ойын сауық отауы
Абайдың хакімдігі: «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?..»
08.01.2024 154 0 Admin

Абайдың хакімдігі: «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?..»

Әдебиет
Абайдың хакімдігі: «Осы жұрт ескендірді біле ме екен?..»
Ескендір тақырыбы, былайша айтқанда, Абай заманының өзінде - ақ әбден жауырланған көне әңгіме еді. Шығыс пен Батыста бірінде Ескендір, бірінде Александр болып көптеген шығармаларға өзек болған. Осындай жағдайда Ескендір туралы тағы бір шығарма жазудағы Абайдың мақсаты не еді? Белгілі әңгімені қайталап, поэма «құрастыру» - ақынға жат дәстүр. Талғампаз, мұраты биік ақын кішігірім нәрсеге мән бермесе керек - ті. Өзге шығармалары сияқты бұл поэма да ақынның жүз ойланып, мың толғанғанынан туғаны анық. Сонда ақынның сана төркінідегі жетекші ой не болды екен? Осы ақын «жұмбағын» шешу үшін поэманың тұңғыш жолына назар салайық: «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» - жол соңында сұрақ белгісі. Демек, Абай көңілі бір нәрсеге күпті. Логикалық тәсілді қолданып, «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» дегенді мынандай мазмұн арқылы қарастырсақ: «Осы жұрт Ескендір туралы шындықты біле ме екен?». Бұдан Ескендір туралы көп шындықтың болғаны айқындалады. Алайда ақынға Ескендір туралы өзге шындықтардың қажеті жоқ, оған жұрт білетін шындық қажет. Абай «жұрт» дегенде әлем халықтарын емес, нақтылы өз халқын айтып отыр. Бұл жерде екі мәселенің басы ашылғалы тұр. Біріншіден, Ескендір туралы жұртта (қазақ халқында) қандай шындық бар, екіншіден, осы шындық неліктен ақынды қанағаттандырмайды? Егер халық санасындағы Ескендір туралы шындық Абайды қанағаттандырса, ол поэмасын «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» деген сұрақтан басатмас еді. Осы екі мәселеге қысқаша тоқталмақпыз.
Ескендір туралы шындық жұрт (халық деген мәнде) санасына негізінен екі жолмен келіп қалыптасқан. Бірі ислам дінімен байланысты болса, екіншісі Шығыс поэзиясы арқылы енген.
Ислам дінінде, атап айтқанда, Құранда Ескендір пайғамбарлар санатында. Діни кітаптарда: хадис, тәпсірлерде Ескендірді Зұлқарнайын немесе «Қос мүйізді» деп мифтік персонажға айналдырған. Ескендірдің Құранға қалайша пайғамбар болып енгені бөлек әңгіме, ал оның Зұлқарнайын немесе «Қос мүйізді» атануы туралы мынандай аңыз бар.
Ескендір жан - жағына соғыс ашып, көрші елдерін жаулап ала басатғанда, өзін халықтарды бұрын қанап келген патшалардан азат етуші деп лақап таратады. Осы лақапқа Мысыр басшылары сеніп, оны көптеген жылдар бойы елді билеп келген ирандықтардан азат етуші деп қарсы алады. Бірақ ол үшін Ескендір қан жағынан Мысыр перғауындарына туыс болуы шарт еді. Көп ұзамай ондай қауесет те тарап кетеді. Ескендір Филипптің баласы емес екен. Македония патшасының ханымы олимпиадамен күйеуі Филипп үйде болмаған күні Мысыр құдайы Амонның (Амон Ра) кейпінде Мысыр перғауыны Нектанеб ІІ жолығысады. Ескендір сонда туған болса керек. Осылай заңдастырылғаннан кейін Ескендірді құдай етіп, оған Зұлқарнайын деген атақ берген. Себебі Мысыр құдайы Амон Раның қос мүйізі болған деседі. Қалыптасқан дәстүр бойынша, ол кезде Мысырға перғауын болған адам – Күннің баласы, яғни Амон Раның баласы. міне, осы атақпен Ескендір діни аңыздарда орын алған. Осы сюжетке құрылған ел ішінде аңыздар, ертегілер көп.
Діни тұрғыдан келсек, Ескендір жағымды персонаж. Ол – пайғамбар, ол – әулие, ол – әділ патша. Міне, халық санасында Ескендір бейнесі өткен ғасырда осындай мәнде болған.
Тарихи парадкстің бірі Ескендір парсылармен соғысып, олардың діни орындарын талқандауына қарамастан, діни аңыздарда ол Иран патшасы Дарий ІІІ Кломанның баласы болып шығады. Сонымен, не керек, қысқаша айтқанда, Ескендір діни кітаптарда тарихи тұлға ретінде бейнеленген.
Ескендір өзін құдай, пайғамбар саауы ислам діні түгіл христиан діні қалыптаспаған кезден бұрын болған. Ол жөнінде Лұқпанның «Александр немесе жалған пайғамбар» деген еңбегінде де мағлұмат бар. Бұл еңбек шамамен жыл санауымыздың 150 - 180 жылдары жазылған.
Ескендірдің құдай, пайғамбар атануы ислам дінінен бұрын болғанмен, бізге оның Зұлқарнайын болып жетуі кейінгі әңгіме.
Абай осы шындыққа наразы болып отыр. Ол Ескендірді пайғамбар деп мойындамақ түгіл, оның адамшылығын сынға алған:
Филипп патша баласы ер көңілді,
Мақтансүйгіш, қызғаншақ адам екен, -
дейді.
Абайдың баяндауынша, Ескендір мақтаншақ, қызғаншақ, бұл пайғамбарға лайықты немесе құдай сүйетін қылықтар емес. Мұндай адамнан жирену керек. Міне, Абайдың сыншылдығы осы жерде, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ тұрмысмындағы ауылда жатып алып қалыптасқан «шындыққа» қарсы шығу дегеніміз осал шаруа емес. Мұндай «ғайбат сөз» үшін кезінде талай ғұламалар жаза тартқан. Абай болса халық санасына түбегейлі өзгеріс енгізуді мақсат еткен. (жалғасы бар) 

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Абайдың хакімдігі «Осы үш сүю болады имани гүл...» Абайдың хакімдігі «Осы үш сүю болады имани гүл...»
Абай – «мұсылмандық», «иман» деген ұғымдарға терең талдау жасаған ойшыл. Оны осы «үш сүю» деген түсінік арқылы қарастырайық. Ақынның айтып отырған
Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...» Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де
Абай Платонның: «Сократ маған дос, бірақ одан ақиқат зор», - дегеніндей, өзі мұсылман бола тұрып, діни сана ауқымынан шығарлық ой айтқан. Себебі ол –
Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...» Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де
Абай өз замандастарын да, кейінгі ұрпақ – біздерді де Алла туралы жеңіл әңгімеден аулақ болуға шақырған. Абай ұғымында ол «ақылға» сыймас шындық,
Патша мен Қайыршы Патша мен Қайыршы
- Уа, падишам. Мен сізге екі сүйек берейін, бірі патшанікі, бірі қайыршынікі, соның қайсысы кімдікі екенін ажырата аласыз ба?- дейді. Ескендір қарап
Ескендір Ескендір
Осы жұрт Ескендірді біле ме екен? Македония шаһары – оған мекен. Филипп патша баласы, ер көңілді, Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.
Жыр - ошақ Жыр - ошақ
Күмілжіп, күйің келмей тұр ма, жаным?.. Қояйын бір сапырып жыр қазанын. Біле ме жұрт, білмей ме, бимағұлым, Тарғыл тасты таулардың бір қазағын.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×