ойын сауық отауы
Қазақ әдебиеті әлемінен
24.11.2024 12 0 Admin

Қазақ әдебиеті әлемінен

Әдебиет
Қазақ әдебиеті әлемінен
«Әлім» – дастан. Авторы Досымхан Төлебаев туралы ешбір дерек жоқ. Он бір буынды қара өлең үлгісімен жазылған дастан бір - бірін сүйген екі жастың махаббаты туралы. Шығармадағы оқиға ақ пен қызыл боп шайқасқан азамат соғысы кезінде болады да. Баттал деген байдың қызы Рәзияның кедей баласы Әлім аралығындағы махаббат иірімдері арқылы өрбиді. Дастан Баттал байдың опасыздығы нәтижесінде екі жастың өлімімен аянышты аяқталады. Жыр идеясы сүйгеніне қосыла алмаған қыз тағдыры арқылы әйел теңдігі мәселесін көтеріп, жастарды өз теңіне қосу. дастан толық емес, бұрын еш жерде жарияланбаған, түпнұсқасы Орталық ғылыми кітапхана қорында сақтаулы.
«Әмет батыр» – Мұрын жырау жырлаған «Қырымның қырық батыры» эпостық жырының жеке батырлар цикліне енетін жыр. Толық нұсқасындағы жырды Мұрын жыраудың айтуынан 1948 ж. И. Ұйықбаев жазып алған. Басынан аяғына дейін 7 - 8 буынды жыр үлгісімен шығарылған. Алаудың жолын қуып батыр болған Әметтің ел қорғау жолындағы ерлік істері баяндалады. Жырдың басты идеясы – отанды жаудан қорғау, ел бірлігін уағыздау болса, екінші жағынан ислам дінінің әсері де қылаң береді. «Әмет батыр» жыры алғаш рет «Қазақ халық әдебиеті» көп томдығының 12 - томында (1990) жарияланды. Бұдан басқа батыр туралы халық ертегісі негізінде шығарылған ертегі – дастан да белгілі. 7 - 8 буынды жыр үлгісіндегі «Әмет» дастанын жинаушы Ғ. Ахметұлы ел аузынан жазып алған. Ф. Ғатауов Орталық ғылыми кітапхана қорына тапсырған. Дастанның басты кейіпкері Әмет жеріне адал, отансүйгіш, аңғал батыр бейнесінде суреттеледі, ел билеушілердің опасыздығы әшкереленеді. Шығарма нұсқасы Орталық ғылыми кітапхана қорында сақтаулы.
Ән өлеңі – музыкалық әуенмен айтылуға лайықталған сөз өнерінің бір түрі. Ән өлеңі халықтық және әдеби болып екіге бөлінеді. Халықтық деп кім шығарғаны белгісіз ән өлеңдерін айтады. Мысалы: «Жайдарман», «Жиырма бес», т. б. Ән өлеңдерінің екінші түріне авторы белгілі шығармалар жатады. Мысалы: «Сегіз аяқ», «Бойы бұлғаң», «Жанбота», «Ақсиса», «Құлагер», «Ардақ», «Айнамкөз», «Қаракесек», «Майра», «Қорлан», «Гәкку», «Жас қазақ», «Ақ маңдайлым», т. б. Әдебиеттануда зерттелетн сал - серілер өнернамасы, негізінен, олардың ән өлеңдерінен тұрады. Абайдың, Мағжанның әуені мен сөзі егіз өрілген. Ән өлеңдері – ұлттық поэзиямызға да, ұлттық музыкамызға да олжа салған туындылар. С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, С. Мұқанов, Н. Шакенов, М. Әлімбаев, Т. Молдағалиев, Қ. Шаңғытбаев, т. б. ән өлеңдері жұртшылыққа кеңінен мәлім.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Қазақ әдебиеті әлемінен Қазақ әдебиеті әлемінен
«Ақбала мен боздақ» – көне салт айтысы. Он бір буынды қара өлең үлгісімен айтылатын айтыс, бірін - бірі сүйген екі жас Ақбала мен Боздақтың
Қазақ әдебиеті әлемінен Қазақ әдебиеті әлемінен
«Айсара - Шолпан» – ғашықтық дастан. 1946 жылы Тіл және әдебиет институты ұйымдастырған фольклорлық экспедиция Ақмола, Көкшетау өңірінде болғанда
Батырлар жыры: Манашұлы Тұяқбай Батырлар жыры: Манашұлы Тұяқбай
"Манашұлы Тұяқбай" - Мұрын жырау жырлаған "Қырымның қырық батыры" эпосының жеке батырлар цикліне жататын батырлық жыры. 756 жолдан тұратын жырда жау
Қазақ әдебиеті әлемінен Қазақ әдебиеті әлемінен
«Бөген б атыр» – батырлық жыр. Жырды І. Нұрмағамбетов 1930 ж. ел аузынан жазып алып, 1935 ж. қазіргі Әдебиет және өнер институтына тапсырған.
Қазақ әдебиеті әлемінен: Айқап журналы Қазақ әдебиеті әлемінен: Айқап журналы
«Айқап» – қоғамдық - саяси және әдеби журнал. 1911 - 1915 ж. ж. Троицк қаласында айына бір рет, кейін екі рет шығып тұрды. Оның 88 саны 1000 - 2000
Қазақ әдебиеті әлемінен Қазақ әдебиеті әлемінен
«Абат батыр» - «Қырымның қырық батыр» топтамасына енетін эпостық жыр. Жыр ел аузында аңыз, әңгіме түрінде сақталған. Асан қайғының ұлы Абат батырдың
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×