ойын сауық отауы
Көркем сөздің құдіреті: Ындын
07.02.2021 1 110 0 Admin

Көркем сөздің құдіреті: Ындын

Әңгімелер
Көркем сөздің құдіреті: Ындын
Түпкі мақсат, ниет, пиғыл, пейіл, діт, месел, көңіл.
Мысалдар:
1. Ындын қойып тыңдасаң сарнағанын,
Сақтанбасаң алғандай ақылды ұрлап.
Мұңлы қоңыр дауысы шықса зарлап,
Ықтиярсыз кетеді бой шымырлап.
 (Ш. Құдайбердіұлы, Еңлік - Кебек)
2. Ындыным нені сүйеді? Ішімдегі дауысым мені қайда шақырады? Менің “мендігімді” сыртқа шығаратын ең басым, күшті ыңғайым, талабым қайсы?
 (Ж. Аймауытов, Неге арналсаң, соны істе!)
3. Серуендеп бүлдіргенге қыз - келіншек,
Ындыны – бір - бірінен қалмау - дағы.
 (І. Жансүгіров, Игілік)
4. Шалға басын шайқап, көзін қысты. Сарыбала онысын сезіп қалды. Үшеуінің де ындыны көрініп тұр: екеуінікі алсам, біреуінікі — бермесем.
 (Ғ. Мұстафин, Көз көрген: Жиырмасыншы әңгіме)
5. Ындын құрып, өзегі әбден талғанда,
Жалқау бабам жалбаң қағып барды аңға
 (Ә. Кекілбайұлы, Бағзы бабаларға ода)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Көркем сөздің құдіреті: Құзар Көркем сөздің құдіреті: Құзар
Құзар 1. Асу бермес биік, асқар, заңғар; 2. Құз, шың.
Көркем сөздің құдіреті: Безбендеу Көркем сөздің құдіреті: Безбендеу
Жоспар, директивтер тәжірибеге, ғылымға негізделсе, оның орындалуы творчествоға негізделген. Ешбір Иванның яки Байжанның творчестволық қуаты
Көркем сөздің құдіреті: Мимырт Көркем сөздің құдіреті: Мимырт
Мимырт Жай, шабан, баяу, жайбасар, марғау. Мысалдар: 1. Қазақ халқы бұдан былай керуен аяңымен мимырт көшпеді. Бәйгіге ат қосқандай жосылта дамып,
Көркем сөздің құдіреті: Қотару, сақи сөздерінің мағынасы Көркем сөздің құдіреті: Қотару, сақи сөздерінің
ҚОТАРУ 1) Сұйық затты бірден аудара құю; 2) Тез ішу, жұта салу; 3) Аудару, тәржімелеу (линг.).
Көркем сөздің құдіреті: Мансұқ Көркем сөздің құдіреті: Мансұқ
Мансұқ 1) Жоққа шығару, жаратпау, бас тарту, тәрк ету (көбіне етістік тудырушы сөздермен тіркесіп қолданылады); 2) Жарамсыз, қолдануға жарамайтын.
Көркем сөздің құдіреті: қунау Көркем сөздің құдіреті: қунау
Қунау 1) Демалу, тынығу; 2) Ширау, қуаттану, бой сергіту; 3) Жайнау, жадырау.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×