ойын сауық отауы
Абайдың хакімдігі «Осы үш сүю болады имани гүл...»
11.10.2023 230 0 Admin

Абайдың хакімдігі «Осы үш сүю болады имани гүл...»

Әдебиет
Абайдың хакімдігі «Осы үш сүю болады имани гүл...»
Абай – «мұсылмандық», «иман» деген ұғымдарға терең талдау жасаған ойшыл. Оны осы «үш сүю» деген түсінік арқылы қарастырайық. Ақынның айтып отырған бірінші сүюі:
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Яғни, әңгіме Алла тағаланы сүю туралы. Екіншіден:
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп.
Мәселе бүкіл адам баласын дініне, тіліне, түр - түсіне қарамай сүю керек, үшіншіден: Алланы, адамзатты сүю дәстүрін хақ жолы, әділеттілік деп, әділеттілікті сүю дейді. Осы үш сүюді ақын имани гүл дей келе, ойын былайша өрбітеді:
Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ,
Баст байла жолына, малың түгіл, -
дейді.
Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс,
Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.
Бастапқы үшін бекітпей соңғы төртті,
Қылғанменен татымды бермес жеміс.
Абай – діннің дүниетанымдық болмысын тереңдеп, бойлап түсіндірген ойшыл. Ол – қағидаға сеніп, соған сай қызмет етпеген жан. Не нәрсе болсын ақылына, оның өмірге қажеттілігіне, өміршеңдігіне қатты назар салған. Абайда қазақтардың бодандыққа түсіп, ойлары ноқталанған заманның өзінде өзге халыққа, дінге деген наразылық жоқ. керісінше, адамдардың кең түсіністігін аңсауы, биік ізгілікке құмарлығы бар.
Абай мұсылмандыққа, дінге адамдық өлшеммен келген. Ол адамға қажетті істің бәрін – мұсылмандық, адамға қарсы әрекеттің бәрін – дінсіздік санаған. 

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Абайдың хакімдігі: «Қаны қара бір жанмын, жаны жара» Абайдың хакімдігі: «Қаны қара бір жанмын, жаны
Абай заманы, өзі, тұстастары туралы шындықты ашық айтқан. Өзі туралы көңілінің тоқ кезі – тек жастық шағы. «Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ», - деп
Махаббатпен жаратқан адамзатты.. Махаббатпен жаратқан адамзатты..
Алла – ислам дінінде құдай есімі, Алланы сүюге насихаттаушылар Абайға дейін де көп болған. Ақынның мәселе қойысы өзгеше, ол сен Алланы адамзатты
Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...» Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де
Абай Платонның: «Сократ маған дос, бірақ одан ақиқат зор», - дегеніндей, өзі мұсылман бола тұрып, діни сана ауқымынан шығарлық ой айтқан. Себебі ол –
Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...» Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де
Абай өз замандастарын да, кейінгі ұрпақ – біздерді де Алла туралы жеңіл әңгімеден аулақ болуға шақырған. Абай ұғымында ол «ақылға» сыймас шындық,
Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...» Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де
Қазақ топырағында Абайға дейін Алланы тану мәселесімен шұғылданған ойшылды жыға білмейміз. Өздерін сопылармыз деп атаған тақуалар (әулиелер) да «Алла
Алланың өзі де рас, сөзі де рас Алланың өзі де рас, сөзі де рас
Алланың өзі де рас, сөзі де рас Рас сөз ешуақытта жалған болмас. Көп кітап келді алладан, оның төрті Алланы танытуға сөз айырмас.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×