ойын сауық отауы
Қазақ әдебиеті әлемінен
25.09.2024 52 0 Admin

Қазақ әдебиеті әлемінен

Әдебиет
Қазақ әдебиеті әлемінен
Альбомдық лирика – лирикалық жанр. Алғаш орта ғасырлардағы француз поэзиясында пайда болған. Бұл жанрға жататын өлеңдерге тән басты қасиет – сыршылдық, нәзік сезімге берілу. Бұл сипат оңаша, өзімен - өзі болып оытырп сыр шерту, көлденең адамға білдірмейтін ішкі сезімді, жүрек сырын қағазға жазудан келіп шыққан. Кейін Франциядан бүкіл Еуропаға тарайды. Альбомдық лириканы әуесқой ақындар да көп қызқтаған. Қазақ поэзиясында альбомдық лирика түріне жақын келетін өлеңдер біршама. Мысалы, М. Жұмабаевтың арнау өлеңдері.
Анаграмма (грек. аna – қайта, gramma – әріп) – аты - жөніндегі әріптер орнын алмастыру арқылы жайылған бүркеншік ат. Мысалы, орыс жазушысы Антиох Кантемирдің Харитон Макентан деген бүркеншік аты болған. Сол сияқты қазақ ақындары Мұзафар Әлімбаевтың «Мәлім», Нұрсұлатн Әлімқұловтың «Ән» деген лақап аттары бар.
Ананим – бүркеншік аттың бір түрі. Құрастыру жолы: кісі есімі әдеттегідей бас әріптен соңына қарай оқылған түрде емес, керісінше, аяқ жағынан кері қарай оқылған сипатта жазылған. Мысалы, орыс мысалшысы Иван Крылов кейбір шығармаларын Нави Волырк деген атпен жариялап отырған.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Қазақ әдебиеті әлемінен Қазақ әдебиеті әлемінен
Аллоним (грек. allos – бөтен, бөгде, onyma – есім) – қаламгерлердің өз аты - жөнін мүлде қолданбай, автор ретінде өзге бір есімді бүтіндей иеленуі.
Қазақ әдебиеті әлемінен Қазақ әдебиеті әлемінен
«Ақбала мен боздақ» – көне салт айтысы. Он бір буынды қара өлең үлгісімен айтылатын айтыс, бірін - бірі сүйген екі жас Ақбала мен Боздақтың
Қазақ әдебиеті әлемінен: Азаматтық лирика, азат жол Қазақ әдебиеті әлемінен: Азаматтық лирика, азат
Азаматтық лирика – лирикалық поэзияның әлеуметтік мәселелерді қозғайтын үлкен бір саласы. Қазақ әдебиетіндегі азаматтық лирика түрлеріне Абайдың, С.
Жан тыныштығына арналған уақыт Жан тыныштығына арналған уақыт
Мүлгіген тыныштықта жалғыз өзіңіз өткізетін уақыт сіздің өміріңізде маңызды орын алады. Бұл ерекше кезеңді рухани дамуға, Жаратқан мен жаратылыс
Қазақ әдебиеті әлемінен Қазақ әдебиеті әлемінен
«Абылай хан» - тарихи жыр. Жыр Қытайдың Шыңжаң аймағында тұратын қазақтардың арасында кең таралған. Авторы белгісіз
Халық күнтізбесі: Ай аттары Халық күнтізбесі: Ай аттары
Көкек. Бұл ай көкектің алғаш шақыра бастайтын айы болғандықтан, осылай аталған. Көкек айын чулымдықтар қарғи ай, барабалықтар қарға ай, саяндықтар
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×