Қазақ әдебиеті әлемінен
Әдебиет
Қазақ әдебиеті әлемінен
«Бөген батыр» – батырлық жыр. Жырды І. Нұрмағамбетов 1930 ж. ел аузынан жазып алып, 1935 ж. қазіргі Әдебиет және өнер институтына тапсырған. Жырдың негізгі идеясы – халық арасынан шыққан Бөген мен оның ұлы Тұрғын батырларды ел қамқоры, қорғаны етіп көрсету. Жыр екі томдық «Батырлар жырының» 2 - томына енген (1951). Жыр нұсқасы Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы.
Бунақ – өлең жолының ырғақтық құрылысы жағынан жекеленген бір бөлшегін құрайтын буындар тобы; сөз өлшемі, ырғақтық пауза (кідіріс). Өлеңнің әр жолы екі, үш, төрт буынды бунақтарға бөлінеді. Мысалы, он бір буынды өлең жолы үш бунақтан тұрады. «Қалың елім қазағым қайран жұртым» (Абай). Сондай - ақ, жеті буынды тармақ екі бунақтан, бұдан аз буынды тармақтар бір бунақтан тұрады. Бунаққа жіктелу түркі тілдес халықтар поэзиясына, соның ішінде қазақ өлеңіне тән құбылыс.
Бүкпелеу – айтылатын ойды еркін және толық ақтарып тастамай, емеурінмен танытып, қысқаша қайыру, іркіліп сөйлеу немесе сыпайылап ишаратпен аңдату үшін қолданылатын стильдік тәсіл. Бүкпелеудің үлгісі ретінде А. Байтұрсынұлы Жарылғасынның мына өлеңін келтіреді: «Отыр ем бала ғой деп жүзің жарқын, Сөз – кілт, кеуде – сандық, ақыл – алтын. Ақылың көп болғанмен, шашың ұзын, Жібердің келістірмей сөздің артын».
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

«Әлім» – дастан. Авторы Досымхан Төлебаев туралы ешбір дерек жоқ. Он бір буынды қара өлең үлгісімен жазылған дастан бір - бірін сүйген екі жастың
Қазақ әдебиеті әлемінен
«Ақбала мен боздақ» – көне салт айтысы. Он бір буынды қара өлең үлгісімен айтылатын айтыс, бірін - бірі сүйген екі жас Ақбала мен Боздақтың
Қазақ әдебиеті әлемінен
«Айсара - Шолпан» – ғашықтық дастан. 1946 жылы Тіл және әдебиет институты ұйымдастырған фольклорлық экспедиция Ақмола, Көкшетау өңірінде болғанда
Батырлар жыры: Манашұлы Тұяқбай
"Манашұлы Тұяқбай" - Мұрын жырау жырлаған "Қырымның қырық батыры" эпосының жеке батырлар цикліне жататын батырлық жыры. 756 жолдан тұратын жырда жау
Қазақ әдебиеті әлемінен: Айқап журналы
«Айқап» – қоғамдық - саяси және әдеби журнал. 1911 - 1915 ж. ж. Троицк қаласында айына бір рет, кейін екі рет шығып тұрды. Оның 88 саны 1000 - 2000
Қазақ әдебиеті әлемінен
«Абат батыр» - «Қырымның қырық батыр» топтамасына енетін эпостық жыр. Жыр ел аузында аңыз, әңгіме түрінде сақталған. Асан қайғының ұлы Абат батырдың