ойын сауық отауы
Қазақ әдебиеті әлемінен
11.10.2023 163 0 Admin

Қазақ әдебиеті әлемінен

Әдебиет
Қазақ әдебиеті әлемінен
«Айсара - Шолпан» – ғашықтық дастан. 1946 жылы Тіл және әдебиет институты ұйымдастырған фольклорлық экспедиция Ақмола, Көкшетау өңірінде болғанда көкшетаулық жергілікті халық ақыны Сатыбалды Аймағанов жырлап беріп, Бозтай Жақыпбаев қағазға түсірген. Негізгі тақырыбы – бай қызы Айсара мен жалшы, сал - сері, батыр Шорман аралығындағы сүйіспеншілік сезімдері. Бас бостандықтары жолында жастардың құрбан болып, арманда кетуі шынайы суреттеледі. Жыр бұрын ешқайда жарияланбаған. Толық нұсқасы Орталық ғылыми кітапхана қоры мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтіндер бөлімінде сақтаулы.
«Айсаұлы Әмет» – көне аңыз. Аңыз кейіпкері Айсаұлы Әмет жас кезінде Алтын Орда ханы Жәнібектің қарамағында қызмет істеп, кейін оған бағынбай қырға шығып кетеді. Аңызда «Жәнібек хан аңға шыққанда Әмет оның қызын алып қашады. Хан аңнан оралған соң болған оқиғаны біліп, қыз бен жігітті іздетеді, бірақ таба алмайды. Екі жыл өткен соң, қыз жүкті болып әкесіне хабар береді. Жәнібек Алау бастаған үш жүз кісіні қырға жібереді. Олар қайтпай сонда тұрып қалады. Жәнібек өлген соң, Әмет Бердібекке келіп қосылады. Ханның жарты жұртын билейді». Халық жадында сақталған бұл аңызды Орынбордағы Неплюев корпусының оқытушысы С. Кукляшев жазып алған. Осыған ұқсас аңыз Қадырғали Жалайырдың «Жами ат - тауарих» кітабында да кездеседі. Мұнда Әмет пен Сәмет хандар ретінде баяндалады. 14 - ғасырдың 2 - жартысында Ақсақ Темірмен жауласып жүрген кезде екеуі де қаза табады.
Айтуар Үсенұлы (1780, Атырау обл. Махамбет ауд. Зауральный мекені – 1854, сонда)  би, шешен. Баймағамбет сұлтанның бас кеңесшілерінің бірі болған. Ел аузында «Айтуар айтқан екен» дейдітн шешендік сөздер аз емес. Әсіресе, Дәулетқали төре мен шеркеш Тұрлан батыр арасындағы қақтығысты шешудегі төрелік, билік сөзі халық жадында сақталған.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Қазақ әдебиеті әлемінен Қазақ әдебиеті әлемінен
«Ақбала мен боздақ» – көне салт айтысы. Он бір буынды қара өлең үлгісімен айтылатын айтыс, бірін - бірі сүйген екі жас Ақбала мен Боздақтың
Қазақ әдебиеті әлемінен Қазақ әдебиеті әлемінен
«Бөген б атыр» – батырлық жыр. Жырды І. Нұрмағамбетов 1930 ж. ел аузынан жазып алып, 1935 ж. қазіргі Әдебиет және өнер институтына тапсырған.
Қазақ әдебиеті әлемінен: Айқап журналы Қазақ әдебиеті әлемінен: Айқап журналы
«Айқап» – қоғамдық - саяси және әдеби журнал. 1911 - 1915 ж. ж. Троицк қаласында айына бір рет, кейін екі рет шығып тұрды. Оның 88 саны 1000 - 2000
Қазақ әдебиеті әлемінен Қазақ әдебиеті әлемінен
«Абылай хан» - тарихи жыр. Жыр Қытайдың Шыңжаң аймағында тұратын қазақтардың арасында кең таралған. Авторы белгісіз
Қазақ әдебиеті әлемінен Қазақ әдебиеті әлемінен
«Абат батыр» - «Қырымның қырық батыр» топтамасына енетін эпостық жыр. Жыр ел аузында аңыз, әңгіме түрінде сақталған. Асан қайғының ұлы Абат батырдың
Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім
Ноғайлының ханы Жәнібек халықты жинап: - Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады? – деп сұрапты. Жиналған халық көп дағдарып: - Үш
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×