау.
Mалдық сана туралы мұң Mалдық сана туралы мұң
Біздер қашан арыламыз дүлей - шампа күдіктен? Ең дұрысы, адамдығы еңкейгеннен қорыққан. Көп жыл бұрын Гималайдың баурайында жүріп мен Бір жолбарыс
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×