ойын сауық отауы
Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...»
23.10.2022 501 0 Admin

Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...»

Дін
Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...»
Абай өз замандастарын да, кейінгі ұрпақ – біздерді де Алла туралы жеңіл әңгімеден аулақ болуға шақырған. Абай ұғымында ол «ақылға» сыймас шындық, сондықтан ол Алла мен Адам арасындағы жалғастырушы күш – махаббат деген тоқтамға келген.
Дененің барша қуаты
Өнерге салар бар күшін.
Жүректің ақыл суат
Махаббат қылса Тәңірі үшін.
Алланың растығын Абай махаббат арқылы дәлелдемек болған, оның «Махаббатсыз дүние бос» дейтіні де сондықтан.
Сонымен жалған болмайтын рас не дегенге Абай ол Алланың өзі және сөзі дейді. Бұл мәнде «рас» - болмыстың синонимі. Әлемдегі рас, ол – болмыс. Болмыс еш уақытта жалған болмақ емес. Абай дүниетанымында Алла – шындық. Демек, шындық рас болса, Алла да рас. Шындық дегеніміз, қарапайым тілмен айтсақ, өмір, яғни өмірде бар екеніміз, істеген ісіміз, сөйлеген сөзіміз рас болса, онда Алланың сөзі мен өзі де рас. Қысқасы, шындықты мойындау – Алланы мойындау. Бұл – Абай гуманизмінің көзі. Алла ісіне мойын ұсынып, мұсылман болудың Абай айтқан шарты – адамға адамшылық жасау.
Алла ішімді айтқызбай біледі, ойла,
Бендесіне қастықпен кінә қойма.
Распенен таласпа мү’мин болсаң,
Ойла, айттым, адамдық атын жойма!..
Үшінші жолдағы «Распенен таласпа...» деп отырғаны – ақынның Алла сөзіне күмәнданба дегені, себебі Алла жолына түссең адам атыңды жоймайсың. Алла жолында болсаң адамдықтан шықпайсың. Абай сонымен Алланы абсолют шындық ретінде ұсынады, ал оның сөзін жеткізушілер туралы өзгеше пікірде. Ол: «Замана, шаруа, мінез күнде өзгереді, оларға кез - кезімен нәби (пайғамбар) келді». Міне, осы тұста Абай өзі айтқан Алла жол мен пайғамбар жолының айырығына келді. Нәбилер келеді, кетеді, ал Алла – мәңгілік. Нәбилердің келіп - кетуінің себебін Абай мәңгілік өзгеріс үрдісі тұрғысында түсіндірген. Замана, шаруа, мінез болғандықтан үнемі өзгеріп отырады. Мұқағали айтқандай: «... кереметті өзгертіп кереметтер, керемет шақ тағы да кез келеді». Өзгермейтін – бір Алла, ол – абсолют. Өзгеретін – оны танушылар, оның құдіретіне бас июшілер. Адасатын Алла емес, адамдар.
Енді «Алланың сөзі де рас...» деген мәселеге нәдһбилерге қатысты тоқтала кетейік. Алла «еш жерде өзгермейтін» мәңгілік рас қалпында қалса, онда неге бірінен соң бірі нәбилер келмек? Ойлану керек. Өлеңнің бірінші, екінші жолдарында Абай: «Алланың өзі де рас, сөзі рас. Рас еш уақытта жалған болмас», - деп шегелеп тастайды да, үшінші шумақта «Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді, Оларға кез - кезімен нәби келді», - дейді. Қайшылық бар ма? Әрине, бар. Бірақ бұл – сырт көзге ілінер қайшылық. Мәселенің мәніне үңілсек, былай болып шықпақ. Алланың сөзі ешқашан өзгермек емес, бірақ замана, шаруа, мінез өзгереді. Сол өзгерістерге сай «өлшемді сөзбен» кез - кезіне орай нәби келеді. Егер әр пайғамбар сөзі мәңгілік болса, ол нәби емес, Алла болғаны. Нәбилер – Алла сөзін жеткізушілер. Сондықтан қайшылық Алла сөзінде емес, нәбилер сөзінде. Тағы қайталаймыз, пайғамбарлар сөзі шектеулі.
Мөлшерсіз, өлшемсіз, шектеусіз – тек Алла сөзі, қалғандардың сөздерінің бәрінің белгілі мөлшері бар. Зерделесек, ақын: «Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ», - дейді. Алла туралы оның растығынан өзге сөз айтудың еш қажеті жоқ. Ол мінсіз, әңгіме осымен аяқталу керек. Пайғамбарға мұндай мінездеме беруге болмайды. Абай оны «хақ» дейді, себебі ол – Алла сөзін сөйлеуші, бірақ ол да өз кезегімен, Алла әмірімен келген, олай болса оның да өзгеге кезек беруі ғажап емес. Абай Рас мәселесінде діни сана шеңберінде қалмай, оны тереңдете түскен. Әрине, «соңғы пайғамбар» деп аталған Мұхаммедке (с. а. с.) мұндай күдік туғызу – біреулер үшін діннен шығушылық. (жалғасы бар)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі


Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...» Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де
Қазақ топырағында Абайға дейін Алланы тану мәселесімен шұғылданған ойшылды жыға білмейміз. Өздерін сопылармыз деп атаған тақуалар (әулиелер) да «Алла
Құранда аталған уақыт түрлері Құранда аталған уақыт түрлері
Құранда ең көп «күн» сөзі кездеседі және уақыт ұғымынан пәк болған Алла Тағаланың құзырында да «күннің» бар екендігі айтылып өтіледі: «Раббыларыңның
Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу сатысы Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу
Рухани жетілу сатысындағы толық адамдардың басқалардан екінші айырмашылығы – олардың өмірлерінің түпкі мақсаты. Толық адамдардың мақсаты – Түп Иеге
Күнді уақыт итеріп Күнді уақыт итеріп
Күнді уақыт итеріп Көк жиектен асырса, Көлеңке басын көтеріп, Алысты көзден жасырса
Алланың өзі де рас, сөзі де рас Алланың өзі де рас, сөзі де рас
Алланың өзі де рас, сөзі де рас Рас сөз ешуақытта жалған болмас. Көп кітап келді алладан, оның төрті Алланы танытуға сөз айырмас.
Алла деген сөз жеңіл Алла деген сөз жеңіл
Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз қол емес. Ынталы жүрек, шын көңіл, Өзгесі хаққа жол емес.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×