ойын сауық отауы
Батырлар жыры: Манашұлы Тұяқбай
23.09.2023 317 0 Admin

Батырлар жыры: Манашұлы Тұяқбай

Аңыздар
Батырлар жыры: Манашұлы Тұяқбай
"Манашұлы Тұяқбай" - Мұрын жырау жырлаған "Қырымның қырық батыры" эпосының жеке батырлар цикліне жататын батырлық жыры.
756 жолдан тұратын жырда жау қолынан қаза тапқан Манашы батырдың баласы Тұяқбай бастаған қазақ батырларының бірлесе қимылдап, қалмақтарды жеңуі, ата кегін алуы сөз болады.
"Манашұлы Тұяқбай" жырының негізгі идеясы мен тақырыбы - сыртқы жауға қарсы бірлесе күш жұмсап, елін, жерін аман сақтау. Жыр - сол замандағы Ноғайлы билерінің арасында болған алауыздықты сынай отырып, тату болуды үндейтін ұрпақтарды үлгі етеді де, ортақ жауды жеңуге бірлік керек екендігін уағыздайды.
Мұрын жырау бұл жырды Қашаған, Нұрым жыраулардан үйренген. 1942 жылы Алматы қаласында Мұрын жырау айтуынан жазып алынған бұл жыр нұсқасы толық, 7 - 8 буынды жыр үлгісінде құрылған.
Жыр композициясы зұлымдық пен ізгілік, ездік пен ерлік сияқты шиеленіскен драмалық сарындарға құрылған, сюжет желісі бай. Мұрын жыраудан жазып алынған жыр нұсқасы "Батырлар жырының" 2 - томында (1961), "Қазақ халық әдебиеті" көптомдығының 12 - томында (1990) жарияланған.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Қазақ әдебиеті әлемінен Қазақ әдебиеті әлемінен
«Бөген б атыр» – батырлық жыр. Жырды І. Нұрмағамбетов 1930 ж. ел аузынан жазып алып, 1935 ж. қазіргі Әдебиет және өнер институтына тапсырған.
Қазақ әдебиеті әлемінен: Айқап журналы Қазақ әдебиеті әлемінен: Айқап журналы
«Айқап» – қоғамдық - саяси және әдеби журнал. 1911 - 1915 ж. ж. Троицк қаласында айына бір рет, кейін екі рет шығып тұрды. Оның 88 саны 1000 - 2000
Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа
Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа Аралық дәнекер, келістіруші, мәмілеші, бітім жасаттырушы. Мысалдар: 1. Жемісті сайдың бойында, Бітуажа мен болып,
Мұрын көтеру Мұрын көтеру
Жармас басты тұқырту, Негізсіз дер ме мұнымды, Көкжиек болдым жұрт құрлы, Көтеріп көке мұрнымды.
Қазақ қызына әзіл Қазақ қызына әзіл
Шолақ айдар, шөп желке, Бауырсақ мұрын, бүйрек бет, Былқ-сылқ етіп жүргенде, Ойламайсың ба үйрек деп?!
Сырық мойын, біз мұрын Сырық мойын, біз мұрын
Сырық мойын, біз мұрын, Шіркін, тұздай көзіңіз. Қыт-қытындай тауықтың Құйылып тұр сөзіңіз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×