ойын сауық отауы
Көркем сөздің құдіреті: Тауан
22.10.2021 826 0 Admin

Көркем сөздің құдіреті: Тауан

Әңгімелер
Көркем сөздің құдіреті: Тауан
Күш - қуат, әл, дәрмен, жігер.
Мысалдар:
1. Онда көп: ноғай, қазақ, сарт пен сауан,
Қайтқан жоқ бұ жалғаннан біздің тауан!
(Мәшһүр Ж. Көпейұлы, Бұхара сапары)
2. Ар жақтан тауаны қайтып, бар пәлені бастарынан атқарып келе жатқан Дондағұл мен бірнеше саудагерді ортаға алған. Паром жүріп кеткенше солардан жайдың бәрін білді.
(М. Әуезов, Абай жолы: 4 том)
3. Менің сені сүюім — өзіме таңдаулы, тауанды махаббат. Ұзақ өмірдің сүю сарыны сияқты.
(І. Жансүгіров хаттарынан [18. 04. 1932])
4. Бүгінгі ауыл жастарының оқуға деген ынтасын әлденеше жерде көріп, осылардың маңдайы қағылып, тауаны қайтпай тілеген оқуларына түсетін күн де туды.
(С. Бегалин, Замана белестері)
5. Бірақ әскерінің үштен бірі қарсы жаққа өтіп кетіп, қалғандарының да тауаны қайтып тұрған Байыр - Мөңке ноян табан тіреп соғыса алмады.
(Қ. Жұмаділов, Дарабоз)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Көркем сөздің құдіреті: Мұқалу Көркем сөздің құдіреті: Мұқалу
1. Өткір заттың жүзі қайырылу, майырылу, тұқылдану; 2. Беті/меселі қайту, сағы сыну; әлсіреу. Мысалдар: 1. Алмас қылыш қанша мықты болғанмен де, қара
Көркем сөздің құдіреті: Әлет Көркем сөздің құдіреті: Әлет
1. Мезгіл, мерзім, кез, уақыт, уақ; 2. Жарық, сәуле, нұр; Айдың, күннің, жұлдыздың айналасын қоршаған сәуле.
Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар
Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар 1. Шама, мөлшер, уақыт; болжам; 2. Мұрша, әл, мүмкіндік.
Көркем сөздің құдіреті: Қырбай Көркем сөздің құдіреті: Қырбай
1. Қырғи қабақ, дүрдараз, араз; 2. Икемсіз, ебедейсіз. Мысалдар: 1. Абай әңгiменi алғаш өзi ойлаған жаққа бұрды. – Сол менiң әкеммен қырбай боп
Көркем сөздің құдіреті: Тақыс Көркем сөздің құдіреті: Тақыс
Қу, айлакер, әккі. Мысалдар: 1. Тайтұяқ алма күміс төбеңдегі, Қой жайғыш бая қуып тақыс шалдың Ұстады қойын, тоның шөгелдегі.
Көркем сөздің құдіреті: Құзар Көркем сөздің құдіреті: Құзар
Құзар 1. Асу бермес биік, асқар, заңғар; 2. Құз, шың.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×