ойын сауық отауы
Береке, бірлік – қамалдың басы... Төле Әлібекұлы
08.01.2024 265 0 Admin

Береке, бірлік – қамалдың басы... Төле Әлібекұлы

Әдебиет
Бабадан қалған асыл сөз
Береке, бірлік – қамалдың басы... Төле Әлібекұлы (1663 - 1756 ж. ж.)
Қазақ шешендік өнерінің тарихындағы ерекше тұлға төле би Әлібекұлы қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойындағы Жайсаң жайлау деген жерде дүниеге келген. Ел - жұртының тыныштығын көздеп, салиқалы саясат жүргізе білген көреген көсем туралы «Бүтін билікке Төле би жеткен» деген сөз бар. Әз Тәуке ханның «Жеті жарғысын» жасауға қатысып, «Билер кеңесінің» мүшесі болған. Қазақ хандығының тұтастығы жолында күрескен Төле би өз заманындағы зерделі де сауатты қайраткер болған. Оның әділдігіне, парасаттылығына тәнті болған жұрты «Қарлығаш би» деп атаған.
Тегімді менің сұрасаң,
Дулаттан тарап өрбіген
Жаныстан шыққан Төле едім.
Араздасқан ағаны
Тату етсем деп едім.
Береке – бітімі елімнің,
Құдіреті мен қасиетін
Асқар етсем деп едім.
* * *
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын
Өзі біліп тұрса игі.
Жаудан бұққан немені,
Ортасынан қуса игі!
* * *
Арғымақ баптап не керек,
Жабы қуып жеткен соң.
Ағайын - туған не керек,
Аңдысып күні өткен соң.
Бес күн жалған өтеді,
Ажал қуып жеткен соң,
Бір төбенің басына
Тыға салып кеткен соң.
«Сөйле, Төке» дейсіздер,
Жастар бар ма тыңдайтын?
Брынғыдай жұрт қайда,
Айтатын оны біз қайда?..
* * *
Іздеп келер інің бар болса,
Бақытың барын содан біл.
Аңсап келер ағаң бар болса,
Аруағың барын содан біл.
* * *
Аларды біліп, бермегеннен без,
Ел - жұрты қашып, ермегеннен без.
Үйіне қонақ қонбағаннан без,
Көптің айтқанына болмағаннан без!
* * *
Атың жақсы болса,
Ер - жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Қызың жақсы болса,
Жайқалып өскен құрағы...
* * *
Жалғандай ойлап тұрсаң бірлік керек,
Бірлікті ойлаған соң тірлік керек.
Ағайынға ала көз бола қалсаң,
Аузыңнан несібеңді біреу жемек.
* * *
Бейбіт елде – сән бөлек, бүлінген елде – дау бөлек.
Тұсау – ат сақтайды, ат – ер сақтайды, ер – жер сақтайды.
* * *
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің баласы бол.
Бір елдің баласы болма,
Бар елдің дана сы бол.
* * *
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім.
Ұқпасқа айтқан сөз жетім,
Көре алмаған көз жетім.
* * *
Өзіңе - өзің кәміл бол,
Халқыңа әділ бол,
Жауыңа қатал бол,
Досыңа адал бол.
* * *
Тәңірге құйса дария
Суының мол болғаны.
Ел билеген ер жігіт
Сыйласа халқы құрметтеп,
Басына бақыт қонғаны.
* * *
Бірлігі мықты ел болса,
Барлығы түгел бауыр - ды.
Отқа иелік болмаса,
Жеріңді өрт шалады.
Әділ билік болмаса,
Халқыңды дерт алады.
* * *
Ұрпағыңа үлгі етіп,
Батырыңды жырлап өт,
Жерлеп жеңсе жауыңды.
Астыңа берсе алтын тақ,
Еліңнің саған сенгені.
Береке - бітім жолын тап.
Күштің бетін баста деп,
Қолыңа тізгін бергені.
* * *
Лауазымың өссе зорайып,
Адалдықты тұншықтырсаң сол айып.
Елді билеп өскеніңнен не пайда,
Рақатыңды көрмесе, ағайын мен халайық.
* * *
Жүзге бөлінгендердің жүзі қара,
Руға бөлінгендердің құруға асыққаны.
Атаға бөлінгендер адыра қалады,
Көпті қорлаған көмусіз қалады.
Хан азса, халқын сатады,
Халық азса, хандыққа таласады!
* * *
Жаныңа батса білерсің
Қасиетін саулықтың.
Елің тозса білерсің,
Азабы мен қасіретін
Араздасқан жаулықтың.
* * *
Береке - бітім келмедің
Әз Тәукенің кезінде,
Қазақтан туған асылдар
Өнеге болар ұрпаққа
Әйтеке мен Қазыбек
Әділін айтқан ер еді.
Терезем тең боп солармен,
Елімнің биік төрінен
Оын алған Төле едім.
Береке - бітім болғанда
Еңсесі биік ел едім.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Шешендік сөздер: Ел баласы екенсің Шешендік сөздер: Ел баласы екенсің
Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылымына бұдан көп жыл бұрын үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласыпты.
Шешендік сөздер: Төле бидің төрінде Шешендік сөздер: Төле бидің төрінде
Сөзге жаңа ғана араласып, билік айтуға талаптанып жүрген үш жас жігіт сәлемдесіп, жүз көрісіп әрі ой жарыстырмақ ниеттермен Төле бидің үйне келе
Қасқа көл дауы Қасқа көл дауы
Төле би, Әйтеке би, орта жүз Ормамбет би үшеуі Қасқа көл деген келге талас, даулы болады. Төле мен Әйтеке жастары шамалас, ал Ормамбеттің жасы кіші
Данагүл. Қазақ тарихындағы әйелдер Данагүл. Қазақ тарихындағы әйелдер
Данагүл Төле бидің келіні екенін көзі қарақты адамдардың барлығы біледі. Ол шамамен 1720 - 1790 жылдар аралығында өмір сүрген. Әкесінің есімі –
Төле би Әлібекұлы Төле би Әлібекұлы
Аллаға жағайын десең Азанды бол, балам! Халыққа жағайын десең, Қазанды бол, балам!
Төле бидің Қазыбек биге берген батасы Төле бидің Қазыбек биге берген батасы
Атасызға ата бол! Батасызға бата бол! Арып - ашқан ғаріптің, Жел жағына жота бол!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×