ойын сауық отауы
Көркем сөздің құдіреті: Далда
13.11.2022 490 0 Admin

Көркем сөздің құдіреті: Далда

Әдебиет
Көркем сөздің құдіреті: Далда
1. Қағаберіс, ық;
2. Қалқа, таса, көлбегей.
Мысалдар:
1. Сирек талдың арасына шала жасырынып, далдалап тұрып, Ербол қыстауы жаққа көз тастады.
(М. Әуезов, Абай жолы: 1 том)
2. Мұқаш қаттырақ аяңдап, қораның далдасына түсуге асықса да, шекпенін жамылып, аяғының басына кебіс іліп, дәретке шыққан молданың бір көзін жұмып, сығырая қарауынан құтыла алмады.
(Ж. Аймауытов, Ақбілек)
3. Шоқанды әке - шешесі де, Уәлінің өзге ұрпақтары да кішкене күнінен далдалатып ерке ғып өсірген.
(С. Мұқанов, Аққан жұлдыз)
4. Бір серейген жартастан келіп Сарманқұл далда тапқандай отыра қалып, дүрбісін қолына алды.
(С. Бегалин, Уақыт кезеңдері)
5. Киіз үй, шатыр дегенді білмейді, тоқтаған жерінде ағаш қиып, салдау көтеріп, күрке тігеді, онысын бұтақпен, қабықпен қамсап, далда жасайды.
(М. Мағауин, Шыңғысхан)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Көркем сөздің құдіреті: Кенде Көркем сөздің құдіреті: Кенде
1. Тапшы, мұқтаж, зәру; 2. Кем, аз.
Көркем сөздің құдіреті: Өбектеу Көркем сөздің құдіреті: Өбектеу
1. Жаны қалмау, асты - үстіне түсу, әлпештеу; 2. Жағымпаздану.
Көркем сөздің құдіреті: Тауан Көркем сөздің құдіреті: Тауан
Күш - қуат, әл, дәрмен, жігер. Мысалдар: 1. Онда көп: ноғай, қазақ, сарт пен сауан, Қайтқан жоқ бұ жалғаннан біздің тауан!
Көркем сөздің құдіреті: Қырбай Көркем сөздің құдіреті: Қырбай
1. Қырғи қабақ, дүрдараз, араз; 2. Икемсіз, ебедейсіз. Мысалдар: 1. Абай әңгiменi алғаш өзi ойлаған жаққа бұрды. – Сол менiң әкеммен қырбай боп
Көркем сөздің құдіреті: Тақыс Көркем сөздің құдіреті: Тақыс
Қу, айлакер, әккі. Мысалдар: 1. Тайтұяқ алма күміс төбеңдегі, Қой жайғыш бая қуып тақыс шалдың Ұстады қойын, тоның шөгелдегі.
Көркем сөздің құдіреті: Ындын Көркем сөздің құдіреті: Ындын
Көркем сөздің құдіреті: Ындын Түпкі мақсат, ниет, пиғыл, пейіл, діт, месел, көңіл.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×